Реферат Тақырыбы: Мидың құрылысы мен қызметі Орындаған: Қайржанова Айдана Логопедия 1 курс Тексерген



бет9/12
Дата31.12.2021
өлшемі43,9 Kb.
#23127
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Қыртыс асты аймағы
Қыртыс асты құрылымдары – бұл ми қыртысына ең жақын орналасқан сұр заттың жинақталуы. Пайда болған кезіне, құрылысына және маңызына қарай қыртыс асты құрылымдары әртүрлі болып келеді. Бұлардың ішінде ажыратылатындары: құйрықты ядро, жасымық дәні тәрізді ядро,қоршау тәрізді ядро және бадам тәрізді ядро. Құйрықты ядро алдыңғы ми көпіршігінен пайда болған, сондықтан ол шығу тегіне қарай ми қыртысына жақынырақ деп саналады. Жасымық дәні тәрізді ядро қабық пен бозғылт шарға бөлінеді. Құрылымдары жағынан бір-бірімен жақын болып келетін, сонымен қатар екеуі де салыстырмалы кеш қалыптасқан қабық пен құйрықты ядро бірігіп, стриатум (жолақ дене) деп аталады. Ал бозғылт шар (паллидум) – бұл ертерек қалыптасқан құрылым, ол жолақ дененің антагонисті. Паллидум қыртыс астының өте ескі құрылымы ретінде қызыл ядролармен тығыз байланысты болады. Олардан импульстарды мидың қыртыстан төмен орналасқан барлық бөлімдерінен жұлынның алдыңғы мүйізіне алып баратын экстрапирамидалық жол (Монаков будасы) басталады. Бұл шартсыз рефлекстердің жолы.

Жолақ дене мен бозғылт шар қосылып, стрио-паллидарлық жүйе құрайды. Бадам тәрізді ядро лимбикалық аймақпен тығыз байланысты. Қоршау тәрізді ядроның маңызы түсініксіз.

Қыртыс асты түйіндерінің құрылысы едәуір күрделі. Осылай, жолақ денеге ірі және ұсақ көп бұрышты жасушалар тән, бұл жасушалар хроматофильді цитоплазмасымен және дендриттерінің көптігімен ерекшеленеді. Бозғылт шардың құрылысында үшбұрышты және ұршық тәрізді жасушалар басым болады, сонымен бірге мұнда талшықты құрылымдар көп болады.

Қыртыс асты түйіндері бір-бірімен, сонымен қатар қыртыспен, аралық және ортаңғы мимен тығыз байланысты. Қыртыс асты түйіндерінің қыртыспен байланысы көру төмпешігі мен оның өткізгіш жолдары арқылы жүзеге асады. Кейбір зерттеушілер қыртыстың қыртыс асты түйіндерімен тікелей байланысы бар деп санайды.

Қыртыс асты түйіндері ақ затпен қоршалған, оның өзіндік дорба деген атауы бар. Ішкі, сыртқы және тысқы дорбалар ажыратылады. Дорбалар арқылы әртүрлі өткізгіш жолдар өтеді, олар қыртысты төмен орналасқан аймақтармен және тікелей қыртыс асты түйіндерімен байланыстырады. Жеке алғанда, қыртыстың ми мен жұлынның әртүрлі қабаттарымен байланысын қамтамасыз ететін пирамидалық жол ішкі дорба арқылы өтеді. Қызметтік жағынан қыртыс асты түйіндері еріксіз қимылдардың негізі болып, күрделі қозғалыс актілеріне қатысады. Олар сонымен қатар жоғарғы нерв қызметінің іргетасын қалайтын күрделі шартсыз рефлекстердің –тамақтану, қорғану, бағдарлау, жыныстық және т.б. – негізгі болып табылады. Бұл рефлекстердің әрқайсысы қаңқа бұлшық еттері арқылы жүзеге асады. Алайда бұл рефлекстердің барлығы тек қыртыс асты түйіндерінде ғана анық орын алады деп ойлау қате болар еді (Е. К. Cenn). Оның орналасуының құрылымы кеңірек болады, өйткені оған аралық және ортаңғы мидың басқа деңгейлері де қосылады. Қыртыс асты құрылымдарының вегетативті орталықтармен тығыз байланысы олардың вегетативтік қызметтердің реттеушісі болып табылатынын, эмоционалдық-көрнектілік, қорғаныш қозғалыстарын және автоматтық қимылдарды орындайтынын, бұлшық ет тонусын реттейтінін, дене қалпының өзгеруі кезінде көмекші қозғалыстарды анықтайтынын көрсетеді.

Қыртыс асты түйіндерінің қызметін зерттеуге И. П. Павлов зор көңіл аударған. Ол қыртыс астын қыртыстың аккумуляторы, қыртысқа нерв энергиясының қуатын беріп отыратын күшті энергетикалық негіз ретінде қарастырды. Сонымен бірге ол қыртыс асты түзілістері тек қана дөрекі нерв қызметін орындай алады және өте сезімтал ажырату мен жіктеуді орындауға қабілетті қыртыс тарапынан ылғи үздіксіз реттелуді қажет етеді деп санады.

Қыртыс пен қыртыс астының қарым-қатынасын сипаттай отырып, И. П. Павлов былай деп жазды: «Менің қыртыс қызметіне қатысты айтқанымның бәрін қорыта келе, айтуға болатын нәрсе, қыртыс асты бүкіл жоғарғы нерв қызметінің энергия көзі болып табылады, ал қыртыс осы соқыр күшке бағыт беріп, тоқтататын реттегіш қызметін атқарады».
Өз бетінше дайындық сұрақтары:

  1. Қыртыс асты құрылымдарын атап өтіңіз?


  2. Қыртыс асты құрылымдарының шығу тегін түсіндіріңіз?


  3. Стрио-паллидарлық жүйені не құрайды?


  4. Қыртыс асты түзілімдерінің қызметі қандай, олардың вегтативтік жүйемен байланысы қандай?


  5. Өзіндік дорба неден құралған, оның жіктелуі мен қызметі?


  6. Қыртыс асты түйіндері мен қыртыстың өзара қарым-қатынасына И. П. Павлов қандай сипаттама берді?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет