Өндірістік бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де
Өндірістік бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де, жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігі көбінесе оған байланысты болады. Өнеркәсіптің көптеген салаларында жұмысшылардың еңбегі микроклиматы жағымсыз келетін бөлмелерде өтеді. Осыған байланысты жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігін болжаудыңбазалық негізі ретінде микроклиматты құраушы негізгі заңдылықтарын, организмнің термо бейімделуін, профилактика жолдарын гигиеналық бағалау міндеттері әрқашанда өзекті болып келеді.
Микроклиматты зерттеуде маңызды гигиеналық міндеттерді шешуде салмақты үлесті А.А. Летавет, Г.Х. Шахбазян, Н.Ф. Галанина, А.Н. Ажаев, Н.К. Витте, Б.Б. Койранский, Ф.М. шлейфман, И.С. Кондрор, В.И. Кригагин, Р.Ф. Репин. т.б. ғалымдар қосты.
2. НЕГІЗГІ ТЕРМИНДЕРІ, ТҮСІНІКТЕРІ ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАРЫ
1. Микроклимат – шектеулі кеңістіктегі физикалық факторлардың (ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалыс жылдамдығы, сәулелі жылу) кешені мен құралатын және организмнің жылулық алмасуына әсер етуші, қоршаған ортаның жылулық жағдайы.
2. Организмнің функциональдық жағдайы – организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасын, оның тіршілігін және іскерлігін көрсетуші физиологиялық жүйелердің сипаттамаларының жиынтығы.
3. Жылулық комфорт – адамның организміне жағымды жағдайы жасалған, белгілі бір метеорологиялық жағдайлардағы адамның жайлы ахуалы.
4. Адамның жылулық бейімделуі – нейрогуморалдық реттеу механизмінің жұмысын жаңашадан ұйымдастыру, жүрек-тамыр жүйесінің, тер бөлужәне басқа жүйелердің функцияларын қарқындату арқылы жылу беру тиімділігін қамтамасыз ететін организмнің термореттеуін оңтайландырушы физиологиялық процесс, бұл процессте адамның көңіл-күйі жақсарып, денсаулығы сақталып, іскерлігі жоғарылайды.
5. Жылу өндіруі – ол үздіксіз жүруші экзотермиялық реакциялардың салдары.
6. Химиялық термореттеу- жылу өндіру деңгейін өзгерту арқылы, яғни организмнің клеткаларында зат алмасу процесстерінің қарқындығын күшейту немесе азайту арқылы жүргізіледі.
7. Физикалық термореттеу – жылуды беру қарқындығын өзгерту арқылы жүргізіледі.
8. Жылу сезу – (жалпы және локальды жылу сезуі де) өзінің ообъективті жылулық жағдайына жеке қатынасын көрсетеді.
9. Адамның жылу беруі – адамның денесінің беті мен қоршаған ортаның арасындағы жылу алмасуы, яғни тіршілік процессінде бөлінген жылудың организмнен қоршаған ортаға өтуі.
10. Адамның жылулық жағдайы – ол «ядрода» (адам денесінің терең қабаттары) және «қабықшасында» (беткі қабаты) жылудың мөлшері мен таралуы
Достарыңызбен бөлісу: |