Реферат Тақырыбы: Микроклиматтық еңбек шарттарының гигиена нормаларына әсері Пәні: Еңбекті қорғау Тексерген


ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ



бет8/14
Дата05.04.2023
өлшемі50,48 Kb.
#79599
түріРеферат
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
stud.kz-94688

ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Ауаның температурасы - өндірістік ортаның, әсіресе технологиялық процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты жылуды көп бөлетін цехтарындағы микроклиматты анықтаушы басты факторларының бірі болып саналады. Осындай өндірістердің мысалы болып металлургия (домналық, конвейерлік, мартендік, электрлік болат балқыту, прокаттық цехтары), машина жасауда (құю цехтары, ұсталық, термиялық цехтары), тоқыма (текстиль), резиналық, түсті металлургия, тағам өнеркәсіптеріндегі бірқатар өндірістері, құрылыс материалдарын жасау өндірісі саналады.
Аталған цехтардағы өндіріс бөлмелеріндегі ауа жабдықтар мен материалдардың ысыған беттерінен жылуды конвекциялық беру нәтижесінде ысиды. Жоғары температура жылу электростанцияларының кейбір бөлмелерінде, және де терең жерасты кендерін шығару орындарында болады.
Бірқатар өндірістер ауаның төмен температурасымен сипатталады. Мұндай жағдайлар жылдың қым мерзімдерінде жылытылмайтын жұмыс бөлмелерінде (элеваторлар, қоймалар, тоңазытқыш камералары), және де ашық ауада жұмыс істеуінде байқалады.
Ауаның ылғалдылығы – ондағы су буларының мөлшері-абсолюттік, максимальды және салыстырмалы түсініктермен сипатталады.
Абсолюттік ылғалдылығы – су буларының парциалдық қысымында (Па) немесе белгілі көлемдегі салмақ бірілігінде (г/м3) беріледі.
Максимальды ылғалдылығы – осы температурада ауаның толық қанығуындағы ылғалдың мөлшері.
Салыстырмалы ылғалдылығы – пайызда (%) берілген, абсолюттік ылғалдылықтың максимальдікке қатынасы. Максималды және абсалютті ылғалдылықтың арасындағы айырмасы қанығ дефициті деп қаралады.
Өндірістік бөлмелердегі ауаның ылғалдылығы технологиялық процесстік сипатына байланысты қатты өзгеруі мүмкін. Ылғал бөлуші көздері бар (су немесе су ерітінділері бар ашық сиымдылықтар) бірқатар өздірістерінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-100% жетуі мұмкін. Осындай өндірістерге тоқыма өнеркәсібінің бояу-өңдеу цехтары, машина жасау зауыдтарының гальваникалық цехтары, тау-кен өндірісіндегі жерасты бөлмелері жатадыү


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет