Реферат Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің жəне басқада агрохимикаттардың



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата05.12.2023
өлшемі258,46 Kb.
#134518
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Топырақтану сөж

Қоршаған орта. 
 
Қоршаған орта
– адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи 
және антропогендік орта. Адамдар мен олардың 
шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер 
ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың 
жиынтығы. Адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік 
ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст. 


Қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның табиғи жағдайын 
жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи 
байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен 
қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған 
мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан 
Республикасында“Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 
жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті 
қамтамасыз етуге, шаруашылықжәне басқадай қызметтің табиғи 
экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, 
биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы 
пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан 
Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік 
тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың 
мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және 
табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы 
белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны 
басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы 
заңдарды Қазақстан Республикасының 
Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау 
туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да 
заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде 
Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы 
түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда 
табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек; Табиғатты қорғау. 
Қоршаған орта мәселелерімен шұғылданатын бірнеше 
халықаралық ұйымдар құрылған.
Олар: 

Қоршаған орта жөніндегі ғылыми к-ті (
СКОПЕ
, 1969 жылы 
құрылған), 

Қоршаған орта жөніндегі мониторингінің жаһандық жүйесі 
(1970), 

Қоршаған орта мен даму жөніндегі халықараралық 
институт(1971), 



Қоршаған орта мен даму жөніндегі бүкіл дүниежүзілік 
комиссия (1983), 

Қоршаған орта жөніндегі халықараралық ақпараттық жүйе 
(
ИНФОТЕРРА
, 1997), т.б. 
Бұлардан басқа әр құрлықта қоршаған орта жөніндегі алуан түрлі 
ғылыми-зерттеулер мекемелері, к-ттер, жүйелер, комиссиялар 
мен ин-ттар құрылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет