Реферат Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштардың, пестицидтердің жəне басқада агрохимикаттардың


Қоршаған ортаның агрохимиялық заттармен ластануы



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата05.12.2023
өлшемі258,46 Kb.
#134518
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Қоршаған ортаның агрохимиялық заттармен ластануы. 
Химиялық ластану
— қоршаған ортаныңтабиғи химиялық 
қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір 
заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей 


болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын 
заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі. 
Химиялық ластануға қоршаған ортада табиғи, табиғи – 
антропогенді және антропогенді немесе тіршілік ортада болып 
жатқан физикалық – химиялық процестер кезінде зиянды, улы 
заттардың пайда болуын жатқызамыз. Дамуы жоғары елдерде 
соңғы екі – үш онжылдықта қолданылған шараларға байланысты 
қоршаған ортаның химиялық ластануы екінші орынға түсіп, 
бірінші орынға радиактивті ластану шығып отыр. Біздің елімізді 
қоршаған ортаның химиялық ластану қаупі әлі де жоғары болып 
тұр. 
Қзіргі кезде химиктерге химиялық заттардың 4 – 5 млн түрі 
белгілі. Олардың саны жыл сайын 10% өсіп отырады. Адам 
организміне әр түрлі жолдармен (тамақпен, ауамен, сумен) түсіп 
тұратын организмге жат химиялық ластаушы 
заттарды 
ксенобиотиктер
(грек. ксенос – жат, биос - өмір) деп 
айтады. 
Жердің геосферасы бойынша атмосфераның, гидросфераның 
және литосфераның ластануын айтады. Қоршаған ортаның 
компоненттері мен ластану орындары бойынша химиялық 
ластануды келесі түрлерге бөледі: 
1) ауаның ластануы (мысалы, адамдар тұратын аймақтар, жұмыс 
істейтін жерлер); 
2) тұрмыстық және өндірістік бөлмелердің; 
3) жербетілік және жерасты суларының
4) топырақтың; 
5) тамақтың және т.б. 
Ортаның химиялық ластаушы көздерін мынадай үлкен топтарға 
бөлеміз: 
1) қоршаған ортаға сұйықтық, газды және қатты түрдегі 
өндірістік қалдықтарын шығаратын техникалық қондырғылар; 
2) ластанушы заттар шығаратын немесе оларды жинақтап, 
сақтайтын шаруашылықтар; 
3) ластаушы заттар келіп тұратын (трансшекаралық жылду) 
аймақтар; 
4) планетарлық ластануға әкелетін атмосфералық жауын – 


шашын, тұрмыстық, өндірістік және ауылшарушылық қалдықты 
сулар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет