1) Митоздық (пролиферациялық) цикл - жасушаның бөлінуге даярлануы, бөлінуі кезеңдерінде жасушаның құрылысы мен қызметінің және генетикалық материалдың құрылымдарының қайта түзелуі сатылы түрде өтетін, бір бірімен тығыз байланыста жүретін үдерістердің жиынтығы. Бұл цикл келесі кезеңдерден тұрады:
а) митоз – М; б) постмитоздық (пресинтездік) кезең – G1; в) синте здік кезең – S; г) постсинте здік (премитоздық) кезең – G2. Митоздық цикл кезеңдерінің сызбасы, сурет 1:
1. Постмито здық кезең (пресинтездік) кезең G1: - жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық; - митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады; - цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді; - РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды; - екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі); - жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с).