Реферат тақырыбы: Митоздың және Мейоздың медициналық маңызы



бет2/8
Дата16.01.2023
өлшемі352,35 Kb.
#61525
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Негізгі бөлім

1) Митоздық (пролиферациялық) цикл - жасушаның бөлінуге даярлануы, бөлінуі кезеңдерінде жасушаның құрылысы мен қызметінің және генетикалық материалдың құрылымдарының қайта түзелуі сатылы түрде өтетін, бір бірімен тығыз байланыста жүретін үдерістердің жиынтығы. Бұл цикл келесі кезеңдерден тұрады:

а) митоз – М;
б) постмитоздық (пресинтездік) кезең – G1;
в) синте здік кезең – S;
г) постсинте здік (премитоздық) кезең – G2.
Митоздық цикл кезеңдерінің сызбасы, сурет 1:



1. Постмито здық кезең (пресинтездік) кезең G1:
- жасуша құрылымдарының қайта түзілуі, жасушаның өсуі және ДНҚ репликациясына дайындық;
- митохондрияларда АТФ синтезделеді және жасушаға жинақталады;
- цитоплазмада ДНҚ-полимераза ферменті және барлық төрт азоттық негіздер (аденин, гуанин, тимин, цитозин),синтезделіп кариоплазмаға өтеді;
- РНҚ барлық түрлері мен ақуыздар синтезделеді және ядроға жинақталады, көлемі ұлғаяды;
- екі центриольдер репликацияланады (екі диплосомалар түзіледі);
- жасушада хромосомалар жиынтығы (2п) және ДНҚ мөлшері - диплоидты (2с).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет