Реферат тақырыбы: Митоздың және Мейоздың медициналық маңызы



бет1/8
Дата16.01.2023
өлшемі352,35 Kb.
#61525
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8




РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫБЫ: Митоздың және Мейоздың медициналық маңызы

ОРЫНДАҒАН: ТАГАЙБЕКОВА НАЗИРА БАХИТОВНА


ТЕКСЕРГЕН: Игисимова
г. АЛМАТЫ, 2022ж

Мазмұны
Кіріспе
Сомалық және жыныс жасушалардың бөлінуі.
• Негізгі бөлім

  1. Митоз

  2. Мейоз

  3. Митоз бен Мейоздың медициналық маңызы

Қорытынды

• Әдибеттер тізімі




Кіріспе

37 миллион. Бұл біздің бүкіл денемізді құрайтын жасушалардың саны. Біз бар болғаны 37 миллиард жасушаның арқасында, олар үйлестірілген түрде жұмыс істейді және дененің әр түрлі ұлпалары мен мүшелерін құруға маманданған, үздіксіз регенерацияда. Бұл тұрғыда жасушалардың бөліну процестері өте маңызды. Өмірдің кілті - жасушалардың әр түрлі ферменттер арқылы біздің генетикалық материалды көшіре алуында, яғни ДНҚ -ның көшірмелерін жасаушы жасушалардың пайда болуында. Маңыздылығын ескере отырып, митоз және мейоз ұғымдары бәрімізге таныс, екеуі де Тірі организмдегі жасушалардың бөлінуінің негізгі механизмдері. Біздің денеде (және жыныстық көбеюі бар барлық организмдерде) екеуі де орын алады.



Жасушаның бөлінуі - барлық тірі ағзалардың көбеюін және жеке дамуды қамтамасыз ететін биологиялық үдеріс. Жасушаның бөлінуі мүшелердің өсуін, зақымдалған ұлпалардың регенерациясын және көбеюді қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі және көбеюі жасушалардың пролиферациясы деп аталады. Трансформацияланбаған қалыпты жасушалардың бөліну мүмкіндігі шектеулі. Көп жасушалы ағзалардың жеке дамуының алғашқы сатысында екі түрлі бағыттағы жасушалар қалыптасады:
а) жыныс жасушалары, ағзалардың ұрпақ қалдыру қабілетін іске асырады. Олар мейоз жолымен көбейіп жетіледі;
ә) сомалық жасушалар, тірі ағзалардың тіршілігін қамтамасыз ететін ұлпалар мен мүшелердің дамуын қамтамасыз етеді. Олардың бөлінуі мен көбеюі митоз жолымен жүреді.
Жасушалық (тіршілік) цикл – бұл бастапқы жасушаның бөлінуінен пайда болған жасушаның қайта бөлінуіге түсу немесе өлуіне дейінгі тіршілік ету кезеңі.
Маманданбаған бағаналы жасушалардың митоздық циклы тіршілік циклына сәйкес келеді. Бағаналы немесе камби жасушалары (эпители, қан жасушалары), басқа да жасушаларға бастама береді, үнемі бөлініп отыратындықтанда олардың тіршілік циклын митоздық цикл деп қарастыруға да болады. Ағзаның барлық жасушалары жасушалық циклдың қандайда бір кезеңінде болады. Жасушалық цикл кезеңдері:
- митоздық цикл;
- жасушалардың жіктелуі, арнайы қызмет атқару кезеңі;
- қартаю және жасушаның жойылуы (өлімі).
Тіршілік циклының кезеңдерінің ұзақтығы жасушаның типтеріне байланысты әртүрлі болады. Үнемі жаңарып отыратын көптеген ұлпалар, мысалы, сүйектің қызыл кемігі, ішек эпителиі (80 % дейін) үнемі бөлініп отырады, митоздық циклда болады. Жасушалар бір тәулік ішінде әртүрлі уақыт аралығында бөлініп отырады, мысалы, тері жасушалары түнге қарай қарқынды бөлінетіндіктен де терідегі жараның жазылуын жылдамдататын дәрілік майды немесе тері ауруына тағайындалған тері майын кешке қарай жағу ұсынылады.

Сүтқоректілердің көптеген жасушалары жасушалық циклдың G 0 деп аталатын ерекше сатысында яғни жасушалардың жіктелу (дифференсация) сатысында болады. G1сатысынан кейін жасушаның бөлінуін іске қосатын гендер өшіріліп , керісінше G0 сатысы басталып жасушаның дифференсациясын қамтамасыз ететін гендер іске қосылады. Нейрон және кардиомиоциттер үнемі G 0 сатысында болады, ол жасушалардың бөліну тоқтайды және қайта жаңармайды. Бауыр жасушалары G 0 сатысында болады, зақымданған жағдайда мүше қайта G1 сатысына енеді де жасушалық цикл жалғасады (5-10 % -ы тоқтаусыз бөлінеді). ДНҚ репликациясынан кейін прокариот жасушалары теңдей екі бөлікке бөлінеді. Эукариоттардың ядросының құрылысының күрделілігіне байланысты жасушаларға генетикалық материалдың теңдей бөлінуі ерекше механизм арқылы іске асырылады. Эукариот жасушаларының бөлінуі екі сатыдан тұрады: кариокинез (ядроның) және цитокинез (цитоплазманың бөлінуі). Кариокинездің екі типі бар: митоз және мейоз. Ядроның бөлінуінен соң бірден жасушаның бөлінуі жүретіндіктен де бұл үдерісті тек жасушаның бөлінуі деп қана қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет