Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай. Қазақстан Республикасы нарықтық экономикада дамығандықтан, монополиялық бәсекелестік жетілмеген экономикалық күрес кездеседі. Қазақстан нарығында ірі монополистерге АҚ «АТКЕ», АГПО «Суканалы», ГКП «Алматы горгаз», «АПК», АО «Алматы аэропорты», ААҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Эйр Қаз.», «Қазақойл». 2002 жылы Антимонополиялық комитеттің шешімімен бюджеттің кіріс бөлігіне мемлекеттік тәртіпті бұзғаны үшін және монополиямен айналысып, антимонополиялық заң бағаларын бұзғаны үшін төленген айыппұл 115422595,7 теңге, оның 63032352,6 теңгесі бюджетке түсті. Бұны ұлғайту үшін заңға өзгерістер енгізу керек. «Сауда құралдарын жасау зауыты» мен жеке «Азап» кәсіпорындары электр энергиясын аз беріп және жоғары бағамен сатқанына байланысты комитет антимонополиялық заңды қолдана отырып, олардың іс-әрекетін қарап, оларға тоқтатылған өндіріс, экономикалық шығындар, жұмыскерлердің төленбеген жалақысын қайтаруды бүйырды. Ал «ЗапКаз энерго» кәсіпорны электрэнергиясын заңда көрсетілген тарифтерден жоғары бағамен сатқан. Баға дискриминациясы мен антимонополиялық зақды бұзу «Қазақстан әуе жолы» компаниясында кездесті.Онда шетелдік азаматтарға әуе билеттері қазақстандықтарға қарағанда бірнеше есе жоғарылап сатылған. Қазақстан Республикасындағы ең үлкен монополиялық қылмыс 1999жылдың наурыз айында болды. Ашық акционерлік қоғам Қазақстан Республикасында «Жастық тепло энерго» 1997 жылы антимонополиялық комитетке келіп түскен. Көптеген жерлерде кездескен үлкен қылмыс орын алды. Ол мемлекеттік мекемелердің өз қызметтері үшін көп көлемдегі ақша алуы болды. Сонымен бірге «Аптеба» кәсіпорнының тарифтерін көтеріп, салық жасырын, заңсыз 5252724,3 тенге табыс түсіргендігі анықталды. Ірі момнополиялық кәсіпорындарға жататын «KEGOC», «Қазақтелеком» және «Қазақойл» компаниялары өздерінің айналыс операциялары туралы міндетті есеп береді. Олар еңбекақы мен амортизациялық төлемдерге жұмсалатын шығындар мөлшерін ұлғайтып, құжаттарда нақты мәліметтерді дұрыс көрсетпегендіктен қызмет көрсетілімдеріне бағаны жоғарылатады. Антимонополиялық заңдар мен арнайы комитет болуына қарамастан қазіргі кезде көптеген қылмыстар жасалып жатыр. 2004 жылғы «Табиғи монополия және бәсекелестікті қорғау» агенттілігінің есебінде 18 млрд. тенге монополиялық кәсіпорындар мен ірі фирмалардан заңсыз түрде табыс түсірген. Агенттілік басшылары мұндай жағдайда: «Кәсіпкерлердің заңды білмеуімен, әдейі жасауымен» түсіндірді. 2003 жылы агенттілік жетілген бәсекелестікті қалыптастыруда 240 шаруашылық субъектілерінің қаржылық есебі мен халықаралық стандарттағы бухгалтерлік есеп мәліметтерін қарастырды. Қазақстанда монополияны әлсіретумен байланысты соттық реформа жетіліп жатыр. 2004 жылы әрә кәсіпорындар 169 соттық анықталуда болып, 12 шағымдық өтініштер қаралды. Оның енуі агенттілік жағына шешілді. Бірақ, Қазақстанда тек монополиялық қылмыс ғана емес, сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық та көбейіп барады. 2003 жылы 900 әкімшілік құқық бұзушылық болса, 2004 жылы олардың саны 1200-ден асады. Әсіресе көбейіп отырған жетілмеген бәсекелестікті дамыту әрекеті энергетикалық сектор, телекоммуникация, теміржол сияқты ірі кәсіпорындар да кездесіп отыр. Осындай ерекше сенімдерге байланысты «Табиғи монополия мен бәсекелестікті қорғау туралы» агенттілік 40-тан астам арнайы нормативті құқықтық актілерді дайындады. Ортамерзімді тарифтерге көшу монополияның бәсекелестікті болдырмау үшін қолданылатын әдіс. Энергетикалық өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың технологиялық мәлімет базасын құру, өңдеуді автоматтандыру жетілген бәсекелестікті қалыптастырып, оны дамыту, сол арқылы тарифтер мен бағалардың жоғарылауын (мемлекет бекіткен жоғарғы шегінен әрі қарай), ұсыныстың көлемдік азаюын болдырмау.