РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «
Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері »
Орындаған : Кеңес Дильназ
Курс: 1 курс
Факультет : Жалпы медицина
Тобы: 101 Б
Қабылдаған: Сугуржанова Г.А.
Мазмұны: КІРІСПЕ Негізгі бөлім 1. Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы 2. Сомалық және вегетативті жүйе 3. Нейрондар,Синапстар,Аксон,Дендрид 4. Нейрондар құрылым, қызмет, биохимиялық белгiлерiне орай жiктеледi 5. Қорытынды 6.Пайдаланылған әдебиеттер КІРІСПЕ Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден) тұрады.Омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады. Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31
жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы Орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, Орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде Орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.