Жоспар: I Кіріспе
1.1 Нейрон және орталық жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік
II Негізгі бөлім
2.1 Нейрондар және басқа да жасушалар
2.2 Нейронның құрылымы
2.3 Синапс және нейротрансмиттерлер
2.4 Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
I Кіріспе Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuron, neurokytos; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Жүйке жасушалары (нейроциттер) — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.
Униполярлы нейроциттер — жануарлар эмбрионында,
Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын түйіндерінде,
Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.
Мультиполярлы нейроциттердің бір өсіндісі - аксон, ал қалған өсінділері — дендриттер. Биполярлы нейроциттерде екі өсіндісінің біреуі дендрит, ал екіншісі аксон. Униполярлы нейроциттің бір өсіндісі аксон (нейрит), ал оның дендритінің қызметін перикарион атқарады. Қызметіне байланысты нейроциттер: сезімтал, байланыстырғыш, қозғалтқыш нейроциттер болып бөлінеді. Сезімтал жүйке жасушалары ми және жұлын түйіндерінде, қозғалтқыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесі мүшелерінде және вегетативтік жүйке жүйесінің түйіндерінде, байланыстырғыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесінде орналасады. Жүйке жасушаларының негізгі қызметі - жүйке толқындарын қабылдап, өңдеп, тиісті мүшелерге өткізіп, қарапайым және күрделі рефлекстерді іс жүзіне асыру.
Нейрон - жүйке жүйесінің негізгі құрылыстық блогы болып табылатын жүйке жасушасы. Нейрондар адам ағзасындағы басқа клеткаларға ұқсас, бірақ нейрондар мен басқа клеткалар арасында бір маңызды айырмашылық бар. Нейрондар ағзаға ақпарат беру үшін мамандандырылған.
Бұл жоғары мамандандырылған жүйке клеткалары химиялық және электрлік нысандарда ақпарат алмасуға жауапты.
Сондай-ақ, адам ағзасындағы әртүрлі тапсырмаларға жауап беретін бірнеше түрлі нейрондық түрлер бар.
Сенсорлы нейрондар сенсорлық рецепторлық жасушалардан миға дейінгі барлық ақпаратты береді. Қозғалмалы нейрондар мидан дененің бұлшықетіне ақпарат береді. Интерьорондар денеде әртүрлі нейрондар арасында ақпарат алмасуға жауапты.