Реферат tақырыбы: «Нейрондар. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері»



бет4/4
Дата27.02.2023
өлшемі55,67 Kb.
#70073
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат tа ырыбы «Нейрондар. Орталы ж йке ж йесін зерттеу т сі

Қорытынды.
Қорыта айтқанда жүйке тіні арнайы қызметтерді атқаратын тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, жүйке импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз ететін, бір-бірімен байланысты жүйке жасушалары немесе нейрондары мен нейроглияның жиынтығы.
Нейроглия жүйке тінінің қосымша аппараты болып саналады да маңызды қызмет атқарады. Бұл тін барлық тіндер мен мүшелердің реттелуін, олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін жүйке жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады.
Жүйке тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма алғашқыда қалыңдап – жүйке пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір-бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді. Осыдан жүйке түтігі пайда болады.
Жүйке түтігі эмбриогенездің алғашқы сатысында көп қатарлы нейроэпителий жасушаларынан тұрады. Бұларды вентрикулярлы жасушалар деп атайды. Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді. Бұл жасушалардың біразы дифференцияланып нейроциттерге, ал біразы глияльді жасушаларға айналады. Глияльді жасушаларға жататындар: эпендимиоциттер, астроциттер мен олигодендрациттер болып табылады. Сонымен жүйке тінінің құрамында екі компоненті болады. Олар жүйке жасушалары мен нейроглия.
Жүйке жасушаларының немесе нейрондардың ерекшеліктері – тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, тітіркену энергиясын жүйке импульсына айналдырып, оны әрі қарай орталыққа өткізу процесін қамтамасыз етеді. Ал, нейроглия болса, жүйке тінінің қосымша аппараты болып саналады. Тіректік, трофикалық, секторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады. Жүйке тінінің ең негізгі қызметі – ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі информацияларды қабылдап, оны сақтау, өңдеу. Сонымен қатар организмнің тіндері мен мүшелерін бір-бірімен байланыстырып, олардың қызметін реттеу болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н. Гистология, цитология и эмбриология: Учеб. для мед. вузов / М.: Медицинское информационное агентство, 2007. – 600 с.


2. Улумбеков Э.Г., Челышев Ю.А. Гистология, эмбриология, цитология: Учебник / М.: ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 408 с.
3. Абильдинов Р.Б., Аяпова Ж.О., Юй Р.И. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии /. – Алматы: Эффект, 2006. - 416 с.
4. Кузнецов С.Л., Мушкамбаров Н.Н., Горячкина. В.Л. Атлас по гистологии, цитологии и эмбриологии: Учеб. пос. для медвузов. / Астана: Астана-Bilding, 2005. - 400 с.
5. Юй Р.И., Абильдинов Р.Б. Атлас микрофотографий по гистологии, цитологии и эмбриологии для практических занятий.-Алматы,- 2010.-232 с.
6. Гарстукова Л.Г., Кузнецов С.Л., Деревянко В.Г. Наглядная гистология (общая и частная): Учеб. пос. для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2008. - 200 с.
7. Бойчук Н.В. и др. Гистология: Атлас для практических занятий / - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 160 с. 50
8. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология. Цитология: Учебник для студентов мед. вузов / М. : Мед. информ. агентство, 2006. - 456 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет