Реферат Тақырыбы: Несеп шығару жүйесі мүшелерінің жастық ерекшеліктері Орындаған: Абдирасил Әдемі Асқарқызы



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата08.12.2023
өлшемі196,72 Kb.
#134982
түріРеферат
1   2   3   4
Қуықтың құрылысы мен қызметі.
Қуық —
қуыс мүше. Оның сырты дәнекер және бұлшық ет ұлпаларынан тұрады. 
Сиымдылығы 300-800 мл. Қуықтың несеп шығатын жерінде сақина тәрізді бұлшық 
еттері күшті сфинктер (грек. сфинктер — қысып ұстайтын) бар. Бұл еттер жиырылып, 
қуықты аштырмай, несепті ұстап тұрады. 
Сфинктердің ашылуы еріксіз рефлекторлы түрде болады. Нәрестенің қуығының ішіне 
несеп жиналып, оның қысымы су бағанымен 12-15 см-ге дейін көтерілгенде қуықтың 
қабырғасындағы рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған қозу импульстері орталыққа 
тепкіш нервтермен жұлындағы және мидағы орталықтарға барады. Орталық жүйке 
жүйесінен орталықтан тепкіш нервтері арқылы қозу қуыққа келеді де, қуықтың 
қабырғасындағы еттері жиырылады, сфинктер еті босайды, содан соң қуық ашылады. 
Ересек балаларда несептің сыртқа шығуы ерікті рефлекс тәртібімен жүреді. Өйткені 
несеп шығару рефлексінің орталығы ми қыртысында да бар. 
Нәрестенің қуық еті, әсіресе оның сфиктер еті жетілмеген, сондықтан несеп жиі жене 
еріксіз рефлекторлы түрде шығады. Олардың бүйрек түтікшелерінің эпителий 
клеткаларының зат өткізгіш қасиеті жоғары болғандықтан несеп қүрамында лактоза, 
аздаған (аз мөлшерінде) мелшерде белок, мочевина, фосфатты және хлорлы 
қосындылар болатыны байқалған. Кейін 1 жасқа жақындағанда лактоза мен белок 
мүлде болмайды, ал қалғандарының мөлшері азаяды. 
• жаста балалардың организміндегі осмостық қысым мен иондар алмасуының 
тетіктері толық жетіледі. 
• жасқа жақындағанда нефрондардың сүзілу жөне иірім каналдардағы кері сүзілу мен 
секреция деңгейлері ересек адамның көрсеткіштеріне жақын болады. 
Баланың алғашқы жылдарында бүйректің қызметін реттейтін вазопрессин мен 
адреналин гормондарының мөлшер деңгейі аздау болғандықтан, бүйректің эпителий 
клеткаларының және қан тамырларының қабырғасындағы рецепторлардың 
сезімталдығы төмен болады. Ал альдостерон гормоны жөнінде мүндай мәліметтер әлі 
белгісіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет