ҚОРЫТЫНДЫ «Есепке алу» жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемнен байқадым.
Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенше келесі деңгейге көшпейді. «Міндеті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай, ілгері ұмтылады, өзіне деген сенімі артады;
Технологияның принциптері жағдайында өздігінен даму бағдары анықталып дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады;
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясымен оқушылардың орындаған тапсырмалары олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.
Жаңаша оқытудың дербес және топтық түріндегі ең бастысы – оқушыға деген сенім, сондықтан оқушының өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оқушыға деген сенімді арттыру.
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды іздендіру» қажет. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты өзгертуді талап етеді.
Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.
Оқушыларды денгейге бөліп оқытуға болама, оның қандай тиімділігі бар, деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай, жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сұрақтарға тоқталсақ, деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырмалардың маңызы бар.
Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015. – 54 с.
Маллер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии : Практическое пособие / Маллер А.Р. - М. : АРКТИ, 2000. - 124 с
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана. НАО. 2013. – 80 с.
Методические рекомендации по составлению дифференцированных СОР и СОЧ по учебным предметам общественно-гуманитарного направления 5-9 классов в условиях инклюзии. Методические рекомендации – Нур-Султан: НАО имени И. Алтынсарина, 2020. – 144 с.
Красноборова А.А. Критериальное оценивание в школе: учебное пособие.-Пермь,2010-84с