Реферат тақырыбы: Оқытуды саралау технологиялары



бет2/4
Дата21.04.2023
өлшемі56,92 Kb.
#85078
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Еп-20-2К Нарзилда М реферат ИББӨБ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
XX ғасырдың 30-жылдарында Америкада білім беру мен оқытуда саралау үдерісі кеңіне етек алғаны мәлім. Бұл үдеріс бүгінгі таңда қазақ мектептеріне де келіп жетті. 
Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. 
Франция мен АҚШ- та барлық жалпы білім беретін мекемелерде сыныптағы оқушыларды топқа бөлу кеңіне таралған. Кейбір пәндерді оқытуда топтарды “жылдамдар”, “орташалар”, және “баяулар” деп атайды. 
Жапония мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған. Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді. Барлық оқушыға баға қойылады. 
Деңгейлеп оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Тиімді де орынды пайдаланған оқыту технологиясының бірі, деңгейлеп- саралап оқыту – сапалық білім негізі бола алады. Деңгейлеп-саралап оқыту оқушыларды өздігінен ізденіп, өз бетінше білім алуға дағдыландырады, сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деп жіктерге бөлуді жояды.
Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға таразыланған көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен қарастырылады: деңгейлік және бағдарлық.
Деңгейлік-саралау оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі.
Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді.
Сабақ барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасалады. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет