Оқушылық деңгей:
жаттап алуға лайықталған болу керек;
алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік берілуі;
тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Яғни, мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже анықтамаларын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмалар құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Алгоритмдік деңгей:
өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады;
оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар;
Эвристикалық шығармашылық деңгей:
танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек;
өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтерді диаграмма, графиктер салу арқылы жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар;
оқушыларды белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару);
олимпиада есептерін шығару;
берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау. Демек бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
1-деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалау бойынша 2,3-деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемаларының шешілуіне жақсы жағдай жасалады. Олар:
әр оқушының барлық пән бойынша толық үлгеруіне кепілдік алуы;
оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу» үрейінің жойылуы;
әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы шешіледі;
оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі;
оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететінін саласынан дарын ашу проблемалары шешіледі;
оқушылардың мемлекеттік стандартты талаптарына сай білім алуын қамтамасыз ету.
Оқушылардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі тексерудің мәні зор. Бұл оқу процесінің ең қажетті элементі.
Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады.
Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Деңгейлеп-саралап оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне назар аударылды.Деңгейлік-саралап оқыту технологиясы-оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жанжақтылығына негізделген білім беру жүйесі.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып,білім алуына жағдай жасайды.Әртүрлі деңгейдегі балаларға бірдей зейін аударып,олармен саралап жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бала білімін оқушы деңгейден шығармашылық деңгейге жетелеу оқушылардың өз бетінше,ізденуіне жол ашады,шығармашылық жұмыстарға баулиды,қиялын,ойын ұштайды.Саралап оқытудың басты бағытының бірі – толықтыра оқыту, яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау. Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамыту мен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді. Меселен, оқушылардың алған бағасы арнайы таблода көрсетіліп тұрады. Әр деңгейдің өз бағалауы бар. Олардың барлығы оқушылардың көз алдына тұрады. Мұның өзі білім берудегі демократия критерийлері болады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша жүзеге асатын оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді, әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі. Мысалы:
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады.
Ендеше деңгейлеп оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |