Реферат тақырыбы: Өндірістің қауіпсіздігіне байланысты, қоршаған ортаға әсері Орындаған: Жолдасбек М. М


Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі



бет3/3
Дата13.09.2022
өлшемі24,4 Kb.
#38964
түріРеферат
1   2   3
Қалдықтар-потенциалды шикізат көзі
Кейде ойланбастан коптеген заттектер мен материалдар қалдыктарға жаткызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе басқа өндірістерге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев "Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады" деп айтқан. Сонымен қатар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өңдеу арқкылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде карауға болады. Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс қалдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т - таукен өндірісінікі, 1,1 млрд. т байыту фабрикаларынікі және 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдықтар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының тұндырғыштарында көп мөлшерде сұйық қалдықтар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кен өндірістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия кәсіпорындарынан пайда болады.
Калдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мұнай және газ, ағаш, қағаз, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауыл шаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады. Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды дұрыс пайдаланғанда білуге болады. Өндіріс қалдыктарың пайдаға асыру мәселері шешілетін болса, ауыл шаруашылығыңда пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншідік туады.

Қорытынды
Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізеді.
Қоршаған ортаның физикалық, химиялық ластануы адамдардың табиғатқа антропогендік әсерінен болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соқты. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революцияның өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүруде.
Экономиканы жаһандандыру және экономиканы экологияландыру, халықаралық экономикалық байланыстарды кеңейту жағдайында қоршаған ортаны қорғау біздің елімізді дамыту үшін салмақты болып келе жатыр.Сондықтан да өндірістік ортаның жобалары:

  1. өндiрiсте зиянды немесе зияндылығы аз заттарды қолдануды;

  2. зиянды өндiрiстiк факторлардың интенсивтiлiгiн, сонымен бiрге шығаратын зиянды заттардың және қалдықтардың көлемiн жоятын немесе барынша көп төмендететiн технологияны және жабдықтарды қолдануды;

  3. өндiрiстiк және қоршаған ортаның гигиеналық нормаларының талаптарын қамтамасыз ететiн кешенiн қарастыруы керек;

  4. өндiрiстiк объектiлердiң алаңдары селитебтiк және рекреациялық территорияға қатысты желдiң ық жағына орналасуы керек деген ұсыныстарды берер едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет