Массаалмасу (диффузиялық) процестер -өту жылдамдығы зат алмасу заңдылықтарымен анықталады. Яғни қоспа құрамындағы қандай да бір бөлшектердің бір фазадан екінші фазаға өтуімен сипатталады.Олар: абсорбция, ректификация, экстракция, сублимация, кристализация, адсорбция, кептіру үдерістері. Бұл үдерістердің қозғаушы күші концентрациялар айырмасы болады.
Ректификация -сұйық пен газдың (қарама-қарсы) жанасуы арқылы өнім беру.
Абсорбция -газдардан немесе сұйық заттардан керек емес заттарды сіңіріп алу.
Адсорбция -қатты затпен сіңіріп алу.
Кристалдау -қандай да бір қатып қалған заттан бөліп алу.
Химиялық процестер -өту жылдамдығы заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруімен бірге , олардың химилық қасиеттерінің де өзгеруімен анықталады. Яғни, өту жылдамдығы химиялық кинетика заңдарымен анықталады. Олар: каталикалық крекинг, пиролиз,гидротазалау, т.б.
Механикалық процестер -өту жылдамдығы қатты заттар механикасымен анықталады. Оларға ұсақтау (кесу), іріктеу, пресстеу, дөңгелету және т.б. жатқызады. Олар механикалық күштердің әрекетімен жүреді, ал олардың нәтижесі өнім бөлшектерінің өзгеруі болып табылады. Бұл процестер диірменді кешендерде, уатқыштарда, жармабөлгіштерде, ұнтақтағыштарда, көкөніс пен тамыр жемістерді ұсатқыштарда, олардың беттерін тазартқыштарда, пияз, сарымсақ және басқа өнімдердің тазартқыштарда, илегіш машиналарда, триерларда, пресстерда, штамптарда, ұсақ заттарды сепарирлеу құрылғыларында және т.б. жүзеге асады.
Химиялық технология процесстерінің теориялық негіздері. Машиналар мен аппараттарды есептеу өңделетін материалдардың массалық ағынның, қажетті энергияның санын, аппараттың немесе процестің ұзақтығының жылу масса алмасу жазықтығының оңтайлы ауданын және машина мен аппаратардың негізгі мөлшерлерін анықтауды қарастырады.Процестерді талдауды және машина мен аппараттарды есептеуді келесі тәртіпте жүргізеді:
-процестің энергетикалық және материалдық балансын құрастырады;
-статикаға сүйене отырып процестің ағу бағытын және тепе-теңдік шартын анықтайды;
-жүретін күшті есептейді,
-кинетика негізінде процестің жылдамдығын анықтайды.
Процестің оңтайлы тәртібі табылған жағдайда процестің жылдамдығы мен жүретін күштің шамасы туралы мәліметтер бойынша аппараттың негізгі мөлшерін (жазықтықтың жұмыс ауданыны немесе жұмыс көлемін) анықтайды. Негізгі мөлшері бойынша аппараттың барлық қалған мөлшерлерін анықтайды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Львова Л. Нанодоставка: лекарство подано/Л. Львова// Фармацевтпрактик. – 2013. – №11.
2. Третьякова О.С. Нанотехнологии в практике кардиолога. Липосомы как идеальное средство доставки лекарственных препаратов/ Третьякова О.С., Заднипряный И.В. // Здоровье ребенка. – 2009. – №3 (18).
3. Барышников А.Ю., Оборотов Н.А. Иммунолипосомы — новое средство доставки лекарственных препаратов // Новое в онкогематологии. — 2001. — Том 3, № 2.