Реферат тақырыбы: Өндірістің процестері мен аппараттары


Химиялық технологияның негізгі процесстердің түрлері



бет3/4
Дата27.03.2023
өлшемі29,67 Kb.
#76546
түріРеферат
1   2   3   4
Химиялық технологияның негізгі процесстердің түрлері.
Процесс деген түсініктің өзі кеңістікте және уақытта болатын материяның кейбір өзгерулерін болжайды. Ол факторлардың әсерінен болады және бастапқы мен соңғы жағдайымен сипатталады. Химиялық технологияда негізгі үдерістері олардың өту заңдылықтарына байланысты негізгі бес топқа бөлінеді:
1) Гидромеханикалық процесс;
2) Жылу алмасу;
3) Масса алмасу (диффузионды);
4) Химиялық процесс;
5) Механикалық процесс.
Гидромеханикалық процестер -өту жылдамдығы гидродинамикалық сұйықтар мен газдардың ағысы жөніндегі ғылым заңдылықтарымен анықталады. Оларға сұйық және сусыма өнімдерді араластыру, сүзу, тұндыру, тамыр жемістерін жуу, пневмо- және гидротасымалдау, сусымалы өнімдерді псевдосұйылту және т.б. процестерді жатқызады. Олар механикалақ және гидромеханикалық әсерлердің жиынтығының ықпалымен болады, ал олардың нәтижесі өнімнің бөлек бөлшектіренің немесе қоспа өнімдердің кеңістіктегі орын ауыстыруы болып табылады. Бұл процестер пневматикалық және гидравликалық жіктеуіштерде, сүзгілерде, тұндырмаларда, центрифугаларда, сепараторларда, циклондарда, пневмо-, гидро- және аэрозольды тасымалдаушы құрылғыларда, гидромеханикалық жуу машиналарда, сұйық және сусымалы өнімдерді араластырғышта, кептіргіште және т.б. жүзеге асады. Бұл үдерістегі қозғаушы күш -қысымдар айырмасы болады.
Жылу процестері. Жылу процестеріне қыздыру, суыту, буландыру және конденсацияны, ал массаалмасуға -кептіру, сорбциялау, айыру, кристализацияны, еруді, экстрагирлеу, экстракциялау және т.б. жатқызады. Олар температуралардың ауытқуымен немесе заттардың концентрациялардың әсерінен болады. Олардың нәтижесі жылудың кеңістікте (жылу энергиясы) немесе заттардың бөлек компоненттердің қоспасында орын ауыстыруы болып табылады. Бұл процестер жылытқыштарда, суыттқыштарда, пісіргіштерде, айдатқыш құрылғыларда, буландыру құралдарында, кептіргіштерде, конденсаторларда, кристализаторларда, еріткіштерде, экстракторларда және т.б. жүзеге асады.
Жылу процестеріне салқын ауаны алу процестері жатады. Олар бірдей термодинамикалық тәуелділікті және жылутехникалық жағдайларды шешудің бірдей принциптерін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет