lД = lk2 – lk1 (2.1)
Дифференциалды каскадтың шығыстық сигналы айырма тоғы болғандықтан, кірістік транзисторлардың коллекторлық токтарының синфазалық өзгерістері өзара теңгеріледі де, соның салдарынан синфазалық кірістік сигналдар әжептәуір әлсірейді.
Эмиттердің тоқ көзі Т9 транзисторы негізінде жасалған. Кейбір ОК-те (мысалы, 140УД12) бұл үшін, сондай-ақ тоқтық айна қолданылады, оның кірістік тоғы сыртқы резистордың кедергісі арқылы беріледі де, сол арқылы бағдарламаланады, ол ОК-тің параметрлерін реттеуге мүмкіншілік береді, мысалы тұтынатын тоғын.
Күшейтудің екінші баспалдағын ортақ эмиттері бар Т6 транзисторы негізіндегі каскад құрайды. Жуктеме ретінде ол Т10 транзисторы негізіндегі тоқ көзін пайдаланады. Бұл каскадтың кірістік кедергісін көбейту үшін оның кірісінде Т5 транзисторы негізіндегі эмиттерлік қайталағыш қосылған. Ск конденсаторы операциялық күшейткішке 2.4 суретте келтірілгендей жиіліктік сипаттама береді.
Шығыс каскады Т7 , Т8 транзисторлары негізіндегі қос түйіспелі комплементарлы эмиттерлік қайталанғыштан тұрады. Тура бағытта қосылған екі тізбектелген диодтан тұратын тізбек бөліміндегі кернеу, осы транзисторлардың шағын бастапқы тоғын қамтамасыз етеді (АВ класстық режимі). Мұндай схема шығыстық кернеуінің түрлі полярлылығында ОК-тің шығытық кедергісінің симметриялы болуын қамтамасыз етеді. Әдетте, шығыс каскадының құрамына тұйықталудан қорғайтын тізбек кіреді. [3]
3. Дифференциалды күшейткіш
3.1 суретте дифференциалды күшейткіштің базалық схемасы көрсетілген. Схемада кернеу бойынша параллельді теріс кері байланыс қолданылған.
3.1 сурет - дифференциалды күшейткіштің базалық схемасы
3.1 суретте көрсетілген дифференциалды күшейткіштің шығыс кернеуі төмендегі қатынаспен анықталады:
Uшығ = U2 *(R4/R3 +R4 )(1 +R00/ R1) - U1* ( R00 / R1). (3.1)
Кедергілердің бірдей қатынасында R4/R3=R00/R1 , қолданыста орындауға тырысатындықтан, мынаны аламыз:
Uшығ =(U2- U1) *( R00 / R1), (3.2)
яғни, күшейткіштің шығысындағы кернеу кірістегі кернеулердің айырмасына пропорционалды болады да, күшейткіш дифференциалдыға айналады. Берілген схема базалық болып табылады да бірталай кемшіліктері бар, сондықтан қолданыста бұдан әлдеқайда күрделі схемаларды пайдаланады. [4]
Достарыңызбен бөлісу: |