Реферат Тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері Орындаған: Ибадуллаева ж тобы: тпп 21-16 Тексерген : Володя К


Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу



бет6/7
Дата21.06.2023
өлшемі179,65 Kb.
#102798
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-33852

Өрт сөндіруге қажетті су мөлшерін есептеу
Өрт сөндіру үшін суды, көбікті, үгінділерді және инертті газдарды пайдаланады.
Суды өрт сөндіретін жеңдер, зеңбіл арқылы қолданады. 
Төмендегі аталған нәрселер өрт кезінде судың көзі болып табылады:
- өрт сөндіру гидрантарымен жабдықталған өрт сөндіру су құбырлары;
- арнайы крандармен, зеңбілдермен, жеңдермен жабдықталған ішкі су құбыры;
- арнайы жабдықталған бүкіл су құбырлар жүйесі.
Көлдердің, өзендердің суларын пайдалануға болады. Объектілердің ауласында арнайы бөшкелерде су қорын сақтауға болады.
Кейбір жағдайларда суды өрт сөндіруге қолдануға болмайды. Мысалы, калий, натрий, кальций карбидін, алюминий үгіндісін т.б. заттарды су арқылы сөндіруге болмайды.
Электр қондырғыларды да сөндіруге су қолдануға болмайды.
Ағашқы өрт сөндіру құралдарына қол және жылжымалы өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер, су құйылған бөшкелер, шелектер т.б. жатады.
Әр мекемеде алғашқы өрт сөндіру құралдары тұратын арнайы қабырға болады. Сол қабырғада алғашқы өрт сөндіру құралдары толығымен нұсқаулыққа сәйкес түрде орналасуы керек.
Өрт сөндіргіштердің түрі – көбікті, көмірқышқылды, үгінді түрде болады.Өрт сөндіру жабдықтарына спринклерді және дречерлі қондырғылар жатады.
Барлық мекемелерде алғашқы өрт сөндіру құралдары нұсқаулыққа сәйкес , толығымен және іске жарамды түрде тұруы қажет.
Бұл шара үшін арнайы бекітілген өрт сөндіру қызметшісі немесе арнайы нұсқаулықтан өткен адам жеке басымен жауап береді.
Өрт сөндіргіштер мен өрт сөндіру крандары нөмірленіп арнайы журналда тіркеліп тұруы керек. Журналда өрт сөндіргіштердің соңғы рет толтырылғаны мерзімі, кранның соңғы тексерілген мерзімі көрсетілуі керек. Өрт сөндіру крандары және өрт сөндіргіштерге пломба салынып папорт ілініп қояды. Пломба жоқ болса өрт сөндіргішті алып іске жарамдылығын тексеріп толтырылғанын тексереді.
Өрт сөндіргіштерді арнайы өрт сөндіру қоғамының шеберханасында толтырады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерді дереу ауыстырады. Баллонның жоғары жағында мерзімі жазылады. Бірінші сан- айы, екінші – жылы, соңғы- келесі толтыру жылы деп есептеледі.
Кезекті қарау кезінде өрт сөндіргіштерді сыртын шаң мен кірден тазалап отыру керек. Тот басқан жері немесе сырдың кеткен жері болса, дереу тотты қырып тастайды да, керосинделген шүберекпен қырған жерін сүртеді де, жаңадан қызыл сырмен сырлайды.
Көбікті өрт сөндіргіштердің мембранала және сепкіш қасиетін тексеру жөн. Өр сөндіргіштерді жабық жайларда орналастыру керек. Егерде ашық ауада орналастырылған болса өрт сөндіргіштердің үстіне төбе жасайды, немесе арнайы қызыл түсті сырға боялған шкафтарға орналастырады. Көмірқышқыл газды өрт сөндіргіштерге ерекше қатаң талап қойылады. Әсіресе ылғал тимеуі қажет, жылыту аспаптардың жанында қоюға болмайды, күн сәулесі түсетін жерден аулақ болуы керек.
Су сепкіш жеңдерді де ерекше күту керек. Оларды уақытында шаңнан тазартып, орнын ауыстырып отыру керек. Ылғал жеңдерді кептіріп отыру қажет. Өйткені осы шаралар орындалмаса, жеңдер тез тозып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет