Қорытынды
Еліміздегі халық шаруашылығының белсенді дамуы, өнеркәсіптің жаңа салаларының және материалдардың пайда болуы, өрт қауіпсіздігінің алдына көптеген жаңа талаптарды қойды, сонымен қатар, жаңа өртке қарсы техникалардың пайда болуына үлес қосты.
Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігі саласы жаңа, осы заманға сай жабдықтармен (автоцистерналар, автоcорғыштар, көпіршік генераторлары, мотопомпалар, өрт сөндіру құралдары және т.б.) қамтамасыз етілді. Автоматтық өрт сөндіру құралдары мен дабылдары қолданылып жүр.
Қазiргi заманғы құрылысты көптеп салу жүйесi баспананың сапасын ылғи да қамтамасыз ете бермейдi: панелдердiң, есiктер мен терезелердiң қиылысында жылу кететiн, кемiргiштер кiретiн саңылаулар болуы мүмкiн. Квартиралар бiр-бiрiмен ұштасып жатқандықтан бiр жерден шыққан өрт екiншi жерге таралып кету қаупi әр уақытта да бар. Улы түтін желдеткіштер арқылы көп қабатты үйдің көбіне тарап кетуі де ғажап емес және т.с.с. Сондықтан кішкене төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйдің мәселесіне айналып, зардап шегушілердің қатары көбеюі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”, 2003ж.-212б.
2.Өмір-тіршілік қауіпсіздігі: Оқулық /құрастырушы С. Арпабеков. – Алматы, 2004. - бет
3.Дүкенбаев К.Д. Өмір өзегі. – Алматы, 1996. – 272 б.
4.Жеңісбек Тұрғанов. Оңтүстік Қазақстан облысының орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының бас қызметкері статьясынан. 08.05.01
Достарыңызбен бөлісу: |