Ми-жұлын сұйықтығының атқаратын негізгі қызметтері: Мидің жасушалары мен қан жасушаларының арасын байланыстырады.
Нейрондарға ми-жұлын сұйықтығы арқылы қоректік заттар түседі.
Нейрондарды тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған керексіз заттардан тазартады.
Ми нейрондарын бір-бірімен гормондар, әртүрлі метоболиттер (адреналин, гистамин, серотонин) арқылы байланыстырады.
Ми-жұлын сұйықтығы түссіз мөлдір сұйықтық. Бас ми жұлын ауруларында оның түсі, қысымы өзгереді.
Адамдағы ликвор түзілу жылдамдығы Кейбір авторлардың пікірінше ликвор 6-7 тәулік ішінде жаңарып отырады, басқалардың пікірінше 4 рет. Яғни, тәулігіне 800-900 мл өндіріледі. Weigeid пікірінше толық алмасу 3 күн ішінде болады. Бұл әртүрлі мәліметтердің болуы әртүрлі әдістермен зерттелудің әсерінен.
Ликвордың қасиеті мен құрамы Пункция арқылы алынған цереброспинальды сұйықтық яғни мамбальды ликвор – қалыпты жағдайда мөлдір, түссіз, тұрақты салмағы 1.006-1.007, вентрикулярлы ликвор – 1,002- 1,004. Цереброспинальды сұйықтықтың тұтқырлығы қалыпты жағдайда 1,01-ден 1,06-ға дейін өзгеріп отырады. Ликвор әлсіз сілтілі реакция: ph 7,4-7,6. Ликвор организмнен тыс бөлме температурада ұзақ ұстаса ph жоғары. Жұлынның субарахноидалдың қабатында сұйықтықтың t-37-37.5 C. Цереброспинальды сұйықтық қан сары суымен химиялық құрамы ұқсас болып келеді: 89-90%-су, 10-15% құрғақ зат, ол ми метаболизмге қатысады. Цереброспинальды сұйықтықтағы органикалық заттар: ақуыздар, аминқышқылдары, көмірсулар, гликопротеидтер және липопротеид. Органикалық емес: фосфор және микроэлементтер. Цереброспинальды сұйықтықта қан сарысуымен салыстырғанда хлоридтер магний жоғары, бірақ глюкоза, калий, кальций, мочевина аз. Қанттың махсимум мөлшері вентрикуларлы цереброспинальды сұйықтықта бар, аз мөлшері жұлынның субарахноидальды қабатында болады. Қанттың 90%-ін глюкоза, 10%-ін декстроза құрайды. Қалыпты жағдайда клеткалардың саны (цитоз) 3-4 1мкл аспайды, ол лифоциттер, арахноэндотелий клеткалары, ми қарыншаларының эпеидимасы, полибласттар (бос макрофагтар). Науқас бір бүиірімен жатқанда жұлын – ми өзегіндегі ликвор қысымы 100-180 мл –ді құрайды, отырғанда 250-300 мм суб жоғары. Балаларда цереброспинальды сұйықтың қысымы ересектермен салыстырғанда төмен. Қалыпты жағдайда ликвордың биохимиялық көрсеткіштері ликвор түзілуші 1-ші механизімі: безді клеткалардың белсенді секреция жолы арқылы ми қарыншаларының тамырлы өрімімдерінен түзіледі. Ми қарыншаларында орналасқан тамырлы өрім мидың жұмсақ қабатының туындысы болып табылады.