Реферат тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы



бет1/11
Дата17.02.2023
өлшемі52,28 Kb.
#68898
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қойлыбай Айжан, БГ-21, БӨЖ №4


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Биология және геномика кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы

Орындаған: Қойлыбай Айжан
Тобы: БГ-21
Текcерген: Мукатаева Ж.М

Астана 2023



Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

  1. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі және ликвор

  2. Жартышарлар арасындағы айырмашылық

  3. Вегетативті жүйке жүйесі

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі - ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі - ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесі орталық және шеткі бөлімдердентұрады. Омыртқалы жануарларда алғашқысының қатарына жұлын мен ми, ал екіншісінің қатарына — жұлын түйіндеріндері және ағзалар ішіндегі (интрамуральдық) нейрондар жатады.
Жұлын- омыртқа бағанының каналында орналасқан жуан арқан тәрізді орталық жүйке жүйесінің бір бөлімі. Жұлын ақ және сұр құрылымды заттан тұрады. Ақ зат жүйке талшықтарынан, ал сұр зат нейрондар денесінен тұрады. Сұр зат жұлынның қақ ортасында ми түтігінің айналасында орналасқан.
Ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Құрылымдық айырмашылықтарына, даму ерекшеліктері мен қызметіне қарай нейрофизиологиялық және клиникалық талдау жұмысын жеңілдету үшін ми артқы ми, мишық, ортаңғы ми, аралық ми, алдыңғы ми деп аталатын бес бөлікке бөлінеді. 
1. Артқы ми құрамына: сопақша ми мен варолий көпірі;
2. Ортаңғы ми құрамына қызыл ядро, қара зат, төрт төмпешікті дене, торлы құрылым;
3. Аралық миға - көру төмпешігі көру төмпешігі астындағы құрылым;
4. Алдыңғы ми құрамына ми сыңарлары қыртысы мен қыртысасты түпкі (базальдық) ядролар кіреді. 
Сопақша ми мен көпір, ортаңғы ми мен аралық ми ми бағанының құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет