Реферат тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлімдерінің функционалдық маңызы


Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар



бет11/11
Дата17.02.2023
өлшемі52,28 Kb.
#68898
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Қойлыбай Айжан, БГ-21, БӨЖ №4

Шеткі рефлекстердің төмендегідей үш түрі бар:
1) Висцеро-висцеральдық (ағза-ағзалық) рефлекстер. Белгілі бір интероқабылдағышды тітіркендірсе, екінші бір ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтың кілегейлі қабығын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін.
2) Висцеродермалық (ағза-тері) рефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза қабылдағышын тітіркендірсе, терінің белгілі бір нүктесінің сезімталдығы шектен тыс күшейеді.
Мәселен, қарынның кілегейлі кабығында жара болса, адамның 12-ші кеуде омыртқасының артқы өскіні тұсындағы тері өте сезімтал болады да басқан кезде қатты ауырады. Ауруды анықтауда мұндай рефлекстердің үлкен маңызы бар.
3) Дермовисцеральдық (тері-ағза) рефлекстер. Әрбір ішкі ағзаның тері бетімен байланысқан жері бар. Сол жерге әсер етсе, онымен байланыскан ағзаның қызметі өзгереді. Мәселен, жылытса, мұз қойса, ол ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Жатырдың жиырылуын күшейтіп, оның қан тамырларын тарылту үшін қүрсақтың (іштің) төменгі жағына мұз қояды.
Вегетативтік шеткі рефлекстер жануардың жұлынын алып тастағанда да сақталады. Сондықтан бұлар вегетативтік түйіндердің қатысуымен орындалуы мүмкін. Кейбіреулердің пікірі бойынша, шеткі рефлекстер тек аксон тармақтары арқылы да орындалады. Вегетативтік жүйке жүйесі бір кезде автономиялық жүйе деп аталатын. Өйткені ішкі ағзалардың қызметін адам өз еркімен өзгерте алмайды. Адамның еркі (қалауы) — ми қыртысының қызметі, сондықтан ми қыртысы вегетативтік әрекеттерге әсер етпейді деп есептелетін.
И.П. Павлов лабораториясында академик К.М. Быков басқарған ғалымдар ми қыртысының адам денесіндегі барлық ағзаларға, олардағы үрдістерге әсер ете алатынын шартты рефлекс әдісімен және гипноз қолдана отырып, дәлелдеп берді. Вегетативтік жүйке жүйесінің қызметін гипоталамус, ескі және жаңа ми қыртысының нейрондары бақылайды. Вегетативтік жүйке жүйесі шеткі ағзалар қызметіне, зат алмасуына ішкі секрециялық (эндокриндік) бездер арқылы да әсер ете алады. Ішкі ағзалардағы вегетативтік ганглийлерді олардың орталық симпатикалық бөлім деп атайды да ВЖЖ симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық деп үш бөлімге бөледі.
Қорытынды
Бас миының қанмен қамтамасыз етілуі екі жүйемен жүреді: ішкі ұйқы артериясымен және омырқа артериясымен. Омыртқа артериялары бұғана асты артериясынан басталып, мойын омырқасы көлденең өсінділерінің каналына кіреді де, 1-мойын омыртқасы деңгейінде одан шығады. Соңынан үлкен шүйде тесігі арқылы бас сүйек қуысына кіріп, сопақша ми астына орналасады. Сопақша ми мен Варалиев көпірі аралығында негізгі артерияның (a.basilaris) жалпы бағанасымен қосылады. Ішкі ұйқы артериясы жалпы ұйқы артериясының тармағы. Ол кавернозды синустың сыртынан өтіп хиазмадан мидың негізіне жетеді. Ішкі ұйқы артериясын ми негізінде 4 тармаққа бөлеміз: алдыңғы ми артериясы, ортаңғы ми артериясы ,алдыңғы түкті артериясы, артқы біріктіруші артериясы. Ішкі ұйқы артериясы және оның тармақтары, негізгі артерия мен және оның тармақтары ми негізінде анастамозды артериялық сақина, яғни ол бас миының барлық қанмен қамтамасыз ететін жүйесін біріктіретін Вилизиев шеңбері құрайды.
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Адам физиологиясы» Н.Торманов, С.Төлеуханов, 2015ж. Алматы

  2. «Адам физиологиясы» Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. Алматы 2021ж.

  3. https://studfile.net/preview/6667040/

  4. https://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=1&id=763


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет