«Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті »Кеақ Жаратылыстану Институты Химия Кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қозу физиологиясы
Тексерген: Аға оқытушы,ғылым магистрі Наурызбаева Ж.Е
Орындаған: Рахмет Ақбота 211 топ
2023 жыл
Адам терісі 3 қабаттан тұрады: сыртқы- эпидермис, ортаңғы – дерма, ішкі – гиподерма. Ең қалың
қабаты сыртқы қабаты, қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан
терінің түсі пигментке байланысты, егер аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса – қоңырлау, тым көп
болса – қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қантамырларының
капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі. Терінің гиподерма
қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Тері асты клетчаткада тер бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау
түрінде ашылады. Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап арасында көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері бар. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май
бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис
қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған
теріден су, микроорганизмдер өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшеліктері. Тер бездері арқылы денеден 500-900 мл су
шығады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, хлорлы Na, К және фосфаттар мен
сульфаттар шығарылады. Терлеу тәулік бойы үнемі жүріп отырады, бірақ сыртқы ортаның
температурасы жоғарылағанда, ауыр еңбекпен шұғылданғанда, шынықтыру жаттығуларында көп
шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тежеледі, бүйрек капиллярындағы қысым төмендейді де,
несеп өндіру азаяды.
Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық жүйке
талшықтарының теріге келетін холинергиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин
және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе жылы тер, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын
тер жағымсыз эмоция кезінде, адам қиналып-қобалжығанда шығады.
Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис
қабаты өте жұқа, қантамырлары көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Жаңа туған сәбидің
терісінің қалыңдығы 1,1 мм, 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды.
Бала терісінде май көбірек болады.
Терінің температурасы нәрестеде жоғары және тұрақсыз. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері
температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды. Бала 4 жасқа дейін аз
терлейді. Себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген, 5-6 жаста толық
жетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |