1. Холинергиялық синапстың құрылысы мен қызметі. Ацетилхолин, оның химиялық құрамының ерекшеліктері және фармакологиялық қасиеттері. Ацетилхолинмен холинорецепторлардың әсерлесу механизмі.
2. Холинэстеразалар, олардың типтері, орны. Ацетилхолинэстеразаның құрылысы және қызмететуі. Ацетилхолиннің холинэстеразамен гидролизі. Фармакологиялық заттармен холинэстеразаның тежелуі.
Ацетилхолин медиаторы көбінесе ацетилхолинэстераза ферментімен ыдырауға ұшырайды. Соңғысы көп мөлшерде ацетилхолин бөлінетін жерде постсинаптикалық мембранада (постганглионарлық холинергиялық талшықтар ұштарында, қозғалтқыш жүйкелерінің ұштарында, ОЖЖ-де, вегетативті ганглийлерде және т.б.) шоғырланған. Бұл ацетилхолиннің холин мен сірке қышқылына айналатын жылдам энзиматикалық гидролизіне әкеледі.
Ацетилхолинэстераза ацетилхолин молекуласының 2 жерімен - анионды және эстеразды орталықтарымен байланысады. Анионды орталықпен электростатикалық күш арқылы ацетилхолиннің оң зарядталған төртіншілік азот атомымен, ал эстеразды орталығы - оның карбонилды тобының көміртегімен байланысады.
Холинергиялық берілулер айтарлықтай дәрежеде бөлінетін ацетилхолин мен ацетилхолинэстераза концентрациясының қатынасына тәуелді болуы мүмкін. Қозудың берілуін жеңілдету мүмкіншілігінің бірі ацетилхолинэстеразаны тежеу болып табылады. Осы мақсатпен холинэстеразаға қарсы заттар қолданылады. Олардың негізгі әсерлері бұл заттардың ацетилхолинэстеразаны тежеуімен және ацетилхолиннің гидролизіне кедергі жасауымен байланысты. Бұл холинорецепторларға аса айқын және ұзақ әсерімен байқалады. Сонымен, бұл препараттардың әсері М- және Н-холиномиметиктерге ұқсас, бірақ холинэстеразаға қарсы заттардың әсері ацетилхолин арқылы жүзеге асады. Жеке препараттар (мысалы, прозерин) біраз тікелей холиномиметикалық әсер көрсетеді.
Холинэстеразаға қарсы препараттардың ацетилхолинмен байланысуының тұрақтылығына қарай оларды 2 топқа бөлуге болады:
I. Әсері қайтымды препараттар: Физостигмин салицилаты Прозерин Галантамин гидробромиді
II. Әсері қайтымсыз препараттар: Армин
Ацетилхолинэстеразаны тежеу ферменттің ацетилхолин байланысатын жерімен дәрілік заттардың да байланысуы арқылы жүреді. Кейбір препараттар аниондық және эстеразалық орталықтармен (прозерин), басқалары - тек аниондык (эдрофоний) немесе тек эстеразалық (көптеген фосфорорганикалық қосылыстар) орталықтармен байланысады. Сонымен қатар, холинэстеразаға карсы заттар мен ацетилхолинэстеразаның өэара әсерлесуінде гидрофобты байланыстар маңызды рөл атқарады.
Холинэстеразаға қарсы заттар ацетилхолиннің гидролизіне кедергі жасай отырып, мускарин және никотин тәріздес әсерлерді күшейтеді және ұзартады.
3. Холинергиялық рецепторлардың түрлері. М- холинорецепторлар мен Н-холинорецепторларды ынталандырудан болатын әсерлер.
Холинергиялық нерв құрылымының фармакологиялық заттектерге және уларға сезімталдығы бірдей емес. Осыған байланысты холинергиялық синапстар мен рецепторлар М (шыбынжұт саңырауқұлақтардан бөлінетін мускарин уына сезімтал) және Н (темекі жапырағынан алынған никотин) сезімтал болып бөлінеді.
Мускаринге сезімтал холинорецепторларға (бұдан әрі М холинорецепторлар) парасимпатикалық нерв ұштарының вегетативтік түйін нейрондарындағы, парасимпатикалық нерв талшықтарының ұштарындағы эффекторлық ағзалар жасушасының постсинапстық мембранасы, сонымен қатар орталық нерв жүйесіндегі, атап айтқанда, ми қыртысы мен ретикулалық формациясы жатады.
М-холинорецепторларды 5 формасын бөледі:
М1-холинорецепторлар (вегетативтік ганглийде және орталық нерв жүйесінде),
М2-холинорецепторлар (жүректе),
М3-холинорецепторлар (тегіс салалы бұлшықеттерде, көбінесе эндокриндік бездерде),
М4 -холинорецепторлар (жүректе, өкпе альвеоласының қабырғасында, орталық нерв жүйесінде),
М5-холинорецепторлар (орталық нерв жүйесінде, сілекей бездерінде, нұрлы қабықшада, қанның мононуклеиндік жасушаларында).
«Холинергиялық синапстарда нерв талшықтарының сезімтал ұштарына әсер ететін дәрілер» немесе холинергиялық дәрілер «Эфференттік иннервацияға әсер ететін дәрілерге» жатады, яғни импульстер орталық нерв жүйесінен орындаушы ағзаларға беріледі.
М-холинорецепторларды қоздыру кезінде келесі әсерлер дамиды:
- кірпік бұлшықеттерінің жиырылуы, миоз, көзішілік қысымның төмендеуі;
- асқазан мен ішек перистальтикасының белсенуі;
- көзжас, сілекей, асқазан және ұйқыбез секрециясының белсенуі;
- бронх пен қуықтың тегіс салалы бұлшыкеттерінің жиырылуы;
- брадикардия, жүрек шығарымының төмендеуі, гипотензия;
- электроэнцефалограмманың десинхронизациясы.
Никотин сезімтал холинорецепторларға (бұдан әрі Н-холинорецепторлар) барлық симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесіндегі, бүйрекүсті безінің милы қыртысындағы, синокаротидтік аймақтағы, қаңқа бұлшықетінің соңғы пластинкасындағы және орталық нерв жүйесіндегі (нейрогипофизде немесе гипофиздің артқы бөлігіндегі) түйін алдындағы талшық ұштарындағы түйінді нейрондар жатады.
Н-холинорецепторлардың қозуы кезінде пластинка ұштарында және тораптарда потенциал әсері туындайды, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарды белсендіреді, катехоламиндер босап шығады. Н-холинорецепторлардың әртүрлі заттарға сезімталдығы бірдей емес. Сонымен, нейрондық типті вегетативтік түйіндердің Н-холинорецепторлары қаңқа бұлшықеттерінің Н-холинорецепторларынанерекше. Осымен түйіндердің (ганглийтежегіш заттар) және нерв бұлшықет өткізгіштерінің (миорелаксанттар) таңдамалы тежегіштік мүмкіндіктері түсіндіріледі.
4. Холинергиялық заттардың жіктелуі. Антихолинэстеразды заттар. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Фармакологиялық қасиеттері, қолданылуы, кері әсерлері.