Реферат тақырыбы: Педагогикалық үдерісті дамыту жолдары Орындаған: Арыстанбек а қабылдаған: Махмудова с тобы: 1508-21 Шымкент,2023



Дата19.12.2023
өлшемі24,04 Kb.
#141052
түріРеферат
Байланысты:
Документ (21)


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Педагогикалық үдерісті дамыту жолдары
Орындаған:Арыстанбек А
Қабылдаған:Махмудова С
Тобы:1508-21
Шымкент,2023
Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім:

Педагогикалық үдеріс туралы жалпы анықтама
Педагогикалық үдерістің мәні туралы
Педагогикалық үдерістегі мұғалімнің алар орны

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер



Ең алдымен педагогикалық үдеріс, тұтас педагогикалық үдеріс ұтымдарының мән-мағынасына тоқталайық.
Үдеріс (лат. процесусс - алға басу) деген ұтым мынаны білдіреді:

  1. жадайлардың даму деңгейлерінің бірізді өзгеруі;

  2. белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы бірізді әрекеттердің жиынтығы.

Педагогикалық үдерістің мәні екі жақты сипатталады:
1) әлеуметтік жуйе ретінде;
2) өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде.
«Педагогикалық үдеріс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді.
. П.Ф. Каптерев педагогикалық үдерісті әртүрлі қырлар мен құралдардан тұратын біртұтас құбылыс ретінде түсіндіріп, оның оқыту, білім, тәрбие беру, үйрету, дамыту, бағыт беру, жандандыру, жазалау кезеңдері болатынын атап көрсетті.
Педагогика ғылымында ХХ ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Н.К. Гончаров, А.Г. Калашников). Педагогикалық үрдерістің құрамдас бөлігі оқыту үдерісі заңдылықтарын В.И. Загвязинский, Г.И. Щукина, Н.И. Болдырев және т.б. өз еңбектерінде нақты ашып көрсетті. ХХ ғасырдың соңғы жылдарында біртұтас педагогикалық үдеріс заңдылықтарын М.А. Данилов, Ю.К. Бабанский, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин сияқты ғалымдар педагогика әдіснамасы жетістіктеріне сүйеніп, зерделеді.
М.А. Данилов «Педагогикалық үдеріс – көптеген үдерістердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні тәрбие арқылы адамның әлеуметтік құнды сапасына айналатындығы» деген анықтама береді. Педагогикалық үдерістің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Оның барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік.
Педагогикалық үдерістің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу-тәрбие үдерісінің барысымен сипатталады 
Педагогикалық үдеріс — әлеуметтік жүйе. И.П. Подласыйдың пікірінше, педагогикалық үдеріс — әлеуметтік тәжірибе адамның сапасының қалыптасуына айналатындай өзара іштей байланысқан әлеуметтік жүйе ретінде «педагог-оқушылар» — мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде қарастырылады.
Ғалымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды:
1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;
2) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарттарын бейнелейді;
3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі 
деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен сипатталады. 
Педагогикалық үдерістің мәні туралы түсінік бірден қалыптасқан жоқ, ол біртіндеп, зерттеушілердің бірнеше ұрпақтарының күш салу нәтижесінде бірқатар жинакталған материалдар негізінде жасалды.
Педагогикалық үдерістің мәнін әлеуметтік-педагогикалық жалпы түсіну бағыты Э.И.Моносзон, Г.Н.Филоновтың еңбектерінде көрсетілген.
Педагогикалық үдеріс теориясының дамуы педагогика ғылымының жетістіктерімен тікелей байланысты.


Мұғалім-оқушы жүйесін қалай басқару керек екендігін білу үшін, оның іс-әрекеті объектісін теориялық біліммен қамтамасыз ету қажет.
Мұғалім оқушының басқа да жүйелермен байланысын жанастырады, ол қажетті іс-әрекеттерді жене оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы осы байланыстарға ыкпал етеді. Мұғалім оқушылар жүйесінің біртұтастығы - мақсат пен нәтиженің бірлігімен, педагогикалық үдерістің әртүрлі деңгейдегі жүйелерінің өзара әрекеттері арқылы анықталады.
Демек, педагогикалық үдерістің негізгі интегракивтік сапасы деп өзара қиылысқан қосалқы жүйелердің оқушылардың калыптасуына ететін ықпалын айтамыз. Ол үдеріске қатысушы барлық субъектілердің бірлескен іс-арекеттерін анықтайды. Тұтас педагогикалық үдерісте мұғалім мен оқушылардың өзара байланыстылығы олардың іс-әрекеттерімен сипатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Педагогика: Курс лекций, Алматы Print-

S, Алматы,2015.-364с.

  1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. - Алма-Ата:

Мектеп, 2017.

  1. Жалпы педагогика. Бабаев С.Б.,

Оналбек Ж.К. Зан едебиеті. Алматы, 2016.
-2286.

  1. Бордовская Н.В., Реан

А.А.Педагогика.Серия учебник нового
века, Санкт-Петербург,2018.

  1. Кулшанова С. Мектеп педагогикасы. Оку куралы, Алматы, 2015ж.

  2. Әлқожаева Н.С. Педагогика (оқу құралы)-Алматы, 2016.

  3. Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Берикханова А.Е. Педагогика. Оқулық. – Алматы: 2017.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет