Реферат Тақырыбы: Рух мәселесі Орындаған: Жақыпбек М. Тобы: жиа-311 Қабылдаған: Шылмамбетов С. 2023-2024



бет3/3
Дата03.12.2023
өлшемі60,23 Kb.
#133326
түріРеферат
1   2   3

Қорытынды


Мәдени және рухани құндылықтарды бағалау жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан және олардың ( құндылықтардың ) иерархиясы нақты тарихи кезеңде өз бейнесін айшықтай түседі. Қазіргі XXI ғасырға келіп қалған биіктіктен тарихтағы құндылықтар жүйелеріне ( әр түрлі өркениеттегі ) үстірт баға беру мардымды іс емес. Өйткені, тарих қойнауындағы әрбір іс – әрекеттің, әрбір қатынастың, әрбір ой – талғамдардың рухы өз күшінн жоғалтқан жоқ, оның бәрі әрқайсымыздың түпкі санамызда орналасқан, оның көріністері бейсаналық іс – қимылдар түрінде байқалып отырады.
Сондықтан әрбір халықтың мәдениетінің әлеуметтік портретін анықтау үшін - олардың құндылықтар жүйесін зерттеу қажет. Сол құндылықтар жүйесінде адамсүйгіштік, ізгілікті нормалар басымдық танытса, онда рухани құндылықтар әлемінің қалыптаса бастағаны, ал оның орнына өзімшілдік, өзгеге деген қаскөйлік етек алса, онда бұндай қоғамның "белді құндылықтар жуйесі" осы әлеуметтік-этникалық ортаның түбіне жетеді, әр түрлі жанжалдар мен кикілжіңдер тундауына себепкер болады. Мәселен, кезіндегі жоңғарлардың құрып кетуіне себепкер болған факторға - олардың жаугершіл менталитетін, құндылықтық бағдарларын жатқызуға болатын сияқты. Ал енді тікелей соғысқа қатыспай-ақ, іштей іріп-шіріп, құлдырауға "жол ашылуы" мүмкін. Мәселен, маскүнемдік пен нашақорлық жайлаған жерде осындай құндылықтар жүйесінің деградациялану үрдісі журуї заңды кубылыс. Қазіргі Америка жеріндегі "Құндылықтар жүйесі" әлемге тасымалдануда, сол бұқаралық мәдениеттің элементтері әлемнің әр түкпірінен табылады. Бұл адамзаттың технократиялық дамуды пір тұтқан, сырты жылтыраққа әуестенген уақытша кезеңі деген ойдамыз. Өйткені адамның шынайы мәні оның өз бойындағы руханилығын ашқанда ғана байқалады, ол өзінің негізі байлығы етіп рухани құндылықтарды атағанда көрінеді деген ойдамыз.
Рухани құндылықтың ұлттық негіздерімен қаруланған әрбір адам өзгелердің қайғы, қуанышына ортақтасудың, қысылғанда қол ұшын беріп, демеп жіберудің , өзгелердің жақсы әдеттері мен істерін өз басына сіңірудің, өмірдегі ең асыл да игілікті дегендерді күнделікті тұрмысқа енгізудің үлгісі бола алады. Бүгінгі күні тәрбие беруде адамды жан-жақты дамыту, рухани кұндылықтардың шынайы бейнесін түсіндіруге үлкен көңіл бөлініп, мол мүмкіндіктер туғыза білуіміз керек. Себебі, қазақтың қадір тұтқан төзімділік, сабырлық, батырлық, парасаттылык, өзара көмек, ар-намыс, ұят, имандылық, адалдық, қарапайымдылық, еркіндік, адамның адамгершілік қасиеттерін бағалау, өзара сыйластық, қайырымдылық сияқты рухани құндылықтары адамды кемелденуге ғана жетелейді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Нұрғалиев Р. Н., Ақмамбетов Ғ. Ғ, Әбділдин Ж. Ж. Философиялық сөздік – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996-525 б.


2. Сейтбеков С. Иман негіздері – Алматы Көкжиек баспасы 2008-376 б.


3. Нысанбаев Ә. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы.Он томдық; 3-том. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2001-720 б.


4. Мырзалы С. Философия тарихы. – Алматы:


5. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық, 17-том. – Астана: Аударма, 2006 - 480б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет