Реферат Тақырыбы: Рух мәселесі Орындаған: Жақыпбек М. Тобы: жиа-311 Қабылдаған: Шылмамбетов С. 2023-2024



бет1/3
Дата03.12.2023
өлшемі60,23 Kb.
#133326
түріРеферат
  1   2   3

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Математика кафедрасы







Реферат

Тақырыбы:Рух мәселесі



Орындаған: Жақыпбек М.
Тобы: ЖИА-311
Қабылдаған: Шылмамбетов С.

2023-2024



Мазмұны


Кіріспе 3
1. Философия тарихында рух мәселесінің қойылуы 5
1.1 Рух, жан түсінігі мен рухани құндылықтар ұғымының философиядағы орны 5
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер: 12






Кіріспе




Рух, жан түсінігі мен рухани құндылықтар ұғымының философиядағы орны.
Рух (лат.spiritus - леп, дем, ис) - сөздің кең мағынасында - материалды бастамаға қарағанда идеалдыққа, санаға барабар ұғым: тар мағынасында - ойлау ұғымымен деңгейлес. Философиядағы әртурлі ағымдардың өкілдері тек субьективтік рух (субьектікті, жеке адамды, индивидті) бөліп алып, оларды басымды деп қарастырғанда субьективтік идеализмге әкеліп соқтырады да, тек обьективтік рухты адамнан ажыратып алынған және мистикалық тұрғыдан өзіндік куш ретінде қарастыратын сананы алғашқы деп мойындаушылық обьективтік идеализмге ұрындырады. Антикалық философия рухты теориялық қызмет ретінде қарастырды (мыс., Аристотель үшін рух қызметтің жоғарғы формасы - ойлау туралы ойлау, теорияға рахаттану болып табылады). Дегенмен, рух ақыл - ойдан жоғары, тікелей интуитивтік танылатын бастама деп те танылды (Плотин). Бұндай көзқарас сырттай қарағанда рух - құдай, тек нанымның ғана ісі бола алатын, жаратылыстан жоғары ғажайып мән деп түсінетін діни идеологияға жақын. Неміс классикалық философияның өкілдері рухты өзіндік сананың қызметі тұрғысынан қарастырып, оның белсенділігін ерекше атап көрсеткен. Мыс., Гегель рухты тәжірибелік жене теориялық қызметтің тұтастығы ретінде зердеде іске асатын өзіндік сана мен сананың бірлігі деп түйді. Рух болмысы оның өз іс-әрекеті, бірақ бұл іс-әрекеттің өзін Гегель тек таным ғана деп түсінді. Гегель бойынша өзіндік таным процесінде рух табиғилықтан, сезімнен өтіп, өзін өзі тануға дейін көтеріледі. Материалистік философия табиғатка қарағанда рухты екінші деп қарастырады. Антикалық материалистер үшін рух бүкіл денені кернеп тұрған жанның, нағыз зерделі бөлігі. XVII-XVIII ғғ. материалистері (Гоббс, Лонж, Ламетри) рухты түйсіктердің комбинациясы ғана, не жалпы сезім, тұтас алғанда - сезімдік танымның бір түрі деп тусіндірді. Диалектикалық материализм руханилықты туйсіктердің қарапайым қосындысына теңгермейді оны адам қызметінің процестерімен, рухани өмірімен байланыстырады. Руханилық адамдардың материалдық, қоғамдық-тарихи практикасының жоғарғы нәтижесі; Энгельстің сөзімен айтқанда, ойшыл рух - материяның «жоғарғы көркі». Қоғамның рухани өмірі - коғамдық сана - коғамдық болмыстың бейнесі болып табылады. Сонымен қатар ол коғамдық болмысқа, адамзаттың практикалық қызметіне өзінің белсенді ықпалын тигізеді. [1; 367-368 бб.].
Рух сөзінің мағынасы жан, күш деген ұғым, түсініктерге келеді. Көпше түрі әруақ. Әрбір мұсылманның рухтың бар екендігіне сенуі шарт. Өйткені Кұран аяттары рухтың бар екендігі мен оның Алла Тагаланың әмірінде болатынын, өлгеннен соң басқа бір әлемге баратынын хабар береді. Ислами жүйе бойынша тартып айтсақ, рух сөзі көбіне үш мағынада қолданылады:
1) Жәбірейіл періштенің аты ретінде
2) Уахи мағынасында
3)Жандыларда тіршілік көзі болып табылатын күш мағынасында.
Рух жайындағы тартыстар мен түрлі пікір қайшылықтары ғасырдан ғасырға жылжып жалғасып келеді. Солардың бірі исламның бастапқы кезеңіндегі ғалымдардың айтуынша, рух Тәңірі жағынан бір құпия және адам оны жетік меңгере алмайды.
Рух - тірі, ақылсыз, ажалсыз жан. Бұл адам ұғымы бойынша кісілепмен анық және айқын бағаланатын, бөлудің нәтижесінде алынған анықтамадан шығады. Ол бойынша, адам тірі, ақылды, ажалды жан больп
табылады. Сонымен, тірі жан ұғымы ақылдыға және ажалдыға бөлінеді, бұл - адам; және де ақылды мен ажалсызға, бұл - жануар; және де ақылсыз бен ажалсызға, бұл - рух.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет