І Психика туралы жалпы ұғым. Сонау ерте замандарда-ақ адам заттық (айнала қоршаған табиғат, адамдар, әр алуан заттар) және затсыз, дерексіз (әр түрлі адамдар мен заттардың бейнелері, оларды еске алу, көңіл күйі), түсініксіз тылсым құбылыстар болатындығына назар аударған. Бұл жұмбақ құбылыстарды дұрыс түсінуге, олардың, табиғаты мен пайда болу себептерін ашуға мүмкіндігі болмаған соң, адамдар оларды қоршаған ақиқат дүниеге тәуелсіз, өз бетіншс өмір сүреді деп санай бастады. Осылайша тән мен жан, материя мен психикаболмыстарының бөлектігі жөніндегі топшылаулар пайда болды. Бұл топошлаулар принципті түрде кереғар, брін-бірі жоққа шығаратын философиялық екі бағыт:материализмжәне идеализмболып калыптасты.
Материализм мен идеализмнің арасында осыдан екі мың
жылдан астам уақыт бұрын басталған тартыс қазір де жүріп жатыр. Бұл ретте мынаны естен шығармаған жөн егер идеализмнің пайда болуын адамдардың білім дәрежесін төмендігінен деп түсіндіру; - болатын болса, ал оның күні бүгінге дейін сақталуы таптық қарама-кайшылықтардан, езуші таптың идеализмді өзінің билеп-төстеу жағдайын негіздеуге және нығайтуға пайдалану талпынысынан туады. Адамзат тарихының бүкіл бойында идеализм кертартпалық, ескілік философиясы болып келеді жылы солай болып та отыр. Психикалық құбылыстарды идеалистік тұрғыдан түсінудің
мәні психиканың материадан тыс, өз бетінше өмір сүретін болмыс ретінде қаралатындығында болып табылады. Психика — тәнсіз, материялсыз негіздің — «абсолютті рухтың», «идеяның» көрініс беруі, — дейді идеалистер. Тарихи жағдайларға байланысты идеализм өз ұсқынын өзгертеді, бүркемелене түседі, бірақ мәні өзгермей сол күйінде қалады. Психиканың материалистік тұрғыдан түсінудің идеализмге
қарама-қарсылығын психиканың материядан шығатын екінші
кезекті кұбылыс, ал материяның бірінші кезекті, субстрат (негіз), психиканың иесі ретінде қаралатындығында. Материяның бірінші және психиканың екінші - кезекті екендігін психиканың материяның дамуының белгілі бір кезеңінде ғана пайда болатындығымсн нанымды дәлелдеуге болады. Жер бетінде психикаға не тіршілік иелері пайда болғаиға дейіи жасы миллиардтаған жылдармен есептелінетін өлі табиғат болған. Материалистік ілім бойынша психика айрықша ұйымдасқан
жоғары дәрежелі материя — мидың қасиеті ретінде ұғынылады. Ал психиканың шынында да ми қызметінің нәрі, оның ерекше қасиеті екендігі жануарларға жасалған көптеген тәжірибелер және адамдарды клиникалық жағдайда байқаумен дәлелденуде. Мәселен, мидың белгілі бір зақымдануы кезінде психика міндстті түрде өзгсріске ұшырайды және оның мидың қай учаскесіне байланысты екенін анықтауға болады: егер мидың сол жақ сыңарының шүйделік бөлігіндегі қыртысы зақымданса,
адамның кеңістікте бағдар жасауы бұзылады, ал мидың самай бөлігі зақымданғанда сөзді, музыка әуендерін қабылдау (түсіну) бұзылады. Осындай және басқа да көптеген мысалдар психиканың ми қызметімен бірлікте екенін көрсетеді. Ми қызметінің жаратылыстық ғылыми талдауы И.М.Сеченев пен И. П. Павловтың енбектерінде берілген. И.М.Сеченев «Ми рефлекстері» (1863) деген еңбегінің өзінде-ақ, психикалық кызмет — рефлекторлық немесе бейнелендіргіш қабілеті бар кызмет деп жазған болятын. Ол психиканың рефлекторлық табиғатын аша келіп, адам миының рефлекстеріне үш буынның енетінін көрсетті. Бірінші, бастапқы буын – сезім мүшелерінде сыртқы әсерден туған қозу. Екінші, орталық буын — мида өтетін қозу және тежелу процестері. Солардың негізінде психикалық құбылыстар (сезіну, елестеу сезімдер және басқалар) пайда болады. Үшінші, соңғы буын — сыртқы қозғалыстар және адамның әрекеттері. Осы буындардың барлығы өзара байланысты және бір-біріне өзара себепкер. Сеченев ұсынған қағидалардың манызы аса зор: біріншіден,
психикалық құбылыстарға сыртқы әсерлердің ссбепші болу
жайы ашылады; екіншіден, психика ми қыртысында өтетін қозу мен тежелудің физиологиялық процесінің нәтижесі ретінде қаралады, үшіншіден, психика сыртқы қозғалыстарды және тұтас алғанда мінез-кұлықты реттеуші ретінде қаралады. Бұдан кейін ми қызметінің рефлекторлық теориясы мен психиканың рефлекторлық табиғатына теориялық және тәжірибелік негіздеме И.П.Павловтың еңбектерінде берілді. Мн қытысында туатын шартты рефлекстер, уақытша нервтік байланыстар жөніндегі Павлов ілімі психикалық қызметтің фнзиологиялық механизмін ашып берді. Мидың өзін-өзі ретке келтіретін жүйе ретіндегі құрылымы мен жұмыс тәсілдері туралы қазіргі кездегі білім психикалық
құбылыстардың материалистік негізін және психиканың адамның бар қызметін реттегіш ретіндегі ролін, тереңірек мүмкіндік береді. Психиканы зерттеу мидың жұмысын зерттеумен тамамдалмайды. Психиканың ми қызметінің ерекше нәтижесі, мидың айнала қоршаған әлемді бейнелендіруі екенін ешқашан да естен шығаруға болмайды. Психика мидың ақиқатты бейнелендіретін қызметі болғандықтан да, ол өз негізінде жатқан физиологниялық механизмдермен ғана емес, сондай-ақ белгілі бір мазмұнмен яғни адам айнала қоршаған дүнйеден дәл нені бейнелендіретіндігімен ситатталады. Психикалық бейнелендіру ерекшеліктері. В.И.Ленин еңбектерінде, ең алдымен «Материализм және эмпириокритицизм» (1908) атты шығармасында объективті шындықтың бейнеленуі ретінде психиканың мәні жан-жақты ашылған.