Реферат Тақырыбы: Сана. Бейсана. Өзіндік сана


ІІ Сана – адамға ғана тән



бет4/6
Дата04.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#79068
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия реферат

ІІ Сана – адамға ғана тән.
Сана - адамның барша психикалық қызметіне ортақ
қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Сана психикасының
ерекше сапалық формасы тіршілік эволюциясында өзінің
ұзаққа созылған тарихына ие болғанымен, ол алғашқы рет
еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамға ғана пайда
болды. Психиканың адамға ғана тән жоғары дәрежеде
дамуын сана деп атайды. Сана дегеніміз — ең таяу және
өзін түсіне бастаған индивидтен тыс басқа адамдармен
және заттармен арадагышектеулі байланысты тану болып
табылады,-деді К. Маркс. Сана жеке адамға тән дара
касиет. Адамда жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына
байланысты қалыптасқан қоғамдық сана да болады. Бұл
екеуі бірімен-бірі тығыз байланысты. Идеялық мазмұны
жағынан жеке адамның санасы қоғамдық
санасының көрінісі болып табылады. Адам санасының осы
екі түрін де қоғамдық болмыс белгілейді. Экономикалық
қатынастардың өзгеруіне ілесе, адамның сапасы да өзгереді.
Сананың дамуы сыртқы ортадан тәуелді болып отырады
дейтін түсінікті ғылымда детерминистік принцип деп
атайды. Детерминизм сана құбылыстарының пайда болу,
даму жолдарын және табиғаттагы заттардың барлығының
шығу тегі объективті себептіліктің заңдылықтарына
бағыныштығын түсіндіреді. Себептілік дүниенің заттары
мен құбылыстарының өзара байланыстарының шексіз
тізбегін, жан-жақты өзара әрекетті сипаттайды.



Адамның айналаны қоршаган ақиқатты бейнелендіруі ретіндегі екі түрде сипатталады. Біріншіден, психика — өлі, айнадағыдай, бір актілі бейнелеу емес, ол процесс, «Адамның бойында табиғаттың бейнеленуін «тұйық», «абстракт түрде» түсінбеу керек, қозғалыссыз, қайшылықтарсыз деп түсінбеу керек, қайта мәңгі козғалыс процесінде қайшылықтардың туына және олардың шешіліп отыру процесінде түсіну керек».
Екіншіден, психика — объективті шындықты бейнелендіру
кезінде кез келген сыртқы әсер (яғни, объективті шындықтың
әсері) психиканың бұрыннан қалыптасқан ерекшеліктері арқылы, нақты бір адамның бойындағы қазіргі сәттегі психикалық жағдайы арқылы өңі өзгеріп өтетін бейнеленді. Сондықтан белгілі бір сыртқы әсердің өзін әр адам әр түрлі, тіпті бір адамның өзі әр басқа уақытта және әрқалай жағдайда әр түрлі бейнелендіруі мүмкін. Бұл құбылыспен біз өмірде, әсіресе, балаларды оқыту және тәрбиелеу процесінде үнемі кездесеміз.

Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы оның зерттеуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым - катынасына, белсенділік деңгейіне және, ең бастысы, қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмұны реалды, бізге тәуелсіз және бізден тыс сүреттін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы баскаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтаң да бейнелеу субъективті, осылардың бәрі психика дегеніміз — объективті дүниені субъективті бейнелендіру деуге право береді.
Психиканың нақ осы ерекшелігі білім беру мен тәрбиелеу процесінде әр баланың жас шамасын және индивидуалды ерекшеліктерін ескерудің ете қажет екендігі жөніндегі педагогикалық маңызды принциптің негізіне алынған. Бұл ерекшеліктерді ескермейінше педагогикалық ықпал жасау шараларын әр бала қалай бейнелендіретін білу мүмкін емес.
Психикалық бейнелеу – ақиқаттың шынайы және дұрыс бейнеленуі. Материалдық дүніенің пайда болатың бейнелері
өмірде бар заттардың, болып жатқан құбылыстар мен оқиғалардың суреті, мүсіні, көшірмесі болып табылады. Психикалық
бейнелеудің субъективтілігі, бейнеленетін затты адамға ғана тән түрде белсеее құбылту айнала қоршаған дүниені дұрыс бейнелендірудің объективті мүмкіндіктерін ешбір жоққа шығара алмайды.

Психикалық бейнелеудің дұрыстығың мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақ осы қасиет ақиқатты танып білуді, оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді.
Сананын пайда болуы және дамуы биологиялық жағдайларға ғана емес, сонымен қатар және ең бастысы әлеуметтік-тарихын заңдылықтарға байланысты. Сана — адамның қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі тарихи дамуының жемісі, сондықтан да сананың даму процесі, оның әр көрінісі актісі адамзат қоғамы дамуының бүкіл барысымен және қазіргі әр жайт сайын ұшыратын реалды тарихы жағдайлармен анықталады.
Сананың тарихи сипаты оның жануарлар психикасынан
айырмашылығын көрсететін бірінші сипат болып табылады.

Айнала қоршаған дүниені сана деңгейінде психикалық бейнелендіру — танымның күрделі процесі болып табылады. Бұл
процесс, оның ұдайы жетілуі, өзара байланысты үш бағытта,
бір мезгілде өтеді. Ең алдымен, қоршаған әлемді бейнелендірудің өзі тарихи дамудың әр кезенінде әр түрлі болады. Бұл бейнелеудін сипаты қашан да өмірдегі әлеуметтік-тарихи жағдайларда тәуелді. Екінші сөзбен айтқанда, таным жалпы тарихи тұрғыда өзгереді.

Қоршаған әлемді бейнелендіру процесі әр адамның өмірі барысында да өзгеріссіз қала алмайды, яғни таным онтогенетикалық тұрғыда өзгереді. Бейнелендіру ерекшеліктері адамның жасымен және жинақтаған индивидуалдық тәибесімен байланысты, бейнелендіру әр белгілі бір таным актысының әр кезеңінде, білмеуден білуге, орталау, саяз білімнен әлдеқайда толық және мәнді білімге, сезімдік тамымнан логикалық абстрактылы танымға өту процесінде де әр түрлі болады. Бұл ретте бейнелену өзгерісі индивидуалды-гностикалық тұрғыда өтедіі.
Адамның айнала қоршаған дүниені тануындағы тарихи, онтогенетикалық және индивидуалды-гностикалық бірлік — адам
санасының жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіретін екінші сипат.

Адамның еңбегі нәтижесінің заттануы, жинақталған тәжірибенің сөз жүзінде талданып қорытылып, есте сақталуы адамдарға тек қазіргі жайын ұғыну ғана емес, сонымен бірге өзінің
өткен өмірін де білуге мүмкіндік береді. Өзінің өткендегісі мен
бүгінгісін салыстыра отырып, адам объективті себеп-салдарлы
бабланыстарды ашуға мүмкіндік адады. Себеп-салдарлы байланыстарды біле отырып, адам болашағын қиял арқылы көз
алдына елестете алады, бұл оған қызмет мақсатын саналы түрде белгілеуге және ерік күшін бүгінгісін кайта құруға жұмсауға мүмкіндік береді. Адамның саналы кызметі қашан да мақсат-бағдарлы снпатта болады.

«Адам табиғаттан алынған нәрсенің формасын өзгертіп қана қоймайды; сонымен бірге ол табиғаттан алынған нәрсе жөнінде өзінің саналы мақсатын да жүзеге асырады, ал мұның өзі заң ретінде оның іс-әрекетініц әдісі мен сипатын белгілейді» сондықтан ол өз еркін осы мақсатқа бағындыруға тиіс».
Егер де жануарлар пснхикасы олардың қалыпты жағдайға бейімделуін қамтамасыз етсе, адам санасы айнала коршаған
ортаға ықпалын тигізуге мүмкіндік береді. Адам санасы айнала қоршаған дүниені бейнелендіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол жасампаз да деп, В.И.Ленин атап көрсеткенді.

Адам санасының белсенділігі адамның қоршаған ортаны өзгерте алатындығынан ғана емес, сонымен бірге оның осы қызмет үстінде өз табиғатын өзгертетіндігінен де көрініс береді.
Адам санасының мақсат-бағдарлы және белсенді сипаты оның жануарлар психикасынан айырмашылығын білдіретін үшінші сипат.
Адам санасының төртінші маңызды айырмашылық ерекшелігі — өзіндік сана сезімнің барлығы.
«Жануар озінің тіршілік әрекетімен тікелей ұқсастықта болады. Ол өзінің тіршілік әрекетінен бөлектенбейді. Оның өзі осы тіршілік әрекеттен тұрады. Ал адам өзінің өмір қызметін еркі мен өз санасына ырықты затқа айналдырады».
Адам өзін басқа адамдармен белгілі бір қарым-катыс жүйесіне, белгілі бір қызмет процесіне енген жеке адам ретінде сезінген кезде өзіндік сана-сезім адамның өзін-өзі тануға бағытталған сананың бір бөлігі немесе бір қыры ретінде көрініс береді.
Ойлау және сөйлеу қабілеттерінің арқасында адам санасында айнала қоршаған дүниенің бейнеленуі жалпылама және жанама формада, тек тікелей бейнелер түрінде ғана емес, сондай - ақ елеулі байланыстар мен қарым-қатыстардың жалпылама көрінісі болып табылатын ұғымдар түрінде де жүзеге асады.
Ақиқаттың адам санасында жалпылама және жанама түрде бейнеленуі — сананың жануарлардың психикасынан айырмашылығьн білдіретін бесінші сипат болып табылады.
Сана мен іс - әрекеттің бірлігі қызметтің сана белсенділігнің формасы ретіндс көрініс беруінен аңғарылады. Егер сананы бейнелену ретінде ұғыну оның екінші кезекті сипатын анықтап, оның адекватты (ақиқатқа толық сәйкес келу) бейнелену екендігін көрсетіп тұрса, онда сананы іс-әрекет ретінде ұғыну сананың белсенділік сипатын білдіреді, ақиқатты бейнелендіру айнала қоршаған дүниенің идеялды моделін құрастыруға ғана емес, сонымен бірге оны қайта кұруга әкелетіндігін мегзейді.
Сана іс-әрекеттің мақсатты-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-әрекет бірлігі сананың адамның бар мінез-құлқы мен барлық әрекетін реттеуші сапасында болатындығында. Іс-әрскеттің мақсатты сипаты, мәні жинақталған тәжірибе, белгілі бір процестердің заңдылықтарын білу адамға болашақты болжау мүмкіндігін туғызуда болып табылатын алдын ала бойнелендірудің (П.К.Анохин) болуымен қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет