Реферат Тақырыбы: Сана. Бейсана. Өзіндік сана



бет3/6
Дата04.04.2023
өлшемі42,26 Kb.
#79068
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Философия реферат

І.2 Психика эволюциясы
Эволюциялық дамудың белгілі кезеніңде, аталған барша жүйке тетіктерінің жоғарысына, үлкен жарым шарлары жүйке жүйесінің келесі, ең жоғарғы деңгейі бас миының жаңа қабығы қосылды. Міне, осы мидағы бұрын болмаған қабық жануар қылығындағы жаңа формаларды реттеуге
араласып, жетекші рөл атқаратып болды. Бас миы қабығының қызметі сыртқы сигналдарды қабылдап, бұрыннан қалыптасқан әрекет бағдарламасын іске қосу, сонымен бірге ақпарат мазмұнын талдау, ондағы өзгерістерге
сай өзін баптау, жаңа жүйке байланыстарып түзіп, ауысқан жағдайға икемді әрекет түрлерін дайындап, қалыптастыру және оларды жадта сақтап қалу.

Психика дамуының ертедегі сатыларында мінез – құлықтың ұрпақтан – ұрпаққа берілетін қарапайым стереотиптері үстемдік еткен болатын. Бұл стериотиптер инстинктер деп аталады. Инстинктер – биологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты мінез – құлық актілері. Инстинктер туа бітеді – олар жыныс клеткасына негізделген.
Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез – құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Инстинктер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт – организмнің белгілі тіршілік жағдайынна, өскен ортасына әбден көніккенін көрсетеін мінез – құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, қортышқанның іні т.б. өте «шеберлікпен», «ептілікпен» жасалынды. Бірақ осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өткеніинстинктік амалдар бәрі – тұқым қуалау жолымен жасалынды.
Олар өздерінің тұртылығымен, оралымсыздығымен ерекше көзне түседі. Мәселен, тауықтың басып отырған жұмыртқаларын алып, орнына тас салса да, мерзімді күні біткенге дейін отыра береді. Өйткені жылдың белгілі мезгілінде тауықтың, я басқа құстың жыныс безі гормондары қозып, осындай күйге түседі. Инстинктер жануарларда бір арнамен тізбектілік өтіп жатады. И.П.Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбесі дей келіп, инстинктердіғң басты түрлеріне (жыныс, тамақ, өмірін сақтау т.б.) физиологиялық сипаттама берген.
Дағды инстниктерге қарағанда өзгермелі, мінез – құлықтың икемі түрі. Орыстың атақты аң үйретуші В.Д. Дуров өз аңдарына кітап «оқытты», «үй сыпыртты», «есеп шығартты», тіпті орамал мен мұрын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д.Дуров осындай табысқа И.П.Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені В.Д, Дуров жануарларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарда шартты рефлекстерді жасады.
Интеллект айуанның жеке өзіне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдісі. Мұндай «әдіспен» басқа жануарлар пайдаланбайды, бұған басқа жолмен жетеді. Бұл айуанның кез – келген уақытты айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша жетекшілік рөль атқармайды. Мінез – құлықтың осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын «қатыратын» күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллекттік амалға бара бермейді. Интелект – жануарлар психикасының ең икемді түрі. И.П.Павлов маймылдардың интелектісі да ассоциациялардан тұратындығын, бірақ мұның сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті.
Эволюциялық басқыштың түрлі сатыларында тұрған айуанда психиканың бір формасы үстем болғанмен, оның басқа түрлері де кездесе береді. Мәселен, буын аықтыларда инстинкт үчтем болғанымен, оларда дағды да өсіп жетіле алады. Интеллектің өзі де инстинктер мен дағдылардың негізінде құралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет