Реферат тақырыбы: Сана және тіл Орындаған: Жамалбек Бақыт Тексерген: Әубакіров Ерлан Жанайдарұлы


Когнитивтік лингвистиканың тарихы, ондағы басты кезеңдер



бет4/7
Дата28.02.2022
өлшемі29,72 Kb.
#26693
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Когнитивтік лингвистиканың тарихы, ондағы басты кезеңдер.

Когнитивтік лингвистиканың тіл ғылымының теориялық саласы ретінде 19 ғасырдан бері қалыптаса бастады. Дыбыстық тілде толып жатқан ортақ сипаттардың, универсалды құбылыстардың барлығы алуан тілдердің фактілерін бір-біріне салыстыра қарау нәтижесінде айқындалады. Оның айқындалуы адам баласының тілінде болатын ортақ заңдылықтарды, универсал құбылыстарды зерттейтін, соның негізінде жалпы тілдік теориялық тұжырымдар жасайтын жалпы тіл білімін дүниеге келтірді.

Когнитивтік лингвистика – тіл мен танымның, тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. «Когнитивтік лингвистика» пәнінің алға қоятын мақсаты – студенттерді теориялық тіл білімінің ең негізгі, өзекті мәселелерінен хабардар ету. Оларға тіл туралы ғылымның тіл мен танымның, тіл ғылымының өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты-басты проблемалардан оқу бағдарламасы талабына сай жүйелі білім беру.

Когнитивтік лингвистиканың нысаны – тіл мен танымның бірлестігі, адамдардың дыбыстық тілі. Когнитивтік лингвистика ғылымы тілдің танымдық қасиетін, тілдің құрамын, функциялық сипаттарын, даму заңдылықтарын, сыртқы дүниемен, қоғаммен, ой-санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын түгел алып, жан-жақты зерттейді. Когнитивтік лингвистиканың дүние жүзіндегі тілдердің барлығына немесе басым көпшілгіне тән универсалды (жалпы) мәселелерді қарастырады. Сонымен бірге тіл білімінде жалпы тілдік теорияның қалыптасу тарихы, әр түрлі тілдік кезеңдерде, бағыттарда қалай шешілгені қамтылуы тиіс. Ондай өзекті проблемалар қатарына мыналар жатады:

1. Тілдің танымдық сипатымен, тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен, байланысы, атқаратын қызметі.

2. Тілдің құрылымы, құрылымдық элементтердің бір-бірімен байланысы, арақатынасы.

3. Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттары.

4. Дыбыс тілінің шығуы. Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ, т.б.

5. Тіл білімінің өзіндік зерттеу әдістері.

6. Когнитивтік лингвистиканың негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орны.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет