Реферат тақырыбы: Сана және тіл Орындаған: Жамалбек Бақыт Тексерген: Әубакіров Ерлан Жанайдарұлы



бет3/7
Дата28.02.2022
өлшемі29,72 Kb.
#26693
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сана және тіл. Реферат

Тіл және ойлау. Тіл және сана.

Тіл мен ой-сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе-тең бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатысы жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.

Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді. Менталингвистика нысандары ішіндегі қиын да актуалды проблемалардың бірі – тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас. Оның қиындығы – тіл мен ойлау табиғатының күрделілігінде, қарым-қатынастарының әр жақтылығында.

Тіл екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы дыбыстық материалдық жағы да, екіншісі – ішкі мазмұндық, логикалық жағы. Тілдің, тілдік элементтердің логикалық жағы дейтініміз – олардың білдіретін мағыналары, атқаратын қызметтері. Тілдік элементтер сөйлеу процесінде қандай қызмет атқарса, сол олардың мәні, мазмұны, мағынасы болмақ. Басқаша айтқанда, мағына деп тілдік тұлғалардың семантикалық функциясын айтады. Тілдік элементтердің мағыналары дамудың ұзақ замандық тарихы бойында бірте-бірте қалыптасады да, келе-келе әбден орнығып, сол тілде сөйлейтіндердің барлығына бірдей түсінікті және міндетті жалпылық сипат алады. Тілдік ұжым мүшелері сөйлеу процесінде сөздің лексикалық мағынасын түрлендіріп, оны ауыспалы, келтірінді мағынада қолдана береді, ал, грамматикалық мағыналарыды олай түрлендіре алмайды. Бұл жағдайлар тілдік семантиканың сапалық жағынан да, сандық жағынан да, құрылымдық және қызметі жағынан да әр қилы екендігін байқатады. Тілдік мағыналардың сол түрлерін дұрыс айқындап, жан-жақты талдап шешу менталингвистика мен лингвистикалық концептологияның негізгі міндетттерінің бірі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет