Реферат тақырыбы: Сана және тіл Орындаған: Жамалбек Бақыт Тексерген: Әубакіров Ерлан Жанайдарұлы


Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер



бет5/7
Дата28.02.2022
өлшемі29,72 Kb.
#26693
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептер.

Бұл проблемалар – тіл білімінің өзіндік сипаты бар дербес ғылым екенін танытатын және өзара байланысты мәселелер. Когнитивтік лингвистиканың қарастыратын проблемаларды сөз еткенде, олар жөнінде белгілі тұжырымдар жасағанда, жеке тілдерді немесе тілдік топтарды зерттеу нәтижелері басшылыққа алынады. Теориялық тұжырымдар жеке тілдерді зерттеу, айқындалған топшылауларды жинақтау, қорытындылау негізінде жасалады. Сондықтан ғылыми негізде зерттелген тілдер неғұрлым көп болса, жинақталатын, қорытылатын, материалдар да солғұрлым көп болса, когнитивтік лингвистиканың мазмұны тереңдей, ғылыми нәтижесі молая түседі.

Когнитивтік лингвистика – көп қабатты, сан-салалы күрделі ілім. Оның күрделілілігің, қиындығының басты себебі – нысанының қыр-сыры молдығында. Қазіргі заман тіл білімінде қалыптасқан бірнеше күрделі салалар бар. Олар:

1. Интралингвистика (лат. - ішкі) тілдің ішкі жүйелік құрылымын, жүйе элементтерінің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейді. Оның негізгі салалары – фонетика, лексикология, грамматика.

2. Экстрлингвистика (лат. - cыртқы) тілдің сыртқы дүниемен, қоғаммен байланысын зерттейді. Оның социолингвистика, менталингвистика дейтін 2 саласы бар.

Тіл білімін зерттеуде қолданылатын әдіс-тәсілге, зерттеушінің ұстанған бағыт-бағдарына қарай жіктеушілік бар. Ондай жіктеулер қатарына салыстырмалы-тарихи, типологиялық, ареалдық, структуралық, психологиялық, этнографиялық, эстетикалық, синхрондық, диахрондық, қолданбалы тіл білімі т.б. жатады. Ғылым – шындық өмірдің ақиқат заңдылықтары туралы білімнің жоғарғы формасы, теоиялық ойлаудың жемісі. Ғылым адам баласының ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте туып қалыптасады. Әдетте, ғылымға нысан болатын мәселелерді жаратылыс құбылыстарына және қоғамдық құбылысқа жататын мәселелер деп ажыратып сол нысандарға орай бар ғылымды жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар деп екі үлкен топқа бөледі.Бұл екеуіне қосылмайтын ғылым да бар: ол – философия ғылымы. Мұның оқшау болатын себебі – ол жоғарыда аталған екі топтағы ғылымның екеуіне де қатысы бар жалпы заңдылықты зерттейді. Бұл – табиғаттың да, қоғам мен ойлаудың да жалпы заңдылықтарын қарастыратын методологиялық ғылым. Тіл білімінің тарихында тіл білімін қай ғылым тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді. Ол – ғалымдардың тілдің өзіндік сипатын әр түрлі түсінулерінен туды. Біреулер тілді биологиялық организм десе, екіншілер психологиялық құбылыс, ал үшіншілер физикалық құбылыс деген т.б. пікірлер айтты. Ал, шындығына келгенде, тілде аталған сипатттардың бәрі бар.

Ешнәрсемен байланыссыз томаға-тұйық болып тұратын құбылыс қоғам өмірінде де, табиғатта да кездеспейді. Бұл – ғылымға да тән. Ғылымдардың бір-бірімен байланысы, олардың зерттейтін нысандарының ортақ болуынан да туады. Ғылым жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір құбылысты, затты өзіне нысан етіп тұтас алуы да немесе оның белгілі бір жағын, бір саласын ғана алуы да мүмкін. Осыдан барып жаратылыстағы, қоғамдағы белгілі бір болмыс, құбылыс бірнеше ғылымға ортақ нысан болады. Мысалы, тіл білімі мен философия ғылымының байланысына тоқталайық. Тіл білімінің философиямен бірлігі ежелгі замандардан басталады. 19 ғасырға дейін тіл білімі, көп жағдайда, философия ғылымының бір саласы ретінде қаралды.Тіл мәселелерімен айналысқандардың басым көпшілігі философтар немесе әрі философ, әрі тіл ғалымдары болды. Қазіргі кездегі тіл білімі философияның тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады. Тіл білімі мен философия арасындағы байланыс екі жақты: философия жалпы заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде тіл біліміне методологиялық негіз болса, тіл білімі ойды қалыптастыруда, оны жарыққа шығаруда тілдің қандай қызметтер атқаратыны және қалай атқаратыны жөнінде философияға материалдар береді. Дегенмен, философия үшін тіл – жалпы заңдылықтар тұрғысында ғана қаралатын жанама нысан.

Когнитивтік лингвистика – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым. Сөйлеу тілі – сан-салалы, өте күрделі құбылыс. Когнитивтік лингвистиканың ішіндегі күрделі, өзекті проблемалары: тілдің танымдық қасиеті, дыбыс тілінің табиғаты мен өзіндік мәні (тіл білімі тарихында бұрын-соңды болған әр түрлі лингвистикалық мектептердің, бағыт-бағдарлардың барлығы да осы мәселенің қалай шешілуіне қарай аталып жіктелген); тілдің функциясы, ол функцияның қандай жолдармен іске асатынын айқындау; тілдің тіршілігі, оның таныммен, оның қоғаммен, ой-санамен қарым-қатынасы; тілдік элементтерде болатын өзгеріс-құбылыстар, тілдің дамуы, оның ішкі-сыртқы себептері; тілдің диалектілік және әлеуметтік салалары, т.б.

Дыбыс тілін анықтауда оған – тіл дегеніміз не? деген бір сұрау қою да, бұл сұрауға бір сөйлеммен жауап беруді талап ету де дұрыс бола қоймайды. Өйткені дыбыс тілінің өзіндік сипаттары бір сұраудың да, бір сөйлеммен құралған анықтаманың да шеңберіне сыймайды. Әңгіменің түйіні дыбыс тілінің несін, қай сипатын айқындағымыз келетіндігінде. Егер дыбыс тілін қоғамдағы қызметі жағынан айқындағымыз келсе, оған – дыбыс тілі дегеніміз - «адамдардың бір-бірімен қатынас жасайтын құралы» деп, егер дыбыс тілінің таныммен, ой-санамен қарым-қатынасын айқындағымыз келсе, «ойды қалыптастырып, жарыққа шығаратын құрал, ойлау құралы, ақиқат, шын сана» деген анықтама береміз. Дыбыс тілін құрылымдық, матеиалдық жағынан айқындағымыз келсе, «қатынас жасауға қажетті элементтердің, ереже, үлгілердің жиынтығы», қоғам өміріндегі рөлін, алатын орнын байқатқымыз келсе, «қоғамның күресі мен дамуының құралы, мәдени өмір формаларының ең негізгілерінің бірі» деп атаймыз, т.б. Бұлардың ішінде ең негізгісі – адам қатынасының аса маңызды құралы дейтін жалпы анықтама.

Тілдің қатынас құралы болу қызметі, танымдық сипаты, коммуникативтік деп аталса, оның ойды қалыптастыру, жарыққа шығару, адамның психикалық күйін, жан сезімін, ішкі толғанысын білдіру қызметі экспрессивтік деп аталады. Қатынас құралы болу – тілдің ең маңызды қызметі. Тілдің басқа қызметтерінің барлығы да осы негізгі қызметке тәуелді.

Тілдің табиғаты дегенге оның қандай құбылыстар қатарына – қоғамдық, табиғи, психофизикалық екені жатады. Тілі білімі тарихында натуралистік мектеп деп аталатын бағыттағы ғалымдар тілді биологиялық құбылыс – демалу, қоректену, жүріп-тұру сияқты адам организміне тән, жаратылыстан берілген биологиялық қасиет деп саналады. Бұлай болғанда тіл атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырылуы керек. Бірақ өмір тәжірибесі тілдің тұқым қуалайтын биологиялық қасиет емес екендігін, тілді адам баласы өмірден, өзін қоршаған қауымнан үйренентіндігін көрсетеді. Қандай халыққа, қандай нәсілге жататындығына қарамастан, жас баланың өзін қоршаған қауым қай тілде сөйлесе, сол тілде сөйлеп кететіндігі тілдің биологиялық құбылыс еместігін білдіреді. Сондай-ақ, тіл жеке адамның рухани қасиетіне тән психикалық құбылыс та емес. Олай болғанда, әр адамның тілі әр басқа болар еді де, халықтық, ұлттық тіл деген болмас еді. Сонымен, тіл – биологиялық та, психикалық та құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.

Тілдің шығуы туралы ежелгі Грецияда туған, 17-18 ғасыр ойшылдары тарапынан қолдау тапқан келісім теориясының өзі де, белгілі шамада тілдің әлеуметтік сипатын мойындағандық. «Тіл – қоғамдық» деген тезисті ұсынбағанмен, тілдің қоғам өмірімен байланыстылығы, қоғамдағы орны, рөлі деген мәселелермен 19 ғасырда өмір сүрген көрнекті тіл ғалымдарының көпшілігі-ақ айналысты. Я.Гримм, В.Гумбольдт еңбектері кейініректе туған лингвистикалық мектептердің тілдің әлеуметтік сипатына ерекше мән берулеріне түрткі болды. Бұл мәселеге Н.Я.Марр мектебі де ерекше мән берді. Тіл қоғам қажетін өтейтін, қоғамға қызмет ететінқоғамдық құбылыстар қатарына жатады. Пікір алысу, сөйлесу қоғамдасқан адамдар бар жерде ғана болады, адам жоқ жерде тіл де жоқ. Адам қоғамы қашан туған болса, тіл де осы кезеңде пайда болған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет