Саясаттың әдістері мен категориялары
Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіне тән ұғымдары бар.Оның категорияларына төмендегі ұғымдар жатады.
Саясат және саяси билік, саяси мүдде саяси қатынас, саяси сана, саяси процесс, саяси мәдениет пен адамдардың саяси қызметі, қоғамның саяси өмірін ұйымдастыру және саяси жүйе туралы білімдердің тұтас, жүйелі жиынтығы.
Саяси қатынастар
Саяси қатынастар – саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субьектілерінің өзара қарым - қатынасы. Саяси қатынастар саласы қоғам өмірінің саясилану деңгейіне және саяси-мемлекеттік бақылау ауқымына тәуелді. Саяси қатынастар қоғамның саяси жүйесінің қызметін анықтайды.Саяси қатынастарды келісім, бітімгершілік,ынтымақтастық,қақтығыстық, бәсекелестік деп жіктеуге болады. Саяси қатынастарға саяси дәстүр мен мәдениет,саяси-мемлекеттік институттар және саяси-құқықтық ережелер ықпал етеді.
Саяси қатынастар субьектілері-жеке индивидтер, топтар, қауымдар мен тұтастай қоғам болып табылады. Осыған орай, саяси қатынастар көп деңгейлі, күрделі және өзара тәуелді болып келеді. Жеке топтық деңгейде олар саяси және әлеуметтік экономикалық құрылымдағы осы қатынастар субьектілердің мәртебесі мен рөліне, мүдделері мен құндылықтарына , әлеуметтік – психологиялық қасиеттеріне тәуелді. Саяси қатынастар деңгейі жоғарылаған сайын оған ұлттық саяси мәдениет, қоғамдық-экономикалық жүйе және өркениет ерекшеліктері ықпал етеді.
Саяси мүдде
Саяси мүдде – адамның әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үдерістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы,ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын және оған қол жеткізу үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси қатысу және саяси қызмет.
Саяси мүдде субьективті сипатына байланысты – мемлекеттік, партиялық, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мүддесі; қызмет істеу саласына байланысты – ішкі саяси және сыртқы саяси ; жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты – шынайы және мүмкін; қауымдар деңгейіне байланысты – жеке, топтық, таптық, ұлттық, қоғамдық болып бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |