«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» «Филология» факультеті 6В02305 – «Қазақ филологиясы» мамандығы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шәкір Ибраев «Абай феномені»
Орындаған: Шолбаева Гүлім ФҚТ-31
Астана, 2024 Мазмұны
Кіріспе
«Абай феномені»
Абай шығармашылығындағы сөз сипаты
Абайдың ағартушылығы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе Соңғы жылдарда абайтану мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, Абайдың шығармашылығын әлемдік контексте пайымдау үшін түрлі жұмыстар атқарылды. Абай шығармашылығы мен ақындық тұлғасы әр кезде орын алған саяси-әлеуметтік көзқарастарға сәйкес ұдайы зерттеліп жатыр. Оның ішінде Абай тұлғасын, шығармаларының көркемдік кестесін танып білуге негіз болатын тұжырымдар, поэзиясының жаңашылдық сипаты т. б. маңызды ізденістер жетерлік.
Оған дәлел Шәкір Ибраевтың Абай феномені кітабы. Кітапта Абайдың ақындық тұлғасы, шығармашылығы әдебиеттану ғылымының қазіргі заманғы жетістіктері мен концептуалдық нәтижелері тұрғысынан талданған. Абай поэзиясының көпқабатты сипатын, мәнін, құрылымдың жүйесін аныңтауға мүмкіндік беретін жаңа әдістемелік тұғырнама ретінде қарастырылады. Мұнда ақын өлеңдерінің жеке шумақтарына, үзінділеріне емес, тұтас қарай отырып, мәтіннің идеясы қандай, оны қалай жүзеге асырды деген мәселелерге мән берілген.
1. Шәкір Ибраев «Абай феномені» «Абай феномені деген сөз – сән үшін айтылған термин ғана емес. Феноменология – Америка мен Батыс Еуропаның әдебиеттану ғылымындағы жетекші теориялық зерттеу мектебі. Сол мектептің тұғырнамасы негізінде Абай шығармаларына зер салып қарағанда, қаузайтын мәселелердің көп екені байқалды» Ш. Ибраев. «Абай феномені» еңбегінде 5 мәселе қарастырылды. 1. Абайтанудың заманауи мәселелері, 2. Абайдың ақындық тұлғасы, 3. Абайдың ақындық сыры, 4. Абай өлеңдеріндегі автор және оқырман бейнесі, 5. Абай феномені және әлеуметтік парадигмасы.
Ш. Ибраев Абайды әрі ақын, әрі ойшыл тулға ретінде зерделеу үшін әлеуметтік орта және сол ортада ақынның өзін саналауы, тұғырнамасы, социумға көзқарасы тыңғылықты жүйеленуі қажеттігін, Абай феноменін тану үшін осы айтылған ақын және социум ұғымдарының арақатысын әлеуметтік, психологиялық және көркемдік аспектілерде біртұтас пайымдау арқылы бір адамның бойында бүтінделген құбылыстың дара сипатын жинақтау тиімді болатындығын жеткізеді.
1.Абай шығармашылығындағы сөз сипаты Абай шығармашылығындағы сөз, шығармашылықтың сыр-сипаты мен бағыт-бағдарын айқындайтын түсініктермен сабақтас. Сондықтан болар, сөздің мәнділігі, оған зейін қоятын қоғам жағдайы үнемі ақын назарында тұрады. Абай сөзді мезгілі келетін уақытқа, күні туатын қоғамдық санаға бағыттады. Абай шығармаларында көркем сөздің түрлі коммуникативтік жүйесі асқан шеберлікпен колданылған. Олардың қызметі ақыл ой-өрісінің ағымына және мақсатына қарай функционалдық жүк арқалайды. Осы тұрғыдан әдебисттің көтерген өлеуметтік жүгі де, ақынның қоғамдағы статусы да Абайды мүлдем қанағаттандырмайды. Мысалы, Абайдың 1892 жылы жазған «Не іздейсің көңілім не іздейсің?» деген өлеңінде көңіл-күйдің осы бір сәті, сөзіне сүйеу таппаған, рухани таянышы жоқ ақынның хәлі анық анғарылады.
Шәкір Ибраевтың пайымдауынша, Абайдың өлеңдерін оқып отырғанда жеке адамға арналған сияқты көрінеді. Бірақ, тұтастай алып қарағанда, Абай адамның, қазақ қоғамының халық ретінде жіберіп отырған кемшіліктерін көріп, оны әдемі сынап айта білген.
1.Абайдың ағартушылығы
Ш. Ибраев ұлы ақынның ағартушылық қызметінің маңыздылығына ерекше тоқталыпты. «Абайдың ағартушылығы – бүкіл қазақ қоғамын тежеген, ұлттың қанына сіңіп кеткен кеселден айығудың жолын іздеу, надандықтың неге әкеліп соқтыратынын аңғарту. Бұл жерде социум ахуалы, білімі, мәдениеті, тәрбиесі, діні, ділі, қысқасы ұлттық құндылық тұтас зерделенеді.
Абай қазақ халқының өмірін бейнелейтін тамаша туындылар жасап қана қоймай, классикалық-орыс әдебиетінің шығармаларын ана тіліне аударумен де айналысады. Абайдың шығармалары мен аудармалары халық арасында қолжазба және ауызша түрде тез тарала бастады.
Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалықжаулықты жою,сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.Өзінің ағартушылық философиясына сәйкес ол әлеуметтік жаңару тек білім арқылы ғана мүмкін болады деп есептеді.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді.
Қорытынды: Кітапта Абай шығармашылығының құпиясы ақын дүниетанымының феномендік сипатында екендігін және феномендік санадағы үдерістің болмысты жинақтау жөне қабылдау озгешелігімен астасып жатқан дара құбылыс екендігін жеткізеді. Ал бұл үдерістін Абай дүниетанымында адамның, қоғамның жасау шарттарының жалпы адамзаттық құндылықтармен, одан әрі мәңгілік жаратылыс ақиқатымен байқалатындығы жайында сөз қозғалады. Жалпы Абайтану – үнемі даму, кемелдену үстіндегі ғылым. Сол себепті, Абайды тану мен зерттеу ісі абайтану пәнінің ғана нәтижесі болып қоймай, іс жүзінде әдебиеттану ғылымының да ізденістерін айқындаған басты ұстанымдар ретінде әдебиет тарихынан орын алды.
Әдебиеттер тізімі: 1. Ибраев Ш. Абай феномені: монографиялық зерттеу. - Нұр-Сұлтан : Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2020. - 184б.
2. Сәрсембин Ү. Абай феномені: мақала. 2015.