Реферат Тақырыбы: Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторолардың әсері



бет2/4
Дата16.10.2022
өлшемі29,88 Kb.
#43408
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Анатомия СРО.1

Сүйектің құрамы.


Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында - 50% су, 12,5% нәруыз тектес ағзалық зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.

Сүйектердің байланысы.


Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі жүлгелер, төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін шұрықтар болады. Қаңқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Олар аткаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, шала қозғалатын және қозғалмалы байланыстарға бөлінеді .

Қозғалмайтын байланысқа


Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бірімен-бірі тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан.

Шамалы қозғалатындар


Шамалы қозеалатындарға - омыртқалардың бірімен-бірі шемір-шектер арқылы және қабырғалармен байланысуы жатады.

Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа


Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа аяқ-қол сүйектерінің байланысы т.б. жатады .

Буындар


Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын дегеніміз сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері. Әрбір буынның сырты тьныз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығының буын сұйықтығы бөлінеді. Сұйықтык үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады.
Сүйектің бірімен-бірі байланысатын шеті жылтыр, тегіс шемір-шекпенқкапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) өлсіретеді.
Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) — кеңістікте қозғалу мүмкіндігі мен ағзаның ішкі мүшелерінің қорғанысын қамтамасыз ететін, оған тірек болатын, ағзаға пішін беретін, қаңқа түзуші құрылымдар кешені, адамның қозғалыс аппараты. Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет