Реферат Тақырыбы: Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы. Орындаған: Бекбол Ақбөпе Тобы: ппм-012 Мазмұны


Сөздің психологиялық мағынасы мен құрылымы



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі175,26 Kb.
#118122
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы. (копия)

Сөздің психологиялық мағынасы мен құрылымы
Сөздің негізгі ерекшеліктерінің бірі - дербес мағынаны иеленуі. Сөз мағынасы, оның табиғи сипаты лингвистикада тіл тарихы дәуірінен бастау алады. Мағына терминінің ұғымы өте кең, мұны осы ұғымның тілтанымдағы бағыттардың өзіндік концепцияларымен түсіндіруге болады. Бұған төмендегі сөз семантикасына байланысты берілген тілтанымдық тұжырымдар дәлел болады:

  • зат атауы (сөздің тура немесе номинативті мағынасы);

  • зат туралы ұғым;

  • таңба мен зат арасындағы қатынас;

  • таңба мен сол зат туралы ұғымның арасындағы қатынас;

  • таңба мен түсінік арасындағы қатынас;

  • таңба мен адам әрекеттері арасындағы қатынас;

  • таңба мен таңба арасындағы қатынас;

  • сөз таңбаның қызметі;

  • ақпараттың инварианттылығы;

  • қоршаған орта бейнесі.

Жоғарыда көрсетілген әрбір тұжырымның өзіндік рационалды мәні бар. Мәселен, алғашқы концепция мағынаны сөздің нысанға (референция) қатыстылығына орай сөз затты атайды, атау мен сол арқылы таңбаланатын зат арасында тура (табиғи) немесе жанама байланыстың бар екенін айғақтайтын (грек философтары) ескі тұжырым болып табылады. Бұған жалқы есімдердің нақты бір нысанды, жалпы есімдер сол нысандардың ортақтығын, етістік іc-әрекет, қимыл-қозғалысты атайтындығы, ал сын есім мен үстеу іс-әрекет пен обьектінің сапасын, қасиетін, мөлшерін, сын-қимылын бейнелейтіндігі дәлел болады. Бұлай жіктелу үлгісі тіл ғылымында номинативті парадигма жүйесі деген атауға ие.
Номинативті парадигма мәселесін қарастыру барысында сөздің тек затпен ғана емес, белгілі бір дәрежеде сана, ойлау, дүниетаным жүйесімен де байланыстыра қарастыру қажеттілігі туралы көзқарас пайда болды. Бұл идея Фрегенің семантикалық үшбұрышында төмендегідей дәрежеде көрініс тапты:
сөз атау мағына зат бейнеленеді ұғым (денотат, референт) (сигнификат). Семантикалық үшбұрыш Берілген үш элемент пен олардың арасындағы кешенді байланыс тіл жүйесінде сөз бірлігін қалыптастырады. Сөз мағынасын құраушы негізгі элементтерді сипаттай отырып, Фреге концепциясы бойынша сөз мағынасының тілдік жүйеден тыс көптеген жекелік мәнге ие ұғымдық қатынастар жүйесін түзетіндігін айқындаймыз. Осыған орай, сөз мағынасы қазіргі таңда психологиялық аспект тұрғысынан қарастырылуда.
Сөз мағынасы күрделі құрылым. Сөз мағынасын құрылымдық жүйенің элементі ретінде қарастыру зерттеліп отырған мәселенің лингвистикалық аспектісін құрайды. Лексикалық мағына көрсеткіштері, В.А.Звегинцевтің тұжырымдауынша, белгілі бір затқа тәуелділігі, арнайы ұғыммен байланысы және лексикалық бірліктердің өзара қатынасы арқылы айқындалады. Лексикалық мағынаның қалыптасуындағы жүйелі қатынастардың мәні туралы айта отырып, тілші-ғалымдар лексика-семантикалық өрісті айқындауда сөздің семантикалық құрылымындағы дифференциалды белгілерін (сол сөзді өзге сөзден ажыратушы семантикалық белгілер жиынтығы) анықтау мәселесіне назар аударуда. Тілде лексикалық бірліктерді топтастыру мен саралау ісі лексикалық-семантикалық өріс туралы ұғымның дамуына алып келгені белгілі. Лексика-семантикалық өріс тілдік жүйедегі ірі-ірі лексикалық топтарды қалыптастыруға (ұғым-түсініктердің ортақтығы, сөздер тіркесімділігі) бағытталған.
ХХ ғасырдың аяғында тіл жүйесіне антропоөзектік тұрғыдан қарау лингвистикалық зерттеу парадигмаларын өзгертті. Семасиология мен когнитология тарапынан сөздің шеткергі, алыс мағынасын зерттеу анализі кең көлемде жүргізіле бастады. Себебі сөздің алыс мағынасы салыстырмалы түрде концептіге жақын, бұл когнитологтар мен лингвокогнитологтар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Осыған байланысты лингвистер мағынаның екі типін терминологиялық жақтан ажырата білу керектігін айтады: бірі - түсіндірмелі сөздіктерде берілген сөздің сигнификативті мағынасы; екіншісі - тіл тасымалдаушының тілдік санасында өмір сүретін сөздің психологиялық мағынасы. Сөз мағынасы танымдық сипатқа ие, себебі сөз мағынасы семемалардан жинақталып, сөйлеуде концептінің ұғымдық жүйесін қүрайтын жекелеген когнитивті белгілердің жиынтығын құрайды.
Тіл ғылымында сөздің семантикалық құрылымының терең зерттелуімен қатар, қазіргі тілдік жүйеде сөз мағынасы сөйлеу коммуникациясы тұрғысынан да қарастырылуда. Бұл мағынаның психолингвистикалық аспектісін құрайды. Кеңестік психологияның теориялық аппаратының негізгі ұғымдарының бірі ретінде мағына алынады. Мағынаның психологиялық аспектісі көп жағдайда лингвистикалық мәселелерімен үндесіп отырады. Сөз мағынасын психологиялық тұрғыдан зерттеу мәселесі мағынаның динамикалық қасиетін, танымдық сипатын зерделейді. Қазіргі ғылым мен техника аса қарқынды дамып жатқан қоғамдық құбылыста лингвистикалық сөздіктердің қызметі сөз мағынасының динамикалық даму сипатына ілеспей жатқандығы белгілі. Лингвистикалық сөздіктерде енгізілмеген қандай да бір сөз мағынасы туралы толық ақпарат бере алатын, әрі жан-жақты аша алатын өзге ақпарат көздерін іздестіруді қажет етуде. Сонымен қатар түсіндірме сөздіктерде берілген сөздік дефиницияға сүйену арқылы сөз мағынасын толыққанды ашуға негіз бола алмайтындығы да (А.Залевская, А.Н.Леонтьев, А.А.Леонтьев) айтылып келеді.
Соңғы кездері әлемдік тіл білімінде жүргізіліп отырған эксперименталды зерттеулердің сөздікте тіркелмеген сөздердің жаңа мағыналық қырлары мен сөз мағынасының дефинициясын толық ашып көрсетуге мүмкіндігі бар екендігін алға тартады. Осыған орай, Ресейде әртүрлі тілдер аясында түзілген ассоциативті сөздіктер кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, Русский ассоциативный словарь (по материалам свободного ассоциативного эксперимента 19941998 гг.) және Славянский ассоциативный словарь: русский, белорусский, болгарский, украинский (1998-1999 гг.). Мұндай салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулердің нәтижелері түрлі этномәдениет өкілдерінің этнотілдік санасын модельдеудің негізі болып табылады. А.Н.Леонтьевтің пікірінше, мағына психологиялық феномен ретінде ұғым-түсініктен сөзге қарай жүріп отырады, яғни мағына қызметінің динамикалық сипатын, олардың ситуациялық, контекстік және басқа да сөйлеу факторларына тәуелдігі арқылы ол мағынаны психофизиологиялық процестерімен байланыстыра қарастырады. Өз ойын тұжырымдай келе, А.Н.Леонтьев мағынаны адам санасындағы болмыстың жалпылама бейнесі және сол бейненің ұғым, білім, мінез-құлық формасында бекітілуі деп көрсетеді .
Тілдік құрылымның әрбір элементі дербес мағынаны иеленетіндіктен, оның мазмұны контекстке (контекст ауызша және жазбаша сөйлеу тілі үзігіне енетін жекелеген сөздердің мағынасы мен ұғымын түсінуге мүмкіндік береді) тікелей байланысты. Сөздің нақты қай мағынада жұмсалып тұрғандығы сөйлеуде және контексте ғана ажыратылады. Бір ғана сөздің түрлі контексте жұмсалуына орай бірнеше мағыналық реңкін айқындауға болады. Бұдан, біз, таңба ақпарат тасымалдаудың материалы болса, құрамы жағынан шектеулі сөздердің көмегімен қоршаған ортаның көптеген құбылыстарын таңбалауға мүмкіндік береді деген тұжырымға келеміз. Мәселен, тастың қаттылығы ұқсастық негізінде тас жетім, тас бауыр, тас жүрек сияқты екіншілік номинация қатары жасалса, қалың сөзінің тығыздық, жиілік, көптік семалық бөліктері негізінде қалың жұрт, шөбі қалың, қалың ой сияқты сөз тіркестерін аламыз. Келесі мысалға назар аударалық: Әнеугі жауап бір көңіл қалдырған болса, мынау ісі, тіпті бір қырыс надандық пен қаталдық тәрізді (Әуезов М. Абай жолы). Осындағы қатал сөзінің қолданылуына назар аударайық. Қатал (сын) сөзінің түсіндірме сөздікте мынадай семалық белгілері берілген: рақымсыз, қатыгез, мейірімсіздік; қиыншылығы мол, ауыр; қатты, жайсыз, қолайсыз . Сөз мағынасын құраушы өзек семадағы қатыгездік, рақымсыздық белгісі негізінде қырсықтық, ақымақтық, түсінігі тар, өз дегенінен қайтпау сынды потенциалды сема актуалданған. Сөз мағынасын құраушы заттар мен құбылыстардың, іс-әрекеттің түрлі қасиеттері мен белгілерін білдіретін ақпараттарға толы болып келетіндігі осы контекстен анық аңғарылады. Яғни, қаталдықтың түбі ақымақтық жасауға, түсінбестікке апаратыны сөзсіз.
Психология ғылымында әрбір сөздің көптеген мән-мағынаны иелену мүмкіндігі дәлелденген жайт. Бұған талдау жасауда психологтар адам жадындағы лексикалық бірліктердің жүйелі ұйымдасу мәселесіне назар аударады. Психологиялық аспект тұрғысынан алғанда, сөз мағынасы ұғым арқылы біздің санамызда бекитін барлық психологиялық әрекеттердің жиынтығы. Сөз мағынасы (мәні) психологиялық тұрғыдан динамикалы, өзгерімпаз, әртүрлі тұрақтылыққа ие күрделі құрылым болса, лингвистикалық тұрғыдан мағына сол күрделі құрылымның бір ғана жүйесін құрайтын анағұрлым тұрақты, нақты және ретті жүйе саналады. Сөзге телінген лексикалық мағына тіл тасымалдаушы үшін бірдей тұрақты жүйе. Оның үстіне бұл жүйе түрлі жалпылау, жинақтау, таңбаланатын заттардың кеңдігімен және көпмағыналығымен ерекшеленсе де, негізгі өзегін міндетті түрде сақтайды. Дегенмен сөз түрлі контексте өзінің негізгі ұғымдық мазмұнын түрлендіріп отырады. Ұғымдық мазмұн адам санасындағы қандай да бір заттың, құбылыстың, әрекеттің белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы болса, тіл білімі категориясы ретінде оны мағына, сол мағынаны құраушы белгілерді семалық бірліктер ретінде танимыз. М.Оразов орыс және түркі тіл біліміндегі сема және оның түрлері туралы пікірлерді талдай келе, өз ойын былайша тұжырымдайды: Семалардың адамның сезім мүшелері арқылы обьектив дүниені түйсініп қабылдаған солардың түрлі қасиеттері мен белгілері екендігін мойындаумен бірге, сөз мағынасының ең кіші элементтері екендігін де естен шығармау керек . Сөз семантикасының сөйлеу тіліндегі жұмсалымдық қызметін сөз еткенде сөзжасамдық және фразеожасам семантикасы сияқты функционалды өрістерді ескерген жөн, яғни сөзжасамдық және фразеологиялық тіркесімділік құрылымында сөз семантикасы контексте қосымша мағыналық реңктермен толыға түседі.
Контекст арқылы сөз мағынасының қордалануы мағына динамикасының негізгі заңдылығын құрайды. Мағынаның психологиялық құрылымы тілдік санада қалыптасатын ішкі лексиконмен тығыз байланысты, мұны адам жадындағы лексикалық мағыналардың жүйелі ұйымдасуы деп түсіну қажет. Демек, адамзат баласы сөздің екі аспектісін де толық қамтиды: мағына (лингвистикалық) және мән (смысл, психологиялық). Біріншіден, сөздің тұрақты мағынасын біледі, екіншіден, түрлі ситуацияға сәйкес сол мағынаның жұмсалымдық мәні мен өзара лексикалық байланыстар жүйесін таңдай алады.
Онтогенез процесінде сөздің затқа тәуелділігі дәлелденген факт. Бала дамуының алғашқы кезеңдерінде сөз түрлі ситуация, ымишарат, интонация арқылы өріліп, сөздің затқа тәуелділігі айқындалып, сөз мағынасы меңгеріледі. Уақыт өте келе сөздің затқа тәуелділігі жоғарыда көрсетілген жағдаяттардан біртіндеп ажырай бастайды да, бала дамуының келесі кезеңдерінде сөздің затқа тәуелділігі нақты әрі тұрақты сипатқа ие болады. Сөздің затқа тәуелділігі қаншалықты тұрақты болса да, сөз мағынасы үнемі даму үстінде болады. Бұл тілдік санада өмір сүретін лексикалық мағынаның ұғымдық және жүйелілік құрылымының өзгертіп отыратындығын көрсетеді. Бала дамуының ерте кезеңдерінде бұл жүйе қоршаған ортаны эмоционалды түрде бейнелеп, аффективті сипатты иеленсе, дамудың келесі кезеңдерінде сана көрнекі-әрекетті, вербалды-логикалық сипатты иеленеді.
Сөз мағына тасымалдаушы таңба ретінде сөйлеу әрекетінің минималды ұғымдық немесе мағыналық бірлігі ретінде қызмет атқарады. Әрі тілдік жүйенің, әрі сөйлеу тілінің бірлігі ретінде өзара диалектикалық бірлікте болады. Сол себепті сөздің индивидуалды сөйлеу тілінде түрлі мағынада жұмсалуы интеллектуалды әрекет ретінде танылады. Өйткені сөз мағынасы сөйлеу психологиясы мен психолингвистикада ойлау әрекетінің бір аспектісі ретінде қарастырылады. Мұның өзі онтогенез процесіндегі сөйлеу және интеллектуалды әрекеттің маңыздылығын көрсетеді, өйткені бұл әрекеттер адам танымының дамуында негізгі аспект болып табылады.
Мағынаның екі жақты онтологиялық қасиеті, яғни оның бір мағынасы қоғамға (социумға), екінші мағынасы индивидке негізделеді. Бұл туралы А.Н.Леонтьев, А.Залевская, А.А.Леонтьев еңбектерінде айтылған болатын. Сондай-ақ, А.Залевская өз еңбегінде осы мәселе туралы баяндай отырып, жеке тұлғаға негізделген лексикалық зерттеулердің тірегі ретінде мағына теориясын индивидтің жемісі ретінде қарастыру керек деген тұжырым жасайды . Мұндай қорытынды жасауға негіз болған И.А.Бодуэн де Куртенэнің тілтаным категориясын абстракция және тілдің шынайы өмір сүретін сөйлеу әрекеті категориясы деп бөліп қарастыру керектігі туралы айтқан пікірі арқау болса керек. А.Потебняның: ...пример предрассудка мы видим в понятии о слове. Обыкновенно мы рассматриваем слово в том виде, в каком оно является в гербарии, то есть не так, как оно действительно живет, а как искусственно приготовлено для целей познания негізге алатын болсақ, осы мақсатқа жауап беретін сөз теориясы мен оған сәйкес келетін зерттеу ісін қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет