Реферат тақырыбы: Стоматологиялық практикадағы трансплантологияның жетістіктері


  Стоматологиялық практикадағы трансплантологияның жетістіктері



бет3/7
Дата22.04.2022
өлшемі68,29 Kb.
#31906
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Иммун 13 (копия)

2.2  Стоматологиялық практикадағы трансплантологияның жетістіктері.

Н.Н. Знаменский бірінші тәжірибесін 1890 жылы қараша айының 27-ші жұлдызында өткізді. Ол имплантат есебінде фарфор мен каучукті қолданып тіс қатарын толықтырды. Өкінішке орай, ол кісі-ғалым ретінде өзінен кейін шәкірт қалдыра алмады және өз мектебін аша алмады.

Сонымен тістік имплантацияның бірінші толқыны өз дамуын тоқтатты. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейін тістік имплантация туралы анда-санда еске алынып жүрді. Тістік имплантацияның дамуындағы екінші толқыны Э.Я. Варестің ғылыми еңбектері арқылы өз дамуын жалғастыра бастады. Э.Я. Варес тістік имплантация туралы диссертациясында жеткен жетістіктерге талдау жасап, тістік имплантацияның өміршеңдігін делелдеп берді. Ал бірақ, 1958 жылы Кеңестер Одағының Денсаулықты сақтау Министрлігі бұйрық шығарды. Бұл бұйрық бойынша Кеңестер Одағында тістік имплантацияны қолдануға тыйым салынды. Осы бұйрықтың кесірінен Кеңестер Одағының стоматология (имплантология) саласы Дүние жүзі стоматология (имплантология) саласының жетістіктерінен шамамен 40-жылдай арта қалды.

1964 жылы Леонард Линков тесігі бар табақшалы имплантатын ұсынып, тәжірибеге және емханада қолдану үшін енгізді. Сөйтіп Л. Линков 1-сатыдан тұратын фиброостеоинтегрирлік имплантаттарды қолданудың негізін қалаушы есебінде тарихта қалды. Пер-Ингвар Бранемарк 1965 жылы жаңа тұжырымдамасын алға тартты. Шведтердің Ұлттық имплантологтар мектебі 2-сатыдан тұратын остеоинтегрирлік тұжырымдамасын жасап, негізін қалады және 1978 жылы өте жақсы нәтижелердің арқасында қалыпты жағдайға қол жеткізді.

Дамудың үшінші толқынына бірінші кезекте Кеңестер Одағында Отандық имплантологтардан Каунас қаласынан профессорлар С.П. Чепулис, О.Н.Суров, А.С. Черникистерді жатқызуға болады. Олар Кеңестер Одағында 1979 жылы имплантаттар мен оған керекті құрал-жабдықтарды дайындау кезеңдерін зерттеу жұмыстарымен бірге кең көлемде ғылыми және тәжіри-белік жұмыстарын жүргізе бастады. Осындай қажырлы еңбектердің арқасын-да 1981 жылы ғана клиникалық тәжірибелік зерттеу жұмыстарын сәттілікпен жүргізіп, алғашқы имплантаттарын жасауға қол жеткізді.

Олар титаннан жас-алған имплантаттарды қолданып жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, ал 1983 жылы тістік имплантация және тіс салу зерттеу-экспериментальды зертхана-сын ашу мәртебесіне ие болды. Бірақта профессор С.П. Чепулис көптеген медицина саласын басқаратын шенеуліктер жағынан қыспаққа алынып, кедергілерге душар болады, соңында көптеген мақала және науқастардың алғыс хаттарының, зертханалық нақты да анық дәлелдемелердің арқасында тістік имплантацияға деген өзінің көзқарасын өзгертпей аса басымдылықпен жеңіске жетті. Сонымен жылдар өтті, 1986 жылдың 4-ші наурызында Кеңестер Одағының Денсаулықты сақтау Министрлігінің көптен күткен №310 бұйрығы жарық көрді. Бұл имплантолог дәрігерлердің толық жеңісі еді.

Қайта даму кезеңі басталды. «Ортопедиялық емдеу тәжірибесінде тістік имплантацияны енгізу және қолдану әдістері», деп аталып, тістік имплантацияның өсіп өркендеуіне үлкен де жарқын жол ашты. Осы бұйрықтан 2 ай кейін Орталық Ғылыми-зерттеу Стоматология Институтын-да тістік имплантология бөлімі ашылды, оны басшысы болып А.И. Матвеева тағайындалды. Орта Азия және Қазақстанда бірінші болып, Өзбекистан Респуликасында Коканд қаласында медицина ғылымдарының кандидаты, Қытай Халық Республикасының құрметті профессоры, Өзбекистан Респулика Денсаулық сақтау саласының үздігі Бахтияр Мансуров тістік имплантология орталығын ашты. Ал 1992 жылдың сәуір айының 20 жұлдызында Россия Федерациясы тістік имплантология бірлестігінің құрылтайы өтті, ал 1994 жылы Мәскеу Медициналық Стоматология Институтында жаңа хирургиялық стоматология және имплантология кафедрасы ашылды. Кейінгі 15-20 жылда тістік имплантация саласы бойынша көптеген диссертациялар мен ғылыми еңбектер, кітаптар, жеке кітаптар жарық көрді. Ғалымдар тістік имплантация саласы бойынша патенттік куәліктерге ие болды.

Россия Федерациясында Отандық имплантологияның дамуына 80-ші және 90-шы жылдары төмендегі дәрігер-профессорлар өзінің үлкен үлестерін қосты. Олар:А.С. Черникис, В.А. Воробьев, Б.П. Марков, В.В. Лось, Э.Г. Амрахов, И.В. Балуда, С.П. Чепулис, М.З. Миргазизов, Т.Г. Робустова, В.Н. Олесова, А.А. Кулаков және т.б. Бұл ғалымдардың ғылыми еңбектерінде тістік имплантология мәселелері, тістік имплантация жасауға болатын және болмайтын жағдайлар, тістік имплантация жасауға көрсет-кіштер мен қарама-қарсы көрсеткіштер мен қатар тістік имплантацияның болжамдары, имплантат жасалатын керекті заттар көкейкесті шешімін толық таппаған мәселелер ретінде көтерілді.

Біздің елімізде Тәуелсіз Қазақстанда тістік имплантацияны бірінші болып Республикалық Ғылыми Клиникалық Стоматология Орталығы, ҚазҰМУ-нің хирургиялық және ортопедиялық стоматология кафедралары профессорлар Ж.Б.Оразалин мен Қ.Т.Төлеуов басшылығында клиникаға енгізе бастады. Тістік имплантацияның Тәуелсіз Қазақстанда дамуында ғылыми-өндірістік бірлестік Импланттың көмегі мен қолдауы орасан күшті болды. Бұл сала бойынша ғылыми-өндірістік бірлестік Импланттың алатын орны айрықша және мәртебелі. Тістік имплантация еліміздің үлкен қалаларында: Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен, Тараз және Шымкент жақсы жолға қойылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет