Реферат Тақырыбы: Танымның түрлері мен деңгейлері, таным әдістерінің классификациясын жасау. Орындаған: Амантай Майра
Реферат Тақырыбы: Танымның түрлері мен деңгейлері, таным әдістерінің классификациясын жасау. Орындаған:Амантай Майра Факультет: Жалпы медицина Тобы:206А Пәні:Философия Қабылдаған:Оразхан Т.О Алматы,2023
МАЗМҰНЫ I Кіріспе
II Негізгі бөлім 1.1. Таным теориясының тарихы туралы жалпы түсінік
2.1. Таным үдерісінің анықтамасы
2.2.Түйсіктің физиологиялық негіздері
2.3.Таным үдерісінің түрлері
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ Қазіргі уақытта танымдық іс - әрекет психологияда, жоғары нерв қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формальді логикада, тіл туралы ілімде, семиотикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым тарихында зерттеледі.Соңғы жылдары психологияда когнитивтік немесе танымдық психология деген бағыт пайда болды. Ол үшін ең бастысы компьютермен аналогия болып табылады. Негізгі мақсаты – белгілі бір жүйедегі ақпарат ағынының қозғалысын бақылау.Танымдық психология білімді игеріп, ұйымдастырып, пайдаланудағы танымдық белсенділіктің заңдылықтарын зерттейді. Ойлау психологиясында жасанды интеллект мәселесін зерттейтін бағыт қалыптасты. Жасанды интеллект деп адам бұрын шешіп қойған есептерді электрондық есептегіш машиналар арқылы қайталау үшін жасалынатын программаны дүниеге келтіруді айтады. Автоматтандырылған оқудың дидактикасы пайда болуда. Жасанды интеллект ғылыми, техникалық, көркемдік салаларға де кеңінен ене бастады.Жасанды интеллект туралы еңбектер психикалық және ақпараттық процестердің өзара қарым – қатынасы, писхикалық және одан тыс жүйелерді бөлектеу, бейорганикалық тасымалдау жүйелерінде жасанды психиканы дүниеге келтірудің мүмкіндіктері туралы мәселелерді қоюда.Жалпы психология танымдық формалар мен процестерді, түйсіктерді қабылдауды, ес, қиял, ойлауды, сонымен қатар, сенім, көңіл – күй, аффект мәселелерін жеке адамдар мен коллектив арасындағы қарым – қатынас тұрғысынан зерттейді.Философия да осы аталған мәселелерге көңіл бөледі., бірақ оны басқа ракурста, яғни таным процестерінің объективті болмысқа, ақиқатқа қарым – қатынасы тұрғысынан қарастырады.Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.Адамның дүниеге танымдық қатынасының деген қарым қатынасы ерекше. Таным тәжірибеге дейінгі білім болып табылады.