Реферат тақырыбы: Тексерген: Маштанова Н. К. Орындаған: Қонарова Ж. 23. 21 Фарм тобы Ақтау 2022ж Жоспар


Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру



бет8/8
Дата09.12.2022
өлшемі355,55 Kb.
#56113
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
гидрофтльді

Шаншуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу процесінде және сақтаған кезде, кейбір дәрілік заттар ыдырап, оларды тұрақтандыру қажеттілігін тудырады. Ерітінділердегі дәрілік заттардың ыдырау себебі – гидролиз және тотығу-тотықсыздану реакциялары есебінен жүреді. Бұл реакциялар көрінбейтін өзгерістер түрінде, сонымен қатар боялу немесе түсінің, иісінің өзгеруі, тұнба түзілуі сияқты өзгерістермен өтуі мүмкін. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздарды хлорсутек қышқылының ерітіндісін қосу арқылы (0,1 моль/л) тұрақтандырады. Ерітіндіні тұрақтандыру үшін қажет қышқыл мөлшері препараттың қасиетіне байланысты анықталады. Жиі шығын нормасы 1л тұрақтандыратын ерітіндіге 10 мл қышқыл ерітіндісі құрайды, осыған байланысты хлорсутек қышқылының (0,001 моль/л) рН=3,0-4,0 болатын ерітіндісі түзіледі. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар ерітінділерін тұрақтандыру. Гидролизді бәсеңдету үшін, натрий гидроксидін (0,1 моль/л) немесе натрий гидрокарбонатын қосып, әлсіз сілтілі орта жасау қажет.
ІІІ. Шаншуға арналған дәрілік түрлер ағзаға шприц арқылы тері немесе кілегей қабаттарын бүтіндігін (іnjectіo-впрыскивание) бұзу арқылы енгізілетін дәрілік түрлердің ерекше тобына жатады. Көлемі 100 мл және одан көп болатын шаншуға арналған ерітінділер инфузиялық (лат. іnfusіo - құю) деп аталады. Дәрілік препараттарды енгізу жеріне байланысты инъекцияның әр түрі (тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, қан тамырға, жұлын-милы, ми сауыт ішілік, құрсақ ішілік, плевра ішілік, буын ішілік) қолданылады.
Шаншуға арналған дәрілік түрлерді жетілдіру оларға қойылатын талаптарға сәйкес барлық бағыттарда жүргізіледі: бұл - приборларды, аппараттарды, кіші механикалық құралдарын енгізу: дистилляторлар, шаншуға арналған суды жинағыштар, өлшегіштер, араластырғыштар, фильтрлеу аппараттары, шаншуға арналған ерітінділердің сапасын бақылауға арналған қондырғылар және т.б.; тұрақтандырғыштар ассортиментін көбейту; жаңа физико-химиялық талдау әдістерін енгізу; жаңа орамдау және тығындау материалдарын енгізу; арнайы дәріханалар ашу.

ТОО «Мейірбике колледжі»


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Көзге арналған дәрілік түрлер

Тексерген: Маштанова.Н


Орындаған: Кийлыбаева Г 23.21 Фарм тобы

Ақтау 2022ж.

І.Көз тамшыларының және басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық жағдайда дайындайды. Термостабильді ерітінділерді (атропин сульфаты, пилокарпин гидрохлориды, цинк сульфаты ерітінділерін) стерильдейді. Термолабильді дәрілік заттардың ерітінділері (резорцин, физостигмин, салицилат, бензилпенициллин натрий, кейбір көп компонентті жазылымдар) асептикалық жағдайда стерильдеусіз дайындалады. Микроорганизмдерді және олардың спораларын ұстап қалатын мембранды және терең қабатты фильтрлер көмегімен (стерильді фильтрлеу) стерилдейді.

ІІ. Көз тамшыларының және көзге басуға арналған ерітінділердің қолдану кезінде стерилділігін сақтау үшін, олардың құрамына дәрігердің рұқсатымен консерванттар: мертиолат (0,005%), этанолмеркурий хлориды (0,06%), цетилпиридин хлориді (0,01%), хлорэтон (0,5%), нипагин (0,1%), левомицетин (0,15%), бензил спирті (0,9%) қосылады. Көзге арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Шаншуға арналған ерітінділердегідей, шартты түрде, тұрақтандыруды қажет ететін көзге арналған ерітінділерді үш топқа бөледі: әлсіз негізбен және күшті қышқылдан тұратын тұздар, күшті негізден және әлсіз қышқылдан түзілген тұздар, жеңіл тотығатын заттар. Құрамында бірінші топтың дәрілік заттары бар көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділерін тұрақтандыру үшін, хлор сутек қышқылын қолдану тиімсіз, себебі ол көздің кілегей қабығын тітіркендіреді. Хлор сутек қышқылының орнына дәрігердің көрсетуі бойынша 1,9-2% әлсіз бор қышқылы қолданылады. Бұл тұрақтандырғыш шыныдан бөлінетін сілтіні нейтралдайды және гидролиз, тотығу, күрделі эфир байланыстарының сабындану реакцияларын болдырмайды. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздар: физостигмин салицилаты, дикаин, новокаин, мезатон, совкаин және цинк тұздары бар қышқылының 1,9-2% изотондық ерітіндісімен тұрақтандырады. Атропин сульфатының, эфедрин гидрохлоридінің, скополамин гидробромидінің, скополамин гидробромидінің ерітінділерін буферлі ерітінділерді (pH 6,5) қосып тұрақтандырады, ал дәріхана жағдайында натрий хлоридының изотонды ерітіндісінде дайындайды. Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздардың сулы ерітінділерін 0,1 н. натрий гидрооксид ерітіндісімен тұрақтандырады. Жеңіл тотығатын дәрілік заттардың (сульфацил-натрий, аскорбин қышқылы, адреналин гидрохлориді) ерітінділерін тұрақтандыру үшін натрий сульфит, натрий метабисульфит, трилон Б және басқалар қолданылады.

ІІІ. Көз тамшыларының және басуға арналған ерітінділердің стерильділігін қамтамасыз ету үшін, оларды асептикалық жағдайда дайындайды. Термостабильді ерітінділерді (атропин сульфаты, пилокарпин гидрохлориды, цинк сульфаты ерітінділерін) стерильдейді. Термолабильді дәрілік заттардың ерітінділері (резорцин, физостигмин, салицилат, бензилпенициллин натрий, кейбір көп компонентті жазылымдар) асептикалық жағдайда стерильдеусіз дайындалады.


Көз тамшыларында дәрілік заттың концентрациясының дәлдігіне, заттың дәл өлшенуі, әсіресе жазылған дәрілік заттың мөлшері 0,05 г төмен болса, әсер етеді. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін қолдануға болады. Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда дайындалады және стерильденеді. Бір компонентті және көп компонентті концентрлі ерітінділер қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет