Дәнндік эмульсиялар. Дәнді эмульсиялар майдаланған тұқымдардан ондағы суда еритiн компоненттердi және майларды сiрiндiлеу арқылы дайындалады. Егер жазылымда тұқымдардың мөлшерi көрсетiлмесе, онда 100,0 г эмульсия дайындау үшiн 10,0 г тұқым (1:10) алынады. Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған тұқымдарды фарфор келiге салып, алынған шикiзаттың салмағының 1/10 бөлiгiндей сумен бiртектi ботқа тәрiздi масса түзiлгенше ысқылайды, содан соң бiртiндеп судың қалған мөлшерiн косады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екi қабат дәке арқылы сүзедi (эмульсия салмақпен дозаланады).
Майлы эмульсиялар. Майлы эмульсияларды дайындау ережелерi: егер жазылымда майдың атауы көрсетiлмесе, онда эмульсия бадам немесе шабдалы майымен дайындалады; рецептте майдың мөлшерi жазылмаса, онда 100,0 г эмульсия дайындау үшiн 10,0 г май алынады (1:10); эмульсияны келiде эмульгаторды маймен және сумен ысқылай отырып дайындайды; эмульсия технологиясы 2 сатыдан тұрады: бiрiншiлiк эмульсия алу және оны сумен сұйылту; бiрiншiлiк эмульсия алу кезiнде оны құрайтын компоненттердiң: майдың, эмульгатордың және судың мөлшерлiк қатынасын қатаң түрде сақтау қажет. 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады. Су май мен эмульгатор салмағының жартысындай мөлшерде алынады; бiрiншiлiк эмульсия дайындаған кезде эмульгатор мөлшерi оның табиғатына сәйкес таңдалады.
Дайындалған эмульсиялардың сапасын басқа iшуге қолдануға арналған сұйық дәрiлiк түрлердiң сапасын анықтау көрсеткiштерi бойынша бағалайды. Сонымен қатар эмульсияға тән көрсеткіштер анықталады.
Эмульсиялардың термиялық тұрақтылығы. Эмульсиялар - тұрақсыз жүйелер. Қыздырған кезде жеңiл қабатқа бөлiнiп кетедi. Егер 50°С-қа дейiн эмульсияны қыздырған кезде ол қабатқа бөлiнбесе, онда эмульсия тұрақты деп есептелiнедi.
Тұтқырлығы. Бұл қасиет сырт тәнге қолдануға арналған эмульсияларға маңызды көрсеткiш болып саналады. Оны анықтау үшiн арнайы құрал (вискозиметр) қолданылады.
15 000 айн./мин. жылдамдықта центрифугирлеу кезде эмульсиялар қабатқа бөлiнбеуi керек.
Бiртектiлiгi. Эмульсиялардың бiртектiлiгiн микроскоппен қарап анықтайды. Визуалды (қараусыз көзбен) қарағанда бiртектi тұрақты эмульсиялар сүт тәрiздi болуы керек.
ІІІ. Сонымен, эмульсиялар - бiр бiрiнде ерiмейтiн майда дисперстi жүйеден тұратын iшуге, сырт тәнге және парентералды қолдануға арналған сыртқы түрi бойынша бiртектi дәрiлiк түр.
Дәрiханада эмульсиялар дайындау үшiн шайырлар, пектиндi және шырышты заттар кеңiнен қолданылады. Шайырлар - фаза-аралық шекарада шайырлардан түзiлген адсорбциялық пленкалар жоғары серпiндiлiгiмен және берiктiгiмен сипатталынады.
Дайындалған эмульсиялардың сапасын басқа iшуге қолдануға арналған сұйық дәрiлiк түрлердiң сапасын анықтау көрсеткiштерi бойынша бағалайды. Сонымен қатар эмульсияға тән көрсеткіштер анықталады.
ТОО «Мейірбике колледжі»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тұнбалар және
Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Губашева Д. 23.21 Фарм тобы
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Қайнатпа мен тұнбалар дәрiлiк өсiмдiктердiң әртүрлi бөлiктерiнен ex tempore алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар, себебi күрделi құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткiлiксiз экстрагенттердiң қолдануын талап етпейдi. Алу жолына және шикiзат құрамына байланысты сулы сығындылар келесi түрлерге бөлiнедi: тұнбалар (Infusa), қайнатпалар (Decocta), шырыштар – (Mucilaginis). Тұнбалар өсiмдiктiң жұмсақ бөлiктерiнен - гүлiнен, шөбiнен, жапырағынан дайындалады. Қайнатпалар өсiмдiктердiң қабығынан, тамырынан, сабағынан, тамырсабағынан дайындалады. Шырыштар - жалбызтiкен тамырынан, зығыр тұқымдарынан, салеп түйiнiнен алынады.
ІІ.
Өсімдік шикізатынан әсер етуші заттарды экстракциялаудың жылдамдығына әсер ететін факторлер. Сығындылаудың толықтығына және жылдамдығына әсер ететiн факторлар: шикiзаттың стандарттылығы, шикiзаттың майдалану дәрежесi, шикiзат және экстрагент мөлшерлерiнiң қатынасы, экстракция кинетикасы, өсiмдiк шикiзатындағы әсер етушi заттардың және iлеспелi заттардың физико-химиялық табиғаты, сулы сығындыларды дайындауға қажет құрал жабдықтар әсерi.
Экстракт – концентраттар. Олардың қолданылуы. Экстракт-концентраттарды пайдаланып тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау. Экстракт-концентраттар - тұнбаларды дайындау үшiн қолданылатын дәрiлiк өсiмдiк шикiзатынан алынған стандартталған концентрленген сығындылар. Оларды зауытта, фабрикаларда дайындалады. ҚР ДСМ 15.12.04 жылғы N 142 бұйрығының 22 тармағына сәйкес: сулы сығындылар алу үшiн дәрiлiк өсiмдiк шикiзатының орнына экстракт-концентраттарды қолдануға болады. Олар сұйық 1:2, құрғақ 1:1, 1:2 болуы мүмкiн. Бұл жағдайда жазылым құрамындағы дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерiн қолдануға болады. Сулы сығындылар рецептте дәрiлiк заттармен бiрге жазылады. Олар сығындының терапевтiк әсерiн күшейтедi немесе толықтырады. Осындай микстураларда дәрiлiк заттар ұнтақ немесе сұйық түрінде болуы мүмкiн. Сулы сығындыларды экстракт-концентраттармен дайындау салмақ-көлемдiк әдiспен ҚР ДСМ 15.12.2004 ж. № 142 «Дәрiлiк құралдарды дайындау Ережелерi туралы» бұйрығына сәйкес жүргiзiледi.
Күрделі тұнбалар және қайнатпалар. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. № 142 бұйрығының 1 бөлiмiнiң 22 тармағына сәйкес: Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаған кезде ұнтақ түрiндегi дәрілік заттарды сүзiлген, суыған сiрiндiде ерiтедi. Қажет болған жағдайда сығынды көлемiн белгiге дейiн сумен жеткiзiп, қайтадан босататын құтыға сүзедi. Дәрiлiк заттардың концентрлi ерiтiндiлерi бұл жағдайда қолданылмайды. Шырындар, тұндырмалар, сұйық экстракттар, басқа да галендiк препараттар дайын сығындыға осы бұйрықтың 15 тармағына сәйкес бiрден босататын құтыға қосылады.
Тұнбалар мен қайнатпалар технологиясын жетiлдiру:
антимикробты тұрақтандыру, консерванттар қосу (10% этанол, 0,1% натрий бензоаты ерiтiндiсi, нипагин, нипазол). ССРО МФ ХI бысылымына «Настои и отвары» жалпы мақаласына бiрнеше консерванттар енгiзiлген
физико-химиялық талдаудың жаңа әдiстерiн зерттеу
микрокапсулалау (гигроскопиялығын төмендетедi)
жаңа дәрiлiк түрге алмастыру, мысалы, тез еритiн шайға. Қазiргi кезде, өт айдайтын, қабынуға қарсы, iш жүргiзетiн, бырыстыратын әсерi бар шайлар жасалуда
экстракт-конценттраттар ассортиментiн кеңейту
ІІІ. Қорытынды
Сонымен, Қайнатпа мен тұнбалар дәрiлiк өсiмдiктердiң әртүрлi бөлiктерiнен ex tempore алынған сулы сығындылар. Олар ең қарапайым сығындылар, себебi күрделi құрал жабдықтарды, қымбат немесе қол жеткiлiксiз экстрагенттердiң қолдануын талап етпейдi.
Сығындылаудың толықтығына және жылдамдығына әсер ететiн факторлар: шикiзаттың стандарттылығы, шикiзаттың майдалану дәрежесi, шикiзат және экстрагент мөлшерлерiнiң қатынасы, экстракция кинетикасы, өсiмдiк шикiзатындағы әсер етушi заттардың және iлеспелi заттардың физико-химиялық табиғаты, сулы сығындыларды дайындауға қажет құрал жабдықтар әсерi болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Сағындықова Б.А., Анарбаева Р. М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық. Шымкент, 2008
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Шымкент.– 2002
ТОО «Мейірбике колледжі»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Пилюлялар
Тексерген: Маштанова.Н
Орындаған: Молбаева Д. 23.21 Фарм тобы
Ақтау 2022ж
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
III.Қортынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Пилюлялар – ішуге қолданылатын қатты дозаланған дәрілік түр, олардәрілік және қосымша
заттардан тұратын біртекті пластикалық массадан тұратын шар түрінде дайындалады.
Официналды дәрілік түр МФХ басылымына N 535 «Пилюлялар» жалпы мақаласы енгізілген. Пилюля салмағы 0,1 ден 0,5 г дейін болады. Егер пилюля салмағы көрсетілмесе 0,2г деп алынады.
ІІ. Артықшылықтары:
пилюлялық массада физика-химиялық қасиеттері әр түрлі дәрілік заттарды біріктіруге болады;
пилюля түрінде дәрілік заттардың жағымсыз иісі мен дәмін жасыруға болады;
пилюлялар қолдануға ыңғайлы: домалақ және ауыз қуысында шырыштанады;
дәрілік заттардың дозалануы дәл;
тасымалдауға ыңғайлы;
кейбір дәрілік препараттар үшін, мысалы йод үшін пилюля қолайлы дәрілік түр болып табылады;
қажет болған жағдайда пилюляны әсері ұзартылған дәрілік түр ретінде де қолдануға болады.
Кемшіліктері:
асқазан ішек трактісінде баяу ыдырайды;
балалар істәжірибесіндеқолдану қолайсыз;
сақтағанда тұрақсыз, кеуіп кетеді,
микробиологиялық бұзылуға ұшырайды;
технологиясы қиын
- пилюла сырт
беті құрғақ
және тегіс
- сақтау
кезінде шар
тәрізді дұрыс
формалы
-егер дәрігер
рецептте
пилюла массасын
көрсетпесе, орта
есеппен 0,2 гр
алады
Пилюлалық
массаға
қойылатын
талаптар:
- құрамындағы
дәрілік зат дәл
дозаланған
болуы
-пилюла
диаметрі 3 тен
6 мм дейін
-асқазан және
ішек сөлінде
ыдырауы тиіс
- пилюлалық
масса кескенде біртекті,
түйіршіксіз,
жеткілікті
мөлшерде тығыз
Достарыңызбен бөлісу: |