10. Пилюлялар технологиясында қолданылатын көмекші заттар сипаттамасы:
• Бал. Фруктоза мен
глюкозаның тұтқырлығы
жоғары концентрлі ерітіндісі.
Бал - пилюлялық массаның
пластикалылығын
жоғарылатып,
гигроскопиялық зат
болғандықтан массаның
құрғап кетуін баяулатады.
• Декстрин. Сулы
ерітінділерінің тұтқырлығы
жоғары байланыстырғыш
қасиеті бар. Декстринді сумен
жабыспайтын сұйық дәрілік
заттарды эмульгирлеу үшін,
эмульгатор ретінде қолдануға
болады.
11. Пилюлялар технологиясында қолданылатын көмекші заттар сипаттамасы:
• Шайырлар. Арабиялық және
шабдалы шайырлары. Олар
тұтқыр ерітінді түзуге
қабілетті, байланыстырғыш
қасиеттері декстринге
қарағанда жоғары.
Құрамында сумен
жабыспайтын сұйықтықтары
бар пилюлялық массаға
эмульгатор ретінде
қосылады. Алкалоидтармен
сыйымсыз және пилюляның
ыдырау уақытын ұзартады.
• Альгин қышқылы. Теңіз
балдырларынан
(ламинариялар) алынатын
жоғары молекулалы қосылыс.
Пилюлялық массаны жақсы
пластифицирлейтін жоғарлы
тұтқырлы ерітінді түзеді.
12. Пилюлялар технологиясында қолданылатын көмекші заттар сипаттамасы:
• Мия экстракты. Мия тамырының
қою экстрактысы гигроскопиялық
тұтқыр сұйықтық, пилюлялық
массаны жақсы пластифицирлейді
және оның кебуін баяулатады.
Құрғақ мия экстрактысы да жақсы
пластифицирлеуші зат, бірақ
глицерин немесе глицеринді су
қосуды талап етеді. Көптеген
дәрілік заттарды (сұйық, қою,
құрғақ) пилюлялық массаға мия
тамырының экстрактысы көмегімен
айналдырады.
• Бақ - бақ және ащы жусанның қою
экстрактары да жақсы
байланыстырғыш заттар, көптеген
пилюлялық массаларға қажет.
• Өсімдік ұнтақтары. Мия
тамырының, бақ - бақтың және ащы
жусанның ұнтақтары әрқашан
экстракттарына сай қолданылады.
• Итмұрын және басқа да пектинге
бай өсімдік ұнтақтары. Итмұрын
жемісінде пектинді заттар көп
болады, олар суда ісініп,
пилюлялық масса құрамына кіретін
ингредиенттерді байланыстырады.