МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАР ИНТЕРФЕЙСІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бүгінгі сабақта білесің.
«мобильді қосымшалар интерфейсі» дегеннің не екенін;
мобильді қосымшалар интерфейсіне қойылатын талаптар туралы
Негізгі ұғымдар
Интерфейс – интерфейс – interface
Дизайн – дизайн – design
Юзабилити – юзабилити – usability
Қолдануға жарамды, ыңғайлы, қолайлы деген мағынадағы usable сын есімінен шыққан usability сөзі «қолдануға ыңғайлы», «оңай қолдану» деп аударылады. Бірақ IT-саласының көптеген терминдері сияқты белгілі бір уақыттан бастап оны кірме сөз ретінде қолдана бастады.
Юзабилити дегеніміз – қосымшаның қолданушыға ыңғайлы, қолайлы, қарапайым әрі қолданған кезде түсінікті болуы. Қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізгендіктен, қолданушының осы қосымшаның қызметіне көңілі толуы мағынасында қолданылады.
Жүйелік мәртебені көрсету. Қосымша қолданушыны тиімді мерзімде кері байланыс арқылы не болып жатқандығы туралы хабардар етуі тиіс. Ол үшін қалқымалы хабарлар, хабарламалар, тарату, жүктеу экрандары мен мәртебенің түрлі көріністері қолданылады.
Жүйемен және нақты әлеммен өзара байланыс. Қосымша жүйелік-бағытталған терминдермен емес, қолданушы тілінде, сөзбен, сөз тіркестерімен әрі қолданушыға түсінікті тұжырымдармен сөйлеуі тиіс. Нақты әлемдегі қарым-қатынасқа еліктей отырып, ақпаратты табиғи және логикалық түрде ұсыну керек.
Қолданушылық бақылау мен еркіндік. Қолданушылар жиі қате жібереді, сондықтан «апаттық шығу» деп белгіленген қосымша нұсқаларды қажет етеді. Әрекетті тоқтатуға және қайталауға мүмкіндік болуы керек.
Тізбектілік пен стандарттар. Қолданушыны бір мағынаны білдіретін түрлі сөздер, жағдайлар немесе әрекеттер таңғалдырмауы тиіс, яғни қосымшаның контентін толтырған кезде бір элементті әртүрлі сөздермен атауға болмайды. Жалпы қабылданған атауларды сақтап, стандарттарды ұстану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |