Тәрбие технологиясын ұйымдастыру шарттары.
Кез-келген тәрбиешіні
ойландыратын мәселе «Тәрбие үдерісінде қандай технологияны қолданамын,
бұрынғыны ма, жаңаны ма, тексерілгенді ма, тез әсер ететінді ма немесе ұзақ уақытты
қажет ететін технологияны ма?», «Баламен немесе топпен қарым-қатынасты қалай
орнатамын?». Осы сауалдар әртүрлі тәрбие жағдаятында күнделікті шешім қабылдауды
қажет етеді. Осыдан келе педагогикалық үдеріс ретінде тәрбие технологиясының
жүйесін тәрбиені ұйымдастырудың шартты түрде 3 деңгейінде қарастыруға болады:
Күнделікті қолданыстағы тәрбие технологиясы. Олар тәрбие үдерісінің типтік міндеттерін шешуде қолданылады. Осы технологияға күнделікті педагогикалық қарым- қатынастағы универсалды тәжірибелер жатады, мысалы, әңгімелесу барысында балаларды қолдау, олардың назарын басқаға аудару технологиясы, балалар арасында туындаған кикілжіңді шешу технологиясы, балаларды ойынға жұмылдыру технологиясы, педагогикалық талап қою технологиясы. Осы қатарға сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы, тәрбие үдерісіндегі педагогикалық диагностикалау технологиясы.
Тәрбиенің жағдаяттық технологиялары. Ол белгілі бір жағдаят туындағанда қолданылады, сыныпта үнемі балалар арасында кикілжің туған жағдайда. Бұл кезде тәрбиеші «кезекті кикілжіңді талдау ситуациясы» технологиясын құрастырады түзеді. Бұл технология балалардың өздеріне ситуацияға кіре отырып өзінің және жолдастарының қылығына бағалау тәжірибесін жинақтауға әкеледі. Н.Е.Щуркова идеясы бойынша «жетістікке жету ситуацияларын» ұйымдастыру технологиясы. «Жетістікке жету ситуациялары» өзіндік менін сақтауға, өзіндік бағасын жоғарылатуға, субъективті позициясын қабылдауға көмектеседі. Бұл технология бала іс-әрекеті барысында жүзеге асырылатын арнайы педагогикалық «операция» барысында құрастырылады. Технология барысында ізгі қарым-қатынас орнайды, іс-әрекетке деген қорқыныш сезімі жойылады, баланың жеке тұлға ретінде ерекше қасиеттеріне көзін жеткізеді, іс-әрекет мотивтерін күшейтеді, жетістікке жетелейтін сенім қалыптастырады, жеке тұлға қасиеттері мен іс-әрекет нәтижесі педагогикалық тұрғыда бағаланады.
Перспективті тәрбие технологиялары.Тәрбие үдерісінде ұзақ мерзімді ұйымдастыруды қажет ететін белгілі модельді жүзеге асырады. Мысалы, сынып жетекшісінің, қызығушылығы бойынша жұмыс жасайтын балалар клубы жетекшісінің, қаладан тыс лагерь тәрбиешісінің қолданыстағы технологиялары бар. Перспективті тәрбие технологиялары тәрбие формаларының, іс-шара технологияларының, ойын технологиясының, ұжымдық шығармашылық іс-әрекет технологиясының ерекшеліктері негізінде құрастырылады.
Перспективті тәрбие технологиялары:
Іс-шара технологиясы;
Ойын технологиясы;
Ұжымдық іс технологиясы;
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы технологиясы.
Ойын технологиясы. Балалар үшін маңыздылығы бойынша ойынмен бәсекелестікке
түсетін іс-әрекет түрін табу қиын. Тәрбие үдерісі ойынның көптеген түрін қолданады.
Педагогикалық тұрғыда ойынды ұйымдастырудың теориясы және технологиясымен айналысқан кеңестік ғалымдар Ю.П. Азаров, Н.П.Аникеева, В.М.Букатов, О.С.Газман, В.Ф. Матвеев, С.А.Шмаков, М.Г.Яновская оларды әр түрлі негізде классификациялайды:
Құралмен жабдықталуға сәйкес, мәселен табиғи материалдарды, ойыншықтарды,
спорттық инвентарларды қолдану ойындары;
Оқу іс-әрекетіне деген қатынасқа байланысты – дидактикалық және бос уақыттық
ойындар;
Шығармашылық деңгейіне қарай – ережеге сәйкес ойындар, шығармашылық ойындар;
Рөлдік сипатқа қарай – сюжеттік-рөлдік, драматизациялық ойындар;
Уақыттың мөлшеріне қарай – қысқа уақыттық, ұзақ уақыттық көпфункционалды
сайыстар және турнирлер т.б.
>Тәрбие үдерісінде ойынды ұйымдастырудың технологиялық алгоритмінің негізгі 3 компоненті:
1) Ойынға қатысушылардың ойын ойнау көңіл-күйін түзу. Кез-келген ойын реалдық ситуациядан қиялға көшуден басталады. Осы мақсатта тәжірибелі маман әр түрлі атрибуттарды, қатысушылардың белгілерін, эмблемаларды, қағаздан жасалған қалпақтарды даярлайды, іс-шара өтетін жерді безендіреді, интерьерін ауыстырады, «хат тасушының» ойламаған жерден «құпия хатты» әкелуін ойластырады. Демек, осындай
сәтте ойынға қатысушыларда романтикалық көңіл-күй, болып жатқан жағдайлардың бәріне өзіне, өзгелерге деген эмоционалды қатынас орнайды. Олар ойыннан ерекше әсерде қызықты да ерекше жағдайды күтеді.
2) Ойын үстіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру. Өз табиғатында ойын екі жағдайды қамтиды, біріншісі ойынға қатысушылардың өзара нақты қарым-қатынасы болса, екіншісі ойын персонаждарына, рөлдеріне сәйкес қиялдағы қарым-қатынас. Сондықтан ойын топтарын құрғанда оған қатысушылардың жас ерекшеліктерін, олардың бір- бірімен қарым-қатынасын, тәжірибелерін, қызығушылықтарын ескеру шарт. Осы технологиялық міндет бірнеше педагогикалық операциялардың көмегімен шешілмек:
- Ойынға қатысушылардың әрқайсысымен жекелей қатынасқа келу;
- Ерікті түрде ойындағы рөлді қабылдау;
- Барлығы ескеруге міндетті ойын ережесін қабылдау,
- Беделді ойынды бағалаушылармен қамтамасыз ету, ойын ережесінің бұзылмауын қадағалау;
- Ойынға қатысушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Ойынға тәрбиешінің де қатысуы, оның ойын позициясын қабылдауы орынды.
3) Ойын әрекетін ұйымдастыру. Ойын әрекеті тәрбиеленушілердің психикалық және дене белсенділігімен байланысты және олар белгілі қимыл-қозғалысқа келгенде (команда болып доп ойнауда), еңбек операциясы кезінде («Атамның шеберханасында») және т.б көрінеді. Ойынның әрқайсысының өзінің мақсаты болады, мысалы балалардың қимыл- қозғалысын дамыту, кругозорын кеңейту, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, жетістікке жету жолын іздестіру, ұжымдағы достық қарым-қатынас тәжірибесін молайту.
Әрбір ойынның нәтижесі болу тиіс. Жеңімпаздар мұнда жеңімпаз ретінде марапатталса, жеңілгендер де жеңіске ұмтылғандары үшін, өзар көмектер үшін, шығармашылық табыстары үшін сияқты марапатқа ие болулары тиіс. Ойынның нәтижесі – оған қатысушылардың көтеріңкі көңіл-күйі.
Тәрбиеші өз жұмысында келесі тәрбие технологияларын қолдана алады:
Диалогтық (сұхбат) технологиялар (пікірсайыстар, пікірталастар, дебаттар);
«Коллаж» технологиясы;
Шоу-технологиялар;
Топтық проблемалық жұмыс (жобалар дайындау);
Қарым-қатынас тренингі;
«Ақпарат айнасы» (қабырғаға ілетін хабарландырулар, стенд түрлері);
Денсаулық сақтау технологиялары.
Диалогтық технологиялар (пікірсайыс, пікірталас, дебат)
Дебат – зияткерлік жарыс, өз көзқарасын және пікірін белсенді түрде қорғауды дамыту біліктілігі.
Пікірталас – қандай да бір даулы мәселе мен проблемалардың шешімін табу мақсатында оларды талқылау.
Пікірсайыс (ғылыми айтыс) – ақиқатқа көз жеткізу мақсатында қандай да бір мәселе бойынша екі көзқарасты зерделеу үшін қолданылатын ынтымақтастықтың формасы.
«Миға шабуыл». Талқылау нәтижесінде проблемаларды шешу идеяларын көптеп жинау
«Дөңгелек стол» Бұл дебат өткізу формаларының бір түрі
«Қатынас хаты» (Оқушылардың жазба жұмыстары, олардың жағдайға, мәселеге
көзқарасы. Жиі «жан айқайы», жаңа ғана болған оқиғаға әсері)
Аяқталмаған әңгіме. «Дүкендегі касса алдында ақшасын жоғалтып алған қыз жылап тұрды. Оған көмектескім келді, бірақ оған ақшам болмады. Мен ...»
Қарсы аргументтер. «Мен біреудің көшірмесі болғым келмейді, мен – дербес
тұлғамын».
«Коллаж» технологиясы. Табылған иллюстрациялар, цитаталар және қолда бар
құралдардан плакаттар жасау арқылы тақырыпты немесе проблеманы зерделеуді
болжайды.
Топтарда жүзеге асырылады.
Презентация ескерілген.
Топтық проблемалық жұмыс – бұл оқушылардың проблемалық жағдаяттағы мінез- құлқымен вербалды жұмыс.
Оның мақсаты – ұйымдастыру шешімдер дайындау, қабылдау, түсіндіру, талқылау.
Тәрбиеші арнайы түрде «кезекті кикілжіңді талдау жағдаяты» технологиясын түзеді:
1. Кикілжіңге қатысушылардың әрқайсысына болып жатқан оқиғаны сипаттауына
мүмкіндік беретін сауалдың қойылуы;
2. Тәрбиешінің «зардап шеккен жақтың» хал-ахуалын түсінетіндігінен хабардар етуі.
3. Араздасқан жақтарды даудың шығу себебі туралы ойлануға жетелеуі;
4. Балалармен бірге болған оқиғадан шығу жолдарын талқылауы.
Қарым-қатынас тренингі – топтық практикалық психология құралдарының көмегімен
балаларда түрлі оң педагогикалық тәжірибе аспектілерінің тәжірибесін, қатынас
тәжірибесін (өзара түсіністік тәжірибесін, қатынас тәжірибесін, мектептік проблемалық жағдаяттардағы мінез-құлық тәжірибесін) қалыптастыру мақсатындағы педагогикалық жұмыс формасы.
«Ақпарат айнасы». Көпшіліктік ақпаратқа белсенді қатынас тәжірибесі.
Психологиялық негіздері.
Назар (ықылас) аудару.
Ықыласты қолдау.
Ақпаратты түсіну.
Қатынас.
Ақпаратқа қатысты іс-әрекет.
Технологиялық тізбек
Алдағы ақпаратқа мақсат қою.
Ақпараттың пайда болуы.
Кері байланыстың ашылуы.
Ақпаратпен жұмыс.
Денсаулық сақтау технологиялары – педагогтың салауатты өмір салты дағдыларын меңгерту ұмтылысына құрылған, оқыту мен тәрбиенің жүйелі тәсілдері; балалардың сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінде қолайлы психологиялық ахуал тудыру;
денсаулық қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау. Баланың денсаулығын
сақтау оқу іс-әрекетін ұйымдастыру үшін қажет гигиеналық және психологиялық
шарттар туғызуды ғана емес, сонымен қатар түрлі аурулардың алдын алуды, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауды болжайды.
Тәрбие технологияларының процедуралары:
1. Нақты мақсатты анықтау.
2. Теориялық негіздер «пакетін» даярлау (заңдылықтар, педагогикалық концепциялар);
3. Кезеңдік, қадамдық іс-әрекет құрылымы. Тәрбие технологиясының кезеңдеріне
тәрбиелік ситуацияларды жатқызуға болады. Тәрбиелік ситуациялар даярлық,
функционалдық, бақылау, қорытынды кезеңдерден тұрады.
4. Нәтижені талдау (мониторинг-коррекция-рефлексия).
Танымал теоретик және тәрбие технологиясы бойынша көптеген еңбектердің авторы Н.Е.Щуркова тәрбие технологиясын қолдану нәтижесін бағалауда тәрбиеленуші бойындағы өзгерістерді сыртқы белгілерден бастап ішкі терең тұлғалық өзгерістерге қарай бақылау қажет деген ойды айтады. Олай болса, тәрбие технологиясының тиімділігін бағалауда біріншіден, баланың тұлғалық қатынастары байқалатын сыртқы қалпына, қимыл-қозғалысына, мимикасына назар аудару қажет. Екіншіден, баланың дене және психикалық денсаулығындағы өзгерісін бағалау қажет. Үшіншіден, тәрбие технологиясының нәтижесін бала іс-әрекетінен, олардың өзара қарым-қатынасынан байқау қажет. Іс-әрекет барысында тек қана енді ашылған қабілет қана емес, жаңа қызығушылықтар, құндылықтар көрінеді. Төртіншіден, тәрбие технологиясының тиімділігі баланың өзіне қатынасын қаншалықты өзгерткеніне қарай, «Мен»
концепциясына және жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауына әсеріне қарай бағаланады.
Тәрбие технологиясына баға беретін басты эксперт тәрбиеленушілердің өздері. Нағыз тәрбие бала өзі қатысып жүрген жағдайдың мәнін түсіну үшін өзінің «ішкі әлеміне» үңіле біліп, өзінің әлеуметтік тәжірибесін бағалай алғанда жүзеге асады.
Қолданылған әдебиеттер:
https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/2924-tarbie-texnologiasi.html
https://stud.kz/referat/show/93598
Таубаев Қ.Б. Заманауи тәрбие технологиялары http://zkoipk.kz/ss2/923-conf.html
https://bilimainasy.kz/29-06-03/
Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы. – Нұр-Сұлтан, 2016 //www.akorda.kz/
Достарыңызбен бөлісу: |