Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.
Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.
Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.
Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.
Топырақтағы өсімдікке қоректік элементтердің көпшілігі өсімдік сіңіре алмайтын қосылыс түрінде, мәселен, 1 гектар күлгін және қара топырақта 3...100 тонна азот қоры бар, осының 1 проценттейі ғана өсімдікке сіңімді түрде болады. Еліміздің әр түрлі топырақтары өзінің физикалық, химиялық қасиеттері, құнарлығы және жалпы энергиясы жағынан үш класқа бөлінеді: бірінші, екінші класқа қара топырақтар, үшінші класқа сұр топырақтар жатады.
Түрлі аймақтардағы климаттың, топырақ түзілген аналық тау жынысының, өсімдіктердің ерекшеліктеріне байланысты әрбір топырақтарда қарашірік мөлшері де түрліше болады. Бір гектар қара топырақтың 0—20 см қабатында қарашірік қоры 90...140 тонна, 0—100-см қабатында 250...550 тонна болса, сұр топырақтардың жоғарыда аталған қабаттарында қарашірік қоры 30...80 тоннадай болады.
Сұр топырақ құрамындағы қарашіріктің қоры жағынан қара топырақтарға қарағанда кедей болуына қарамастан, құрамындағы микроорганизмдердің саны жағынан қара топырақтағы микроорганизмдерден анағұрлым артық болады. Мәселен, 1 грамм сұр топырақтарда — 218,5 млн микроорганизм болса, қара топырақ¬тарда тек қана 57,4 млн микроорганизмдер бар. Мұның өзі сұр топырақтардағы әртүрлі биологиялық, физикалық және химиялық жұмыстарының белсенділігінің артуына және дақылдардың өнімін молайтуға жағдай жасайды. Жүргізілген зерттеулердін нәтижесінде топырақтағы негізгі минералдық қоректік заттар — азот, фосфор, калий т. б. тыңайтқыштардың өсімдікке әсер етуі арасында белгілі бір байланыс бар екені анықталады. Егер топырақта өсімдікке сіңімді фосфор көп болса, фосфор тыңайтқыштарын енгізуден егіннің түсімі онша артпайды. Мәселен, күздік қара бидай мен күздік бидай көктемде қыстан әлсіреп шығады. Осы кезде өсімдікке қоректік элементтер өте қажет, бірақ топырақта өсімдікке сіңімді азот жетіспейді, өйткені күзде жаңбыр суы нитраттарды топырақтың терең қабатына жуып әкетеді, ал нитрлеуші бактериялар әрекеті ерте көктемдегі салқын әсерінен баяулайды. Жаздық дәнді дақылдарды себу кезінде және олардың өсуінің алғашқы кезеңінде де топырақта өсімдікке сіңімді азот мөлшері жеткіліксіз болады, сондықтан осы кезде тынайтқыш, әсіресе, азот тыңайтқыштарын енгізгенде (күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру, жаздық дақылдар тұқымын тыңайтқыш қосып себу) өсімдік тез және жақсы өседі. Егер топырақта қажетті элементтердің біреуі жетіспесе, өсімдікке екінші элементті тиімді пайдалануға мүмкіндік болмайды, соның салдарынан өсімдік нашар жетіледі және егін түсімі кемиді. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы екі топқа бөлінеді. Олар: 1) минералдық тыңайтқыштарды аз мөлшерде кажет ететін масақты дәнді дақылдар — жаздық және күздік бидай, арпа, сұлы т. б. 2) минералдық тыңайтқыштарды көп кажет ететін техникалық дакылдар — мақта, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жоғары өнімді дәнді дақылдар — күріш, жүгері.
Бүкіл тыңайтқыштардың шығу тегі, қолданылуы құрамы, алу тәсілі жағынан әр түрлі түрлерге бөлінеді. Олар шығу тегі жағынан минералды , органикалық, органикалық-минералдық және бактериалдық болып келеді.Минералды тыңайтқыштар шығу тегі жағынан анорганикалық заттарды табиғи минералдардан ауадағы азоттан немесе кейбір химиялық заводтардың қосымша өнімдері ретінде алынады. Ал түрлі жағынан азотты, фосфорлы калийлі, кейбір микротыңайтқыштарға (бор, марганец, молибден, мырыш, мыс, кобальт т.б) бөлінеді. Шығу тегі, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтары, көң, фекалий, шымтезек , қаланың қоқсықтары т.б. Құрамында органикалық минералды заттардың озара химиялық және адсорбты байланысты болатын қосылыстар органикалық-минералды тыңайтқыштарңа жатады. Олар органикалық заттарды (шымтезек, көмір, топырақ шірінділері, қоқыс, сланец т.б) минералды қосылыстар мен азоттың, фосфаттың және калийдің тұздарымен , немесе ерітінділерімен өңдегенде алынады. Бактериалды тыңайтқыштарға кейбір препарат құрамындағы бактериялар, бұршақ тұқымдас дақылдардың тамыр түйнектері, топырақтағы азот жинақтайтын (фиксациялайтын ) түзілуі , топырақтың органикалық бөлігінің минералдануына жататын нитригин жатады.
Минералды тыңайтқыштар құрамында бір немесе бірнеше қоректік заттар болғандықтан жай және комплексті болып бөлінеді. Жай тыңайтқыштар құрамында бір ғана қоректік заттар болып, бір жақты асер етеді. Ал комплексті тыңайтқыштар құрамында 2-3 немесе одан да көп қоректік элементтер, немесе микроэлеметтер болады. Ал комплексті тыңайтқыштар өндіру тәсіліне қарай араласқан, комбинациялы және күрделі болып келеді. Олардың біріншісін әртүрлі жай, күрделі тыңайтқыштардың майдаланған және түйіршіктелген түрлерін механикалық жолмен араластыру арқылы дайындаса, комбинациялы тыңайтқыштар белгілі технологиялық жүйеде бастапқы заттардың химиялық реакцияларымен алынады. Ал күрделі тыңайтқыштар құрамында бір химиялық қосылыстардың аммофос-диаммофос,калий селитрасы қатарына жатады,бүл әдетте 2 немесе бірнеше элементтер болады.
Тыңайтқыштардың сапасы,олардың құрамындағы қоректік заттар,яғни оның ішінде азот жекелеген элемент түрінде қалғандары олардың тотықтары күйінде өрнектеледі. Әр түрлі топырақтарда қолданылған тыңайтқыштар топырақтағы жылжымалы қоректік заттардың мөлшерін ғана көбейтпейді,сонымен бірге топырақтың қасиеттеріне, құнарлығына әсер етіп,оның қышқылдығын өзгертеді.
Азот-жер бетіндегі ең көп тараған элемент.Ол табиғатта бос күйінде және қосылыстар түрінде де кездеседі.Ауа құрамының 78 проценті осы газ болса,жер қыртысында 0,04 процент қосылысқан азот кездеседі,өсімдіктер мен жануарлардың организміндегі азот органикалық қосылыстардан тұрады. Тірі организм азотсыз өмір сүре алмайды,өсімдіктер,жан-жануарлардың денесін құрайтын клеткалар,оның құрамдас бөлігі протоплазма белок заттарынан,немесе құрамында азоты бар заттардан тұрады. Демек,белоксыз тіршілік жоқ.ал азотсыз белок жоқ.
Бактериялар арқылы азоттың қосылысқа түсуі өте баяу,қалыпты жағдайда жүзеге асады.Бактериялар азотты ауадан сіңіріп,өсімдіктерге қажетті түздарға айналдырады.Өсімдік топырақтағы азот тұздарын судың көмегі арқылы,басқада тұздармен бірге сіңіреді.
Құрамында азоты бар органикалық заттар өсімдіктен жануарларға,одан соң адам шіру,ыдырау процестерінің нәтижесінде топыраққа қайта оралады. Бірақ өсімдітер мен жануарлардың қалдықтарындағы барлық азот пайдаланбайды.Оның едәуір бөлігі атмосфераға оралады.Азоттың табиғаты осылай бір күйден екінші күйге үздіксіз өтіп отырады.Ол жай ғана күрделі белоктардың,өсімдік клеткасының цитоплазмаларының және нуклеин қышқылдары құрамына кіріп организмдердегі заттардың алмасуында басты рөл атқарады. Сонымен бірге хлорофилл, фосфатидтер, алколлидтар, ферменттер т.б органикалық заттардың құрамында болады. Азотты тыңайтқыштарды жеткілікті нормада қолданғанда организмдердің тіршілігі біраз уақыт ұзарып,қуатты сабақтары мен жапырақтары жақсы дамиды,әр жақсы түптенеді.Мұның өзі өнімнің жоғарлауына,белоктың кобеюіне жақсы әсер етеді.
Азоттың топырақтағы кездесетін негізгі түрлері – органикалық қосылыстар 94-95 процент,аммоний қосылыстарының формалары түрінде және алмаспай жинақталған сазды минералдардың 3-5 процент құрамында болады. Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы дақылдарын бір жерге еге беру азоттың жалпы қоры мен топырақтың құнарлығын кемітіп жібереді. Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қорын көбейтудің жолын атмосферадағы азоттың пайдалануынан да іздестірген жөн.Әр гектар жердін үстінде 80 мың тонна азоттың болатыны анықталады.Осы молекуляры азот бос күйінде болғандықтан өсімдіктер ішінде оны бұршақты дақылдардан басқасы пайдалана алмайды.
Табиғи жағдайларда топырақтағы азот қоры екі түрлі жолмен толықтырылады. Өзара байланысатын азоттың кейбір түрлері (аммиак,нитрат)найзағай ойнағанда,оның үстіне жауған жауын-шашынмен бірге әр гектар жерге 3-5кг келіп түседі. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданылатын тыңайтқыштардың тиімділігі белгілі нормаларда,қатынаста болуы қажет.Осыған орай азотты тыңайтқыштардың артық қолданылуы дақылдардың жатып қалуын көбейтіп,пісуін кешіктіреді,өнім құрамында нитраттарды нормадан тыс асырып су қоймалары мен жер асты суларын ластайды.Осыған байланысты азотты тыңайтқыштарда көп қолданатын жекелеген шаруашылықтар мен аймақтарда олардың ерігіштігін төмендету қажет.
Дәнді-дақылдардың өнімін жоғарлатуда азотты үстеп қоректендірудің маңызы зор.Ауыл шаруашылығы дақылдарына қолданатын азотты тыңайтқыштардың тиімділігі негізінен екі факторға –азоттың топырақтағы жылжымалы формалары мен ылғал қорына байланысты болады.Қазақстанның қара топырақтарының құрамында 0.6процент жалпы азот, 200-300мл –га жылжымалы түрлері болса, сұр топырақта 0.05процент жалпы азот және олардың жылжымалы түрлері 15-20мг-га болады. Осыған байланысты азотты тыңайтқыштардың қолданатын нормалары қара топырақтан күңгірт қара,қоңыр ,сұр топырақтарға қарай өсіп отырады.
Фосфордың тотыққан қосылыстары барлық тірі организмдер тіршілігінде маңызды роль атқарады. Бірде – бір тірі клетка фосфор қышқылының туындыларынсыз өмір сүре алмайды. Нуклеопротеиндердің, яғни ядро клеткасының бөлігінде фосфор қышқылы болады. Белокта нуклеин қыщқылының қосылыстары бар. Олар басқа органикалық қосылыстар тәрізді жоғары полимерлі коллоидтік мінез көрсетеді. Бұл күрделі қышқылдар рибонуклеинді (РНҚ) , дезоксирибонуклеинді (ДНҚ) болып келеді. Олар 4 негізгі компонеттерден ( нуклеотидтерден ) тұрады. Оның құрылымындағы заттар организмдердің тұқым қуалау қасиетін сақтайды және белоктардың, т.б. қосылыстардың түзілуіне үлкен ықпал етеді. Нуклеин қышқылының құрамында фосфордың тотығы 20 процентке дейін барады. Өсімдіктердің барлық органдарында әсіресе жас кезінде фосфор көп болады. Қанттың фосфорлы қосылыстары, немесе қант фосфаттары олардың дем алуына күрделі углеводтардың түзілуіне, және әр түрлі қосылыстарға айналуына үлкен ықпал етеді. Оның үстіне жекелеген углеводтарға қарағанда фосфорлы қосылыстар әр түлі химиялық реакцияларға өте бейім келеді. Сол сияқты фосфордың органикалық қосылыстардың арасында аденозин үш фосфор қышқылы (АТФ) органикалық қосылыстардың түзілуіне қажетті энергияларды сақтап жинақтайды. Олардың құрамындағы адениннің азотты негіздері, рибоза углеводтары үш негіздегі фосфор қышқылының қалдықтарынан тұрады.
Фосфордың минералды қосылыстары өсімдіктердің барлық органдарында, фосфорлы тыңайтқыштарды қолайлы нормаларда қолдануына қарамастан көп жинақталмайды. Бірақта топырақтарда жылжымалы фосфордың көп болуы немесе фосфорды дақылдарға кешіктіріп қолдану, азоттың т.б. қоректі заттардың жеткіліксіз болуы өсімдік құрамында фосфордың минералды қосылыстарын көбейтеді. Фосфор өсімдіктердің тұқымдарында, дәндерінде көп, сабандарында аз мөлшерде болады. Сонымен фосфорлы тыңайтқыштар өсімдіктердің өнімін және сапа көрсеткіштерін, суыққа және құрғақшылыққа төзімділігін арттырады. Мысалы, дәнді дақылдардың негізігі массадағы дәндерінің үлес салмағын, крахмал, белок т.б. қасиеттерін арттырады, жемістер құрамындағы углеводтарды , мақтаның талшықтарының қатылығын жоғарылатады.
Фосфорлы тыңайтқыштар фосфор қышқылды кальцийдің әр түрлі негіздерде алмасқандықтан мына төмендегідей топқа бөлінеді: суда еритін 1 негізде алмасқаны, суда нашар еритіні (суда ерімей, әлсіз қышқылдарда еритін) 2,3 негізде алмасқан суда ерімей әлсіз қышқылдарда нашар еритін тұздар түзілмесе, әрі көп пайдаланбайды. Топырақтың қышқылдығы болған жағдайда суда еритін тұздар түзілмесе, әрі көп ыдырамаса жалпы фосфорлы рудаларды суда еритін күйдегі қосылыстарға айналдыру керек.
Фосфорлы тыңайтқыштарды көрсетілген мөлшермен, тәсілдермен қолдану солтүстік облыстардағы егілген жаздық бидай өнімдерін өсіретіні анықталды. Кәдімгі қара топырақта 1,5 – 3,1 ц, оңтүстіктің қара топырағында 1,2 – 2,1, күңгірт қара топырақта 1,1 – 1,5 ц қосымша өнімдер алынды. Ал кейбір дақылдар, мақта, жүгері, күнбағыс қатарлап сіңірілетін фосфорлы тыңайтқыштардың мөлшерін көп қолданса, жандырып жібереді. Сондықтан оларды қолданғанда 7,5 – 10 кг/га арттырмау керек. Ал қант қызылшасы, картоп, т.б. 20 кг фосфорлы тыңайтқыштарды қатарлап енгізуге болады. Егістіктереде егілетін дақылдарға фосфорлы тыңайтқыштарды қатарлап енгізгенде мынадай ережелерді еске ұстауды қадет етеді. Тұқым мен қолданылатын тыңайтқыштар құрғақ, түйіршіктер жеткілікті түрде қатты, майдаланбайтын, бейтарап әлсіз қышқылды болғанда ғана қолдану керек. Мысалы, суперфосфат қышқылды болса 2 сағат ішіне араластырылған жағдайда күздік бидайдың түсімін төмендетеді. Төмен болса оларды дәндерді себер алдында 4 – 8 сағат, бейтарап болса бір тәулік бұрын араластырып қолдануға болады. Фосфор тыңайтқышын 15 кг/ га мөлшерінде қатарлап беру, әр түрлі дақылдарға қолданған 45 кг/га Р2О5 фосфорлы тыңайтқыштарына тең болады. Жоғарғыда аталған фосфорлы тыңайтқыштарды аз мөлшерлерде қолдану өсімдіктердің алғашқы көктеп шығу езінде жағдайларын жақсартса, негізгі тыңайтқыш ретінде жерді жыртар алдында беру олардың вегетациялық даму кезендерін толық қанағаттандыру үшін қолданылады. Мұндай жетімсіздік фосфордың суда ерімейтін формаларында, еритін қосылыстарға айналуы ақырын жүрген кезде байқалады. Оларды қолдануды негіздеудің мынадай факторларын ескеру қажет. Енгізу мезгілдері және тереңдігі, формалары (ерігіштігі) нормалары және басқа тыңайтқыштармен араластырып қолдану мүмкіншілігі, қышқылдық ортасы, бейтарап топырақтарда суда еритін фосфор қышқылдары тұздарының қолдану мерзімдері үлкен роль атқармайды, әрі олардың сілтіленіп жоғалуы байқалмайды, ал химиялық байланысуы кальцийдің дифосфаты түзілуімен шектеледі де өсімдіктер жақсы пайдаланады.
Калийлі тыңайтқыштардың топырақпен әрекеттесуі. Калийлі тыңайтқыштар суда жақсы ериді. Топыраққа енгізілген калийдің ионы топырақтың коллоидты бөлігімен физика-химиялық жолмен және алмаспайтын формаларда сіңіріледі. Калийдің алмаспай топырақта сіңірілуі калиий енгізілгеннен кейін бір тәулікте өтеді. Барлық сіңірілу сыйымдылыған алмасып сіңірілетін калийдің үлес салмағы ¼ болады. Топырақта өтетін калийдің физика-химиялық (алмасып) сіңірілу процесі реакция қатарына жатады. Мұнда сутек және Аl иондарының пайда болуы топырақта қышқылды орта туғызады. Калий топырақта алмасып сіңірілгенде топырақтың сіңірілген комплексіндегі басқа катиондармен (сутек, алюминий, кальций, магний, марганец) алмасуы эквивалентті түрде өтеді. Мұның өзі топырақ реакциясының ортасына, өсімдіктердің қоректенуіне әр түрлі жағдайлар туғызады. Калийлі тыңайтқыштар өзінің әрекеті жағынан физиологиялық тыңайтқыштар болғандықтан өсімдіктер сулы ерітінділерде калийдің катионының Сl және SO 2/4 аниондарына қарағанда жақсы пайдаланып, топырақтың сіңірілген комплексінде иондармен әрекеттесіп топырақ ерітінділерінде қышқылды орта туғызады. Алмасу реакциясының нәтижесінде тұз және күкірт қышқылдары түзіледі. Алмаспай сіңірілген (фиксациясы) калийдің әр түрлі топырақтардағы мөлшері жоғары болып келеді (80% дейін). Калийдің мұндай түрде сіңірілуі өсімдік үшін онша маңызды емес. Калийдің катионы ылғалданып, бөртілген топырақ бөлшектерінің арасындағы кеңістікке кіргенде теріс зарядталған оттек атомдары жан – жағынан тетраэдр қабаттарын түзеді. Мұндай жағдайларда калийдің жинақталуы жоғарлайды. Сонымен бірге топырақтарды құрғату және ылғалдау жұмыстарының қайталануы фиксациялауды өсіріп отырады. Топырақтағы калий қосылыстардағы өзгерістерді мына схемада келтіруге болады. Кристалл торындағы калий – алмаспайтын калий ↔алмаспайтын калий↔ топырақ ерітінділеріндегі калий. Калий тыңайтқыштарды топырақ бетіне енгізуге болмайды. Оларды сүдігерді жыртар алдында күзде жеткілікті мөлшерде және артық ылғалданған топырақтарға көктемде беріледі. Терең өңделемеген топыраққа егілген дақылдарды үстеп қоректендіру, оларды негізгі енгізуге қарағанда тиімділігі жоғары болмайды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына калийлі тыңайтқыштарды қолданудың ерекшеліктері. Ауыл шаруашылығы дақылдарына калийлі тыңайтқыштарды қолдану да топырақтың механикалық құрамы, жылжымалы түрлерінің мөлшерлері, дақылдардың биологиялық ерекшеліктері, әр гектардан алынатын жоспарланған өнім деңгейлері ескеріледі. Олардың тиімділігі құрғақ, шалғынды күлгін, шымтезекті батпақты сары және қызыл топырақта сол сияқты суармалы және ертеден пайдаланып келе жатқан сұр топырақты жерлерде жоғары болады. Ал қара сұр, қара қоңыр топырақты жерлерде тиімділігі онша көп болмайды. Сортаң жерлердің топырақтарында , олардың тұздануын өсіретіндіктен көп қолданбайды. Топырақтағы калийдің жылжымалы формаларын өсімдіктердің барлық түрлері пайдаланады. Сонымен бұл тыңайтқыштардың топырақтың төменгі горизонттарына мигарациялануы (қозғалуы) құмдық топырақтарға қарағанда жорғары болмайды. Ал механикалық құрамы жағынан орташа және ауыр болып келетін топырақтарда қолданатын калийді тыңайтқыш олардың қышқылдық ортасын көп сілтілендірмейді. Мұның өзі өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай туғызады. Қара топырақтарда 12 кг/га, қызыл топырақта 40 кг/га болады. Сонымен калийлі тыңайтқыштарды қолдану, олардың аз қозғалуынан тиімділігі қолайлы қатынаста азотты, фосфорлы т.б. тыңайтқыштарды қолданғанда байқалады. Ал бір ғана калийлі тыңайтқыштарды қолдану құрғатылған шымтезекті, шымтезекті-батпақты топырақтарда барда қоректі элементтер жоғары болғанда жүргізеді. Құмдақ, шымтезекті-батпақты топырақтарда калийлі тыңайтқыштарды көктемгі жер жыртар алдында, ал суармалы жеңіл топырақтарда олардың аздаған бөлігін үстеп қоректендіру арқылы да беруге болады. Көптеген дақылдар күнбағыс, темекі, көкөніс, қант қызылшасы мал азығындық тамыр жемістілер, сүрлемдік, жеміс жидекті дақылдар калийді жақсы пайдаланатындықтан бірінші кезекте калийлі тыңайтқыштар жоғарыдағы аталған дақылдарға беріледі. Дәнді дақылдар қант қызылшасы, мал азығындық тамыр жемістілерге т.б. құрамында хлоры бар тыңайтқыштардың ешқандай зияны байқалмайды. Әрі олардың құрамында натрий болса олар шикізат есебінде, немесе хлорлы калийлі тыңайтқыштармен араластырып беріледі. Ал хлорға сезімталдығы жоғары дақылдарға қарағанда неғұрлым хлорлы азын мысалы, картопқа күкірт қышқылды калий, калимагнезия сіңіріледі. Ал карбонатты (әкті) топырақта кальцийдің көп болуы қолданылған калийлі тыңайтқыштардың құрамында антогонистік қарама-қарсы қасиеттер көрсететіндіктен өсімдіктердің калийлі тыңайтқыштар құрамындағы пайдалану коэффициенті әр түрлі климат-топырақтарда кең көлемде өзгеріп , ауытқиды (12 – 15%) . Енгізілген жылы калийді пайдалануы көбінесе 40 процентке, ал калийді сүйетін отамалы дақылдар үшін одан да жоғары болады.
Микротыңайтқыштар. Ауыл шаруашылығында қолданылып келе жатқан химиялық элементтер арасында бор, марганец, мырыш, мыс, молибден, кобальт жер қыртысындағы өсімдіктер мен басқа да тірі организмдер құрамында аз болғандықтан микроэлементтер қатарына қосылады. Жер жыртысында олардың басым көпшілігі қосылыстар күйінде, ал кейбіреулері ( мыс, кобальт) бос күйінде де кездеседі. Сондықтан кез келген микроэлементтер әр түрлі топырақтарда өсетін өсімдіктердің өзіне тән және физиологиялық жеке роль атқарады. Бір микроэлементтің әсері екінші микроэлементтің орнын толтыра алмайды. Микроэлементтерді егіншілікте қолданудың теориялық және практикалық негіздерін жасауға, олардың жекелеген түрлерінің өсімдіктердің тіршілігінде қандайлық физиологиялық роль атқаратының түсіндіруге негіз қалады.
Қандай макро және микроэлементтердің топырақтарда ауытқымалы мөлшерде болуы биогеохимиялық аммиак деп аталады. Топырақтағы белгілі макроэлементтердің нормадан тыс ауытқуы байқалатын аудандардағы адам мен мал ауруларына қарсы күресте үлкен роль атқарған. Белгілі географиялық аймақтарда өсетін өсімдіктерде бірқатар өзгеше өзгерістер (биологиялық реакция) білінеді. Бұл өзгерістер ауру сипатын өзгертеді, кейде тіпті өсімдіктердің тіршілігін жойып, олардың ерекше жағдайларға бейімделу процесіне әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде сол аймақта ғана әдеттен тыс құбылыстар дамиды. Мұның өзі топырақтардың қандай микроэлементтерге бай және кедей екендігін олардың әртүрлі геохимиялық аймақтарда орналасуын, микроэлементтерді ауыл шаруашылығына тиімді қолданудың әдістерін анықтауға, әрі оны болашақта жоспарлауға көмектеседі.
Егістікке шашылатын көң құрамында көптеген микроэлементтер бар. Аткирсонның (1931) зерттеу жұмыстарының қорытындылары көрсеткеніндей 1 кг көңде құрғақ заттарға шашқанда бор 4,5 – 52мг , марганец 75 – 549, кобальттың 0,25- 4,7, мыс 7,6- 40,8, мырыш 43-247, молибден 48-4,18 миллиграмдай болады. Сол сияқты біздің республикада түсті қара металлургияның қарқынды дамуы олардың қалған қоқыстарын микро тыңайтқыштар ретінде пайдалану кеңінен өріс ашты.
Борлы тыңайтқыштар топырақ құрамында бордың әртүрлі болуы мен оны өсімдіктердің пайдалануы біркелкі болмағандықтан олардың қорын түрліше дәрежелерде үнемі кемітіп отырады. Өсімдіктерден борды ең көп пайдаланатыны қант қызылшасы, одан кейінгі мал азығындық, тамыр жемісті, картоп, көкөніс, сондай-ақ дәнді дақылдар болып табылады. Борлы тыңайтқыштардың қолданудың тағы да бір тиімді әдісі – тұқымды олардың ерітінділеріне салып өңдейді.
Марганец тыңайтқыштар. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы дақылдарына күкірт қышқылы марганец тұзы, марганецтің өнеркәсіптік қалдықтары, марганецтелген суперфосфат ертеден қолданылып келеді. Көптеген зерттеу жұмыстарының қорытындылары бойынша, олар қант қызылшасының дәнді дақылдардың картоп, темекі, мақта, көкөніс т.б. өнімдерін арттыруға болатындығын көрсетеді. П.А.Власюктің күлгін топырақта егілген қант қызылшасының өнімін 14-21 ц, қанттылығын 0,1-0,3 порцентке өсіріп, олардың әсері азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштардан кем түспейді. Оларды басқа микротыңайтқыштар тәрізді әртүрлі тәсілдерде қолдануға болады. Егер де марганецті тыңайтқыштарды жерді жыртар алдында бергенде өнімін 3 ц, олардың 0,5-0,1 проценттік ерітіндісімен үстеп қоректендіргенде 7,7 центнерге арттырды.
Жерді жыртар алдында марганецті тыңайтқыштарды қолданғанда күздік өнімін 3-2 ц, жаздық бидайды 2,2, арпаны центнерге арттырды.
Мысты тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштарды құрғатылған шым тезекке бай жерлерді егістікке айналдыру үшін пайдаланылады. Бұл жерлерде олардың жылжымалы түрлері өте аз болады. Күкірт қышқылы мыс тұзы пирит колченданымен қағаз цилиоза өнеркәсібінің қалдығы мыс тұзының ұнтақталған талькпен бірге пайдаланылады.
Мырышты тыңайтқыштар. Біздің елімізде мырышты тыңайтқыштар күкірт қышқылы мыс тұзы мен мырыш тұзын ұнтақтау арқылы техникалық тальктен пайдаланылады. Болашақта мырышты тыңайтқыштардың органикалық қосылыстары дайындалып келеді. Мырышты ауыл шаруашылығы дақылдарына микро тыңайтқыштар есебінде кең көлемде совет ғалымдары П.А.Власюк, И.К.Онишенконов басшылығымен 1930 жылдардан бері қолданылып келеді.
Молибденді тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштар молибден қышқылы аммоний, молибденді аммонийлі натрий, электролампа өндірісінің қалдықтары молибден және қос суперфосфат пен араластырған қосылыстары түрлерінде шығарылады. ХХ ғасырдың басында молибден қосылыстарының ауыл шаруашылығы дақылдары өнімдерін жоғарылататынын алғаш ашқан академик Д.Н.Прянишников болды. Молибден қышқылды аммоний тұзы суда жақсы еритіндіктен жерде тұқым себер алдында өңдейді, немесе дақылдардың өсіп –өнуі кеңінен үстеп қоректендіру арқылы тыңайтады. Тұқым себер алдында өңдеу 1центнер асбұршақ пен сиыр жоңышқаға 20-26 грамм, мақта, бөрібұршақ, мал азығындық бұршақ өсімдіктеріне 30-50, беде, жоңышқа, көкөністі дақылдарына 600-500 грамм мөлшерден молибден қышқылының тұздерын араластырады. Тұқым ірі дақылдардың 1 центнеріне 2 литр, тұқымына майда дақылдарға 5 литр су араластырылады. Үстеп қоректендіргенде 100-200 гр молибден тұзын 200-400 литр суда ерітіп қолданады.
Кобальтті тыңайтқыштар. Бұл тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдары өніміне әсері киінгі 20-30 жылға ғана белгііл болды. Сондықтан басқа микротыңайтқыштармен салыстырғанда онша көп қолданылмайды. Тыңайтқыштар ретінде кобальттың хлорлы, сульфатты, ниратты таза қосылыстары осы тұздардың суперфосфатпен қоспалары белгілі. Кейбір өнеркәсіп қалдықтары да осы мақсатта пайдаланып келеді. Кобальттың тағы бір маңыздылығы адамдар мен мал организдеріндегі әртүрлі физиологиялық процестерді тездетуі. Кобальттың мал азығында болмауы олардың авитаминоз ауруына ұшырауына витамин В12 синтезінің бұзылуына әкеліп соғады. Қазіргі кезде мал азығында кобальттты аймақтарда олардың тұздарының қосындысын белгілі рационды қосады немесе құрамында аз топырақтарда егілетін дақылдарды кобальт тыңайтқыштарымен тыңайтады. Біздің елімізде әртүрлі биогеохимиялық аймақтарда макроэлементтерге жасалған картогрммаларды көрсетілгендей кобальттың жалпы жылжымалы түрлері құрғақ далалық шөлейт және жартылай шөлейт жерлерде аз күйінде, Кольск түбегі, Кавказда, Донецк бассейні топырақтарында көп болады.
Органикалық тыңайтқыштар ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнім алу үшін аса маңызға ие.Органикалық тыңайтқыштарға сабан,көн,құссанғырғы,өнеркәсіпқалдықтары,жасылтыңайтқыштар,бактериалды тыңайтқыштар жатады.Көң көбіне жартылай қызған кезде кез-келген ауыл шаруашылық дақылдарына,әсіресе вегетациялық өсу дәуірі ұзақ болатын және алынатын өнімі тыңайтқышқа тікелей байланысты дақылдарға беріледі.Қышқылды күлгін топырақтарда егілетін көп жылдық шөптерге көңді қолдану әкпен және фосфорлы –калийлі тыңайтқыштармен ұштастырылады,ал отамалы және дәнді дақылдарға жерді көктемде,күзде сүдігерге жыртар алдында беріледі,
Көңнің сапасы мен басты көрсеткіштерінің бірі көміртектің азотқа (C:N) қатынасы мен жалпы азот қоры болып саналады.Көң құрамындағы жалпы азоттың қоры абсолюттік құрғақ массаға есептегнде 2 проценттік көміртегінің азотқа қатынасы 20:1 –ден аспаса кез-келген дақылдарға қолдануға болады.
Сабан құрамында орта есеппен 0,5 процент азот,0,25-Р2О5 және 0,8 процент калий бар.Көптеген шаруашылықтар мал азықтарын дайндау жоспарларын орындаған жағдайларда,шаруашылықтарда жиналған сабандар пайдаланылмай қалады.Мұндай жағдайларда оларды малға төсеніш және орылып болған егіс алқаптарына тыңайтқыштар ретінде қолданады.Ол үшін тыңайтқыш арасында сабанды (азотты,фосфорлы және сұйық тыңайтқыштар мен бірге)майдалап,топырақ бетінде бірдей тепе-теңдікте шашып тастайды.Мұның өзі топырақтағы ылғал қорын сақтауға,олардың ағып кетпеуіне физика-химиялық қасиеттерін жақсартып,су және жел эрозиясынан қорғап,құрылымын едәуір дәрежелерде жақсартуға ықпал етеді.Соныман сабанды азотты,фосфорлы тыңайтқыштар мен бірге жерді жыртар алдында енгізу көптеген алқаптарда көңнің жетіспеуіне байланысты топырақ құрылымын,құнарлығын сақтауда шешуші рөл атқарады .Сабанды әуелі қыршуышпен 5-7 м тереңдікке сіңіреді де одан әрі терең етіп жыртып тастайды.
Құс саңғырығы.Қазіргі Қазақстанның құс фабрикаларында 400 мың тонна құс саңғырығы жинақталады да,оның құрамында қоректік заттар қоры 2-2,5 мың тонна көңге бара-бар болып саналады.Бір жылда100 тауықтан 6-8 ц, үйректен 8-10 және қаздан 10- 12 ц саңғырық алынады.Олардың құрамында қоректік заттар қоры құстардың жемделуіне,түрлеріне қарай өзгеріп отырады.Құс санғырағы жаңадан дайндалған кезде азоттың формаларының ұшуы байқалмайды.Алайда сақталу мерзімі ұзарған сайын олардың жоғалуы да ұлғая бастайды.Зәр қышқылы көмір қышқылды амонийге,одан әрі көмір қышқылы амиакқа ыдырап кетеді.Сақталған көңдегі азоттың жоғалуы 1,5-2 ай ішінде 38-60 процент аралығында ауытқып тұрады.Олардың оңдап жоғалмалы болдырмау немесе біршама кеміту үшін барлық массаның ішінде 7-10 пройент ұнтақталған суперфосфат немесе 25-50 процент құрғатылған,шіріген көн араластырады.Құстың саңғырығы мен шым тезекті арнаулы қазылған бетондалған шұңқырларға салып, олардың әрбір тоннасына 50 кг фосфогибс араластырғанда құрамындағы азоттың жоғалуы 10 есе төмендеп,жағымсыз истері болмаған.Сол сияқты бастапқы санғырық құрамында ағаш үлгілерін қосқанда, азоттың жоғалу ы онша көп байқалмайды.
Қорытынды
Тыңайтқыштарды ұтымды және тиімді пайдалану үшін, ең алдымен өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін, соның ішінде қоректік элементтерді пайдалану деңгейін, екіншіден өсімдіктен алынатын өнім мөлшерін, оның ішіндегі элементтердің мөлшерін алдын-ала болжау қажет. Осыған байланысты әртүрлі топырақ құрамындағы элементтер мөлшері олардың қосындылар құрамындағы күйлерін, яғни сіңгіштік деңгейін анықтау керек.
Фотосинтез процесінің тиімділік коэффициентін 4-5% -ке жеткізіп, ауылшаруашылық дақылдарынан алынатын өнімді көбейту үшін өзара тығыз байланысты екі жағдайды қамтамасыз ету қажет, олардың біріншісі, өсімдікпен сумен қалыпты мөлшерде қамтамасыз ету, екіншісі минералдық қорекпен әсіресе азотпен мол, жеткілікті қамтамасыз ету.
Өсімдік дамуының алғашқы сатыларында негізгі тұқым құрамындағы қоректік заттар қорын пайдаланып, органикалық заттарды айтарлықтай мөлшерде түзе алмайды. Тұқым толық өніп, жас өскіндер қалыптасқаннан кейінгі сатыларында өсімдіктің минералдық элементтерді пайдалануы біртіндеп үдей түседі де, бүкіл жер үстілік мүшелері мен тамыр жүйесі толық қалыптасып, өсу процестері өте қарқынды жүретін және көбею органдары қалыптасқан кезеңдерде өсімдіктің қоректік заттарды пайдалануы ең жоғарғы деңгейге жетеді. Органикалық заттардың жинақталауы тоқтағасын өсімдіктің қоректік заттарды пайдалануы күрт төмендейді, кейде керісінше олардың біразы топыраққа бөлініп шығады.
Топырақтың сіңіре алу биімділігі физика-химиялық сіңірумен шектеледі. Физика-химиялық сіңіруді суда еріген минералды элементтердің катиондарымен топырақтан катиондардың бір бөлігінің алмасуы арқылы жүзеге асады. Топырақ тек катиондарды ғана емес, аниондарды да сіңіреді. Топырақтың сіңіре алу биімділігі әртүрлі топырақта әрқилы болады. Сонымен бірге сіңіру топырақтағы органикалық заттармен шектеледі. Топырақта неғұрлым органикалық заттар мол болса, соғұрлым катиондар мол сіңіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Елешов.Р., Бекмағамбетов. А. Агрохимия, Алматы, 1989 ж.
Асанов Жуматай. Химияның ауыл шаруашылығындағы рөлі. Алматы 1977 ж.
Елешов Р. Смағұлов Т. С. Балғабаев Ә. Агрохимия және тыңайтқыш қолдану жүйесі, Алматы, 2000 ж.
Агрохимия (пол ред. Б. А. Ягодина ) – М., 1989
Достарыңызбен бөлісу: |