Экстероцептiк түйсік Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз байланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық (дистантные) жəне түйiсу (контактные) түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.
Экстероцептік түйсiктер тобы Түйiсу түйсiктерi əсерлердiң дене бетiне немесе сезу мүшелерiне тiкелей жанасуынан iске қосылады. Мұндай түйсiктердiң мысалы ретiнде терi сезуi мен дəм сезуiн келтiруге болады.
Аралық түйсiктерi тiтiркендiргiштердiң сезiмтал мүшелерге бiршама қашықтықтан əсер етуiнен туындайды. Бұл топқа жататындар: иiс сезу, есiту жəне көру түйсiктерi.
Генетикалық жіктеу Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық өте қарапайым, шарпулы (аффекттi), толық жiктелiп, мекенделмеген органикалық сезiмдер (ашығу, шөлдеу жəне т.б.); 2) эпикритикалық жоғарғы дəрежеде жiктеуге келетiн, себепсалдарлы жəне рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.
Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.
Идентификация - бұл тікелей қабылданатын объектіні жадта сақталған кескінмен сәйкестендіру немесе бір уақытта қабылданған екі объектіні сәйкестендіру.
Адамдар бір ақпаратты өздерінің қызығушылықтарына, қажеттіліктеріне, қабілеттеріне және т.б. байланысты субъективті түрде әр түрлі қабылдайды. Қабылдаудың адамның психикалық өмірінің мазмұнына, оның жеке басының ерекшеліктеріне тәуелділігі апперцепция(өткен тәжірибеге негізделуі)деп аталады.