Реферат Тақырыбы: Томирис патшайым Орындаған: аі 21-1,1 курс студенті Қайсар Дария


Массагеттердің патшайымы – Томирис



бет2/4
Дата23.02.2022
өлшемі57,31 Kb.
#26250
түріРеферат
1   2   3   4
Массагеттердің патшайымы – Томирис

Аты аңызға айналған  Томирис  VI ғасырдың басында массагеттердің патшасы болған Спаргапистің отбасында дүниеге келген. Анасы сәби кезінде қайтыс болғандықтан, Томирис әкесінің қамқорлығында болды. Патшаға  өзінің тақ мұрагері қыз екендігі қатты алаңдатпады. Өйткені сол уақытта көрші савроматтарда әйел адам ел басқарып, түрлі шайқастарда халқы мен жерін жаудан қорғап отырған. Сондықтан Спаргапис патша қызын кішкентайынан нағыз ержүрек, батыл әрі кез келген уақытты шешім қабылдайтын қайсар қыз ретінде тәрбиеледі. Тіпті соғыс тактикасын да үйрете бастады. Осылайша ел тізгіндейтін болашақ патшайым бес жасында асау атқа мінсе, алты жасында қолына семсер ұстауды үйренген. Ал он үш жасында Томирис қылыштасу мен  найза атудың қыр-сырын меңгеріп алған. Сонымен қоса, ат жарыстарда оның баптаған тұлпары әрқашан бірінші келіп жүріпті.

Патша қызының бірбеткей мінезіне қарамастан, оған данагөй тәлімгер бола білді. Тіпті оны өскенде бүтіндей бір халықты басқаруға қабілетті патшайымның рөліне дайындай бастады.

Билік басына келген кезде Томирис патшайым болудың ауыртпалығын сезінді. Осы уақытта тайпа көсемдері ел тізгіндегін жаңа патшайымды тақтан құлатуды армандап, түрлі қитұрқы істерді ойластырады. Ал Томирис болса бала кезінен әкесінің үйреткен сабақтарын еске түсіре отырып, ақыл-ой мен айла, сұлулық пен сүйкімділікті пайдаланып, мәселелердің шешу жолдарын тауып отырды. Әскер және қорғаныс саласына үлкен өзгеріс әкеледі. Жауынгерлердің басынан аяғына дейін  сауыт-саймандар кигізіп, жылқыларына дейін құрышпен қаптап шығады. Томирис сонымен қатар алғаш рет ысқырықты жебені пайдаланған адам делінеді. Тек қана қыздардан құралған жасақ құрған. Осындай жұмыстардың арқасында көп ұзамай таспалардың арасындағы алауыздықты жойып көрші елдермен болған ірі-ірі шайқастарда үлкен-үлкен жеңістерге жетеді. Өзінің шынында да ел бастауға лайық екендігін дәлелдеп береді. Осыдан кейін сақ тайпалары бірауыздан Томиристің билігін мойындап, артынан ерген.

4

Тиграхаудтардың патшасы  қайтыс болғаннан кейін Рүстем тақтан өз еркімен бас тартып, билік тізгінін ағасына бергені Томириске ұнамады. Осы уақытта патшайым ұл босанып, оған әкесінің құрметіне Спаргапис деген ат қояды. Массагеттердің патшайымы нағыз әйелдік айла-тәсілі және  арамдығымен



жауларының ең жақсы әрі пайдалы тұстарын бойына сіңіре білді. Осы кезде мықты соғыс стратегіне айналған Томирис көршілерімен болған ірі-ірі шайқастарды бірінен соң бірін жеңген еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет